«Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 169 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 17 шілдедегі № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 155) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігін ұсыну нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларында:
4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Есептілік қағаз немесе электронды түрде есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын беріледі.
5. Есептілік мынадай ақпаратты қамтиды:
1) ойын бизнесін ұйымдастырушының бизнес сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы;
3) қызмет түрі;
4) заңды мекен-жайы;
5) есепті кезеңнің басындағы ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер;
6) есепті кезеңнің соңында ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер;
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг