<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН Ү...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 Қаулысы

(2016.26.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен тықырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

  • Показать изменения

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 15) тармақшасына, «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

1-1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары айқындалсын.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

2) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 22, 270-құжат);

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 144-құжат).

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 11 маусымдағы

№ 573 қаулысымен

бекітілген

 

 

  • Показать изменения

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу

  • Показать изменения

қағидалары

 

  • Показать изменения

1. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1. Осы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 15) тармақшасына, «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес әзірленді әрі «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1154 Қаулысымен (2016 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.26.03. № 158 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

  • Показать изменения

1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасы азаматтарының күндізгі оқу нысаны бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқуы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын қызметкерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;

  • Показать изменения

2) «Болашақ» стипендиясының әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) - шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым;

  • Показать изменения

3) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын, кемінде 2 (екі) жыл ғылыми немесе педагогикалық жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі — ғылыми-педагог қызметкерлер санаты);

  • Показать изменения

4) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде инженерлік-техникалық қызметкерлер болып табылатын, өндірісте кемінде 2 (екі) жыл жалпы, соңғы 12 айды қоса алғанда, жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі — инженерлік-техникалық қызметкерлер санаты);

  • Показать изменения

5) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасы ұйымдарының ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық не медицина қызметкерлері болып табылатын кемінде 3 (үш) жыл жалпы, оның ішінде мамандығының таңдаған саласында соңғы 12 (он екі) ай жұмыс өтілі бар тағылымдамадан өтуге үміткерлерге (бұдан әрі — тағылымдамаға үміткерлер санаты);

  • Показать изменения

6) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде мәдениет қызметкерлері, мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері болып табылатын, мәдениет ұйымдарында кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі — мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты);

  • Показать изменения

7) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері болып табылатын, бұқаралық ақпарат құралдары саласында кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі — бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы қызметкерлер санаты) тағайындалады.

  • Показать изменения

8) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия - «Болашақ» стипендиясы мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - Республикалық комиссия);

  • Показать изменения

9) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Жұмыс органы).

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 175 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.26.03. № 158 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

3. «Болашақ» стипендиясы дербес болып табылады және оны Республикалық комиссия:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының конкурсқа қатысу сәтінде не кейінгі жылдары бекітілген конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында олардың «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі - басым мамандықтар тізбесі) сәйкес магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуы, резидентурада оқуы үшін күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы;

  • Показать изменения

2) Конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының және олардың жанындағы медициналық мекемелердің базасында басым мамандықтар тізбесіне сәйкес шетелдік ұйымдарда, сондай-ақ танымал әлемдік, өңірлік ғылыми-зерттеу орталықтарында, компанияларда және салалық ұйымдарда он екі айға дейінгі мерзіммен (тілдік курстардан өту мерзімдерін қоспағанда) Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан Республикалық комиссия айқындайтын қызметкерлер санаттарының тағылымдамадан өтуі мақсатында тағайындайды.

  • Показать изменения

Балдар тең түскенде Президенттік олимпиада жеңімпазының ғылыми жетекшісі тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» стипендиясын тағайындауға басым құқыққа ие болады.

  • Показать изменения

Конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін (бұдан әрі - Тізім) Жұмыс органы бекітеді.

  • Показать изменения

Басым мамандықтар тізбесін жыл сайын Жұмыс органының ұсынуы бойынша Республикалық комиссия бекітеді.

  • Показать изменения

Басым мамандықтар тізбесін «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын өтінімдер негізінде Жұмыс органы әзірлейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.26.03. № 158 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

4. «Болашақ» стипендиясы мынадай санаттарға:

  • Показать изменения

1) академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын, кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлерге (бұдан әрі - өз бетінше түскендер санаты);

  • Показать изменения

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде соңғы он екі айды қоса алғанда, мемлекеттік қызметте кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметші болып табылатын, магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - мемлекеттік қызметшілер санаты);

  • Показать изменения

3) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын, кемінде 1 (бір) жыл ғылыми немесе педагогикалық жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - ғылыми-педагог қызметкерлер санаты);

  • Показать изменения

4) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде ағымдағы жылы өздері бітіріп шыққан Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - жоғары оқу орындары түлектерінің санаты);

  • Показать изменения

5) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру кезінде Қазақстан Республикасы ұйымдарының Республикалық комиссия айқындаған қызметкерлер санатына жататын, кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде мамандығының таңдаған саласында соңғы 12 (он екі) ай жалпы жұмыс өтілі бар тағылымдамадан өтуге үміткерлерге (бұдан әрі - тағылымдамаға үміткерлер санаты);

  • Показать изменения

6) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған кезде мәдениет қызметкерлері, мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері болып табылатын, мәдениет ұйымдарында кемінде бір жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты);

  • Показать изменения

7) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған кезде бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері болып табылатын, бұқаралық ақпарат құралдары саласында кемінде бір жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы қызметкерлер санаты) тағайындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін Жұмыс органы жыл сайын бекітеді және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын орналастырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. «Болашақ» стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және «Болашақ» стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру бойынша, оның ішінде «Болашақ» стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету, үміткерлердің мемлекеттік және шет тілдерін білу деңгейін анықтау, олардың оқуға қабілеттілігіне психологиялық диагностика жүргізу, пәндік емтихандарды өткізу бойынша отандық ұйымдардың, шетелдік жоғары оқу орындарының, сондай-ақ шет мемлекеттердің уәкілетті органдары айқындайтын шетелдік ұйымдардың осы Қағидаларда көрсетілген қызметтерін жүзеге асыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстарды төлеуді, шетелдік әріптестердің қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары бойынша шығыстарды (бұдан әрі - Жұмсау бағыты) төлеуді қамтиды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 175 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7. «Болашақ» стипендиясы тағылымдамадан өту, әрбір дәрежені (магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор) алу, резидентурада оқу үшін бір рет тағайындалады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу тәртібі

 

  • Показать изменения

2.1. «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі

 

  • Показать изменения

8. Конкурсқа қатысуға жоғары арнаулы білімі, бакалавр дәрежесі немесе осы Қағидалардың шарттары мен талаптарына сәйкес құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 175 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1154 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9. Мыналар конкурсқа қатысу шарты болып табылады:

  • Показать изменения

1) өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін:

  • Показать изменения

Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында

  • Показать изменения

академиялық бағдарламаларда оқитындар — бүкіл оқу кезеңіндегі үлгерімінің орташа балының Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орнында белгіленген бағалар жүйесіне сәйкес кемінде «жақсы» деген бағаға сәйкес болуы;

  • Показать изменения

магистр, философия докторы (РШ), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға — бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.0 (4.0/4.33-ден) ОРА балға немесе Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесіне (бұдан әрі — бағалар баламалығы кестесі) сәйкес оның баламасына сәйкес болуы;

  • Показать изменения

2) мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін — бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 3.0 (4.0/4.33-ден) ОРА балға немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына және осы диплом бойынша мамандықтың Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі — мәндес мамандықтар тізбесі) сәйкес шетелде оқу үшін таңдап алған мамандыққа сәйкес болуы;

  • Показать изменения

3) мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін — бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 3.0 (4.0/4.33-ден) ОРА балға немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес болуы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 175 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1154 Қаулысымен (2016 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

10. Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды:

  • Показать изменения

1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген үміткерлер үшін, оның ішінде конкурсқа философия докторы (РЮ), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкер арасынан өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін — Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімін (бұдан әрі — өтінім);

  • Показать изменения

2) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген үміткерлер үшін (осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес конкурсқа философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін мемлекеттік қызметшілер, ғылыми немесе педагог қызметкер арасынан өз бетімен түскендер және өтінім ұсынған санаты бойынша қатысатын үміткерлерді қоспағанда) жұмыс берушінің ұсыным хатын;

  • Показать изменения

3) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1154 Қаулысымен алып тасталды (2016 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу/тағылымдамадан өту елінің негіздемесі көрсетілген жеке көзқарастар мен пікірлер суреттелген еркін нысандағы уәждемелік хат;

  • Показать изменения

5) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы;

  • Показать изменения

6) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін. Түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады;

  • Показать изменения

7) қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін (тағылымдамаға үміткерлер қосымшаны ұсынбайды), сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса — білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;

  • Показать изменения

8) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы;

  • Показать изменения

9) осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңдері үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелерін. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;

  • Показать изменения

10) тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымдардың мемлекеттік не орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептеулерді ашып жазумен) көрсетілген сөзсіз шақыруын (қаржылық шарттар мен талап етілетін деңгейге дейін шет тілін білу деңгейін арттыру шарттарын қоспағанда) растайтын құжаттардың көшірмелерін;

  • Показать изменения

11) тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар Жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес жасалған және тағылымдамаға жіберетін және қабылдайтын ұйымдар бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасын;

  • Показать изменения

12) өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар бағдарламаны, мамандықты және оқу кезеңін көрсете отырып, академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмесін (қаржылық шарттарды және философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін, резидентурада оқу үшін түскен адамдар үшін - шет тілін білу деңгейін талап етілетін деңгейге дейін арттыру жөніндегі шарттарды қоспағанда) және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы;

  • Показать изменения

13) академиялық оқуға өз бетімен түскендер немесе философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында білім алушылар санаты бойынша қатысатын адамдар аталған дәрежені алу үшін шетелдік жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариатта куәландырылған аудармалары бар жеке оқу жоспарын;

  • Показать изменения

14) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін және түпнұсқасын. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;

  • Показать изменения

15) бар болған жағдайда, Жұмыс орган бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін және түпнұсқасын. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;

  • Показать изменения

16) мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы мен оқу кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шартсыз тіркелгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін және болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариатта куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерім туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы қосымша;

  • Показать изменения

17) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 175 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1154 Қаулысымен (2016 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.26.03. № 158 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

11. Конкурсқа қатысуға рұқсат алу үшін құжаттарды қабылдауды және тіркеуді ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда Әкімші жүзеге асырады. Осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына құжаттар сәйкес келмесе, сондай-ақ толық құжаттар пакеті берілмеген жағдайда үміткер бұзушылықтарды жойып, оларды қабылдаудың белгіленген мерзімі кезеңінде құжаттарын тапсырады.

  • Показать изменения

Үміткерге құжаттарын тіркеген кезде, құжаттарын қабылдағаны туралы конкурсқа қатысуға рұқсат беру не құжаттары Жұмыс органдарына жеке тәртіппен қарауға жіберілгені туралы ақпарат көрсетілген қолхат беріледі.

  • Показать изменения

Құжаттар осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеген және «электронды үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш берілген кезде құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Әкімші «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкессіздігін жою және жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы дәлелді жауап береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Үміткерлердің материалдарын қарауды және конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдауды Әкімші құжаттарды қабылдаған күннен бастап Жұмыс органы 10 (он) жұмыс күні ішінде жеке тәртіппен мынадай жағдайларда:

  • Показать изменения

1) конкурсқа қатысу үшін үміткер ұсынған дипломда (бакалавр немесе маман) көрсетілген мамандықтың атауы мәндес мамандықтар тізбесінде болмағанда;

  • Показать изменения

2) академиялық оқуға тіркелгенін растау құжатында көрсетілген мамандық атауы басым мамандықтар тізбесінен таңдап алған мамандық атауына сәйкес келмегенде;

  • Показать изменения

3) үміткер ұсынған (бакалавр не маман) диплом немесе ағымдағы үлгерімі туралы анықтама бойынша оқуды бағалау жүйесі бағалар баламасы кестесінің бағалау жүйесіне сәйкес келмегенде;

  • Показать изменения

4) Тізімде медициналық мамандықтар не өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орны болмаған жағдайда жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1154 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (2016 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда құжаттары Жұмыс органына қарауға жіберілген үміткерлерге Жұмыс органы шешім қабылдаған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әкімші конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы не конкурсқа қатысуға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді.

Құжаттар жеке тәртіппен қаралған жағдайларда үміткерді конкурсқа қатысуға жіберуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

  • Показать изменения

1) дипломда көрсетілген (бакалавр немесе маман) мамандықтардың оқу бағдарламалары мәндес мамандықтар тізбесінде көрсетілген мамандықтардың оқу бағдарламаларының біріне сәйкес келмеуі;

  • Показать изменения

2) академиялық оқуға тіркелгенін растау құжатында көрсетілген мамандық алу үшін оқу бағдарламасының басым мамандықтар тізбесінен таңдап алған мамандықтың оқу бағдарламасына сәйкес келмеуі;

  • Показать изменения

3) дипломның (бакалавр немесе маман) орташа балының немесе ағымдағы оқу үлгерімі туралы анықтаманың осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген шартқа сәйкес келмеуі;

  • Показать изменения

4) магистр, философия докторы (РЮ), бейін бойынша доктор дәрежесін алуы, резидентурада оқуы үшін медициналық мамандықтар және өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орнының үш және одан да көп мынадай өлшемдерге сәйкес келмеуі;

  • Показать изменения

жылына кемінде 3 оқу құралын, монография, авторлық куәлік шығару;

  • Показать изменения

кемінде 3 трансұлттық компаниялардың іске асырылған ірі жобаларының немесе\және осы оқу орны оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен соңғы 10 жылда өткізілген ұлттық және халықаралық мәні бар жобалардың болуы;

  • Показать изменения

осы оқу орны оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен халықаралық және ұлттық деңгейдегі жылына кемінде 50 көрсетілім\концерт немесе 10 конференция\көрме өткізу;

  • Показать изменения

осы оқу орнының халықаралық немесе\және мемлекеттік\ұлттық аккредиттеуден өткенін растайтын құжаттың болуы;

  • Показать изменения

осы оқу орнының базасында клиникалардың, зертханалардың немесе зерттеу орталықтарының болуы;