<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КРЕДИТТІК СЕРІКТЕСТІКТЕР ТУРАЛЫ 2003 ЖЫЛҒЫ 28 НАУРЫЗ...

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения
  • Показать изменения

Кредиттiк серiктестiктер туралы

  • Показать изменения

2003 жылғы 28 наурыздағы № 400-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2016.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдары

2-тарау. Кредиттік серіктестіктерді құру

3-бап. Кредиттiк серiктестiк

4-бап. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары

3-тарау. Кредиттік серіктестікке қатысу

5-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi

6-бап. Кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату

4-тарау. Кредиттік серіктестіктерді басқару

7-бап. Кредиттiк серiктестiктiң органдары

8-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы

9-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының кворумы және онда дауыс беру

10-бап. Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы

11-бап. Тексеру комиссиясы (ревизор)

5-тарау. Кредиттік серіктестікке міндетті салымдар және қосымша жарнамалар

12-бап. Мiндеттi салымдарды салу тәртiбi

13-бап. Кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы қатысушының үлесiн сатып алу ерекшелiктерi

14-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушысының үлесiн сату тәртiбi

15-бап. Қатысушылардың қосымша жарналары

16-бап. Кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтатқан жағдайда қосымша жарна сомаларын қайтару

6-тарау. Кредиттік серіктестіктің қызметі

17-бап. Кредиттік серіктестіктердің қызметі

18-бап. Кредиттік серіктестік жүзеге асыратын операциялар

19-бап. Кредиттiк серiктестiктердiң бiрлестiктерi

20-бап. Кредиттеу тәртiбi

20-1-бап. Кредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасын есептеу

21-бап. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясы

22-бап. Кредиттiк серiктестiктiң кредиттiк комитетi

7-тарау. Алып тасталды

8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

28-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

29-бап. Өтпелi ережелер

 

  • Показать изменения

Осы Заң кредиттiк серiктестiктердiң құқықтық жағдайын, құрылу, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін, сондай-ақ қызметiнiң реттелуiн айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) қосымша жарна - қатысушының кредиттiк cepiктecтiктiң мүлкiне берген ақша сомасы;

  • Показать изменения

2) кредиттiк серiктестiк - жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық, соның iшiнде банктiк қызмет көрсетуге деген қажеттерiн олардың ақшаларын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға;

3) кредиттiк комитет - кредиттiк cepiктecтiктiң өзiнiң кредит саясатын жүзеге асыратын бөлiмшесi;

  • Показать изменения

4) мiндеттi салым - қатысушының кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталына енгізуге жататын ақшасы;

  • Показать изменения

5) 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдары

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде кредиттiк серiктестiктерге қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. Кредиттік серіктестіктерді құру

  • Показать изменения

3-бап. Кредиттiк серiктестiк

  • Показать изменения

1. Кредиттiк серiктестiктер жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер нысанында құрылтай шарты негiзiнде құрылады және өз жарғысына сәйкес әрекет етедi. Кредиттiк серiктестiк оның мемлекеттік тiркелген кезiнен бастап құрылды деп есептеледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Кредиттiк серiктестiктiң атауында «кредиттiк серiктестiк» деген сөз болуға тиiс.

  • Показать изменения

Кредиттiк серiктестiк ретiнде тiркелмеген бiрде-бiр заңды тұлға кредиттiк серiктестiк деп атала алмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының саны үштен кем болмауға тиіс.

  • Показать изменения

Кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өздерi енгiзген мiндеттi салымдар мен қосымша жарналардың құны шегіндегі кредиттiк серiктестiктiң қызметiне байланысты шығындардың тәуекелiн өз мойнына алады.

  • Показать изменения

Егер кредиттік серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, кредиттік серiктестiк өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

4. Кредиттiк серiктестiк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Кредиттiк серiктестiктiң мүлкi оған меншiк құқығымен тиесiлi болады және оның қатысушыларының мiндеттi салымдары мен қосымша жарналарынан, кредиттiк серiктестiк алған кiрiстерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздерден құралады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-бап. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары

  • Показать изменения

1. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай шартында Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мәлiметтерден басқа:

  • Показать изменения

1) кредиттiк серiктестiкке кіру кезiнде төленуге тиiстi мiндеттi салымның ең төменгi мөлшерi;

  • Показать изменения

2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының мiндеттi салымды салу тәртібі мен шарттары;

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3) кредиттiк серiктестiктiң таза кiрiсiн, қатысушылар салған міндетті салымдар мен қосымша жарналарды ескере отырып бөлу тәртібі болуға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Кредиттiк серiктестiктiң жарғысында Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мәлiметтерден басқа:

  • Показать изменения

1) кредиттiк серiктестiктiң фирмалық атауы мен орналасқан жерi;

  • Показать изменения

2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi;

  • Показать изменения

3) кредиттiк серiктестiкке қатысу тәртібі мен шарттары;

  • Показать изменения

4) кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi туралы мәлiметтер;

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының қосымша жарнаны салуы мен алып қоюының тәртібі, шарттары;

  • Показать изменения

6) кредиттiк серiктестiк органдары туралы ережелер, шешiмдер қабылдау, соның iшiнде кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына қатысушылар және өкiл болып отырғандар даусының төрттен үш айқын басым көпшiлiгi қажет болатын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау тәртібі;

  • Показать изменения

7) кредиттiк серiктестiк органдарының арасындағы құзыреттi бөлу;

  • Показать изменения

8) кредиттiк серiктестiктiң ақшасын орналастыру тәртібі;

  • Показать изменения

9) кредиттiк серiктестiктiң жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;

  • Показать изменения

10) кредиттiк серiктестiктiң резервтiк капиталын құру және пайдалану тәртібі болуға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Кредиттiк серiктестiк уәкiлеттi органға кредиттiк серiктестiктiң жарғысына енгiзiлген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы олар қабылданған күннен бастап бiр айдың iшiнде хабарлауға мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-тарау. Кредиттік серіктестікке қатысу

  • Показать изменения

5-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi

  • Показать изменения

1. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары:

  • Показать изменения

1) кредиттiк серiктестiк көрсететiн қызметтердi пайдалануға;

  • Показать изменения

2) кредиттiк серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысуға;

  • Показать изменения

3) кредиттiк серiктестiктiң органдарын сайлауға және оларға сайлануға;

  • Показать изменения

4) осы Заңға және серiктестiктiң құрылтай құжаттарына сәйкес кредиттiк серiктестiк қызметiнен кiрiс алуға;

  • Показать изменения

5) осы Заңда және кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделген тәртiппен кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтатуға;

  • Показать изменения

6) серiктестiктiң жарғысында көзделген тәртiппен кредиттiк серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлiк және өзге де құжаттамасымен танысуға құқылы.

  • Показать изменения

Кредиттiк серiктестiкке қатысушылардың Қазақстан Республикасының 3aң актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары:

  • Показать изменения

1) құрылтай шартының және жарғының талаптарын сақтауға, кредиттiк серiктестiк органдарының шешiмдерiн орындауға;

  • Показать изменения

2) кредиттiк серiктестiк органдарына өзiнiң қаржылық жағдайы туралы қатысушыларды кредиттеуге қатысты шешiмдер қабылдау үшiн жеткiлiктi болатындай дұрыс ақпарат беруге мiндеттi.

  • Показать изменения

Кредиттiк cepiктecтiккe қатысушылардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттерi болуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6-бап. Кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату

  • Показать изменения

1. Кредиттiк серiктестiкке қатысу:

1) өз еркiмен шыққан;

  • Показать изменения

2) өз үлесiн кредиттiк серiктестiктiң басқа қатысушыларына немесе үшiншi тұлғаларға иелiктен айырып берген;

  • Показать изменения

3) кредиттiк серiктестiктiң талап етуi бойынша кредиттiк серiктестiк қатысушыларының қатарынан шығып қалған;

  • Показать изменения

4) кредиттiк серiктестiк қызметi тоқтатылған;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Кредиттiк серiктестiктен өз еркiмен шығу туралы өтiнiш кредиттiк серiктестiк басқармасының қарауына берiлуге тиiс, басқарма өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде оны қарауға және кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына енгізуге мiндеттi.

  • Показать изменения

Кредиттiк cepiктecтiккe қатысу осы Заңда көзделген тәртiппен қатысушының кредиттiк серiктестiк алдында қабылдаған мүлiктiк мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн оның өз еркiмен шығуы арқылы тоқтатылуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Кредиттiк серiктестiкке қатысушы Қазақстан Республикасының заң актілерінде, кредиттiк серiктестiктiң құрылтай және өзге де құжаттарында белгiленген өз мiндеттерiн бұзған, кредиттiк серiктестiктiң алдында өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, сондай-ақ кредиттiк серiктестiкке зиян келтiрген жағдайда, серiктестiк жалпы жиналыстың шешiмiне сәйкес ондай қатысушының үлесiн сот арқылы мәжбүрлеп сатып алуды және оның қатысушылар қатарынан шығуын талап етуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Кредиттiк серiктестiкке қатысушы үлесiнiң мәжбүрлеп сатып алынуы және шығып қалғаны туралы шешiмге сот тәртібімен шағым жасай алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-тарау. Кредиттік серіктестіктерді басқару

  • Показать изменения

7-бап. Кредиттiк серiктестiктiң органдары

  • Показать изменения

1. Кредиттiк серiктестiктiң органдары:

  • Показать изменения

1) жоғары орган - кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы;

2) атқарушы орган - басқарма;

3) бақылаушы орган - тексеру комиссиясы (ревизор) болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Кредиттiк серiктестiктiң жарғысында байқаушы органдар (байқаушы кeңec) құру көзделуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы

  • Показать изменения

1. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу тәртібі кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделедi.

  • Показать изменения

Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жыл сайынғы (жылдық) жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн үш айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.

  • Показать изменения

Жыл сайынғы жиналыстан басқа, кредиттiк серiктестiк басқармасының немесе кредиттiк серiктестiк қатысушыларының кемiнде жиырма бес процентiнiң бастамасы бойынша шақырылатын кезектен тыс жиналыстар өткізілуі мүмкін.

  • Показать изменения

Жалпы жиналыс кредиттiк серiктестiктiң жарғылық мақсаттары мен мiндеттерiне және осы Заңға сәйкес шешiмдер қабылдайды, басқарма шешiмдерiнiң күшiн жояды немесе оны бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2. Кредиттік серіктестік қатысушылары жалпы жиналысының айрықша құзыретіне, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде көзделген мәселелерден басқа:

  • Показать изменения

1) серіктестіктің, нәтижесінде құны серіктестік активтері құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын мүлікті серіктестік сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мәміле немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді жасауы туралы;

  • Показать изменения

2) серіктестіктің міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан астам процентін құрайтын сомаға ұлғайту туралы;

3) кредиттік серіктестік қызметінің бағыты туралы;

4) кредиттік серіктестіктің кредиттік және инвестициялық саясатын айқындау туралы;

  • Показать изменения

5) кредиттік серіктестіктің басқарма мүшесінің, тексеру комиссиясы мүшелерінің (ревизордың) және басқа да қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы;

  • Показать изменения

6) қатысушылардың қосымша жарна салу және алып қою тәртібін белгілеу туралы;

  • Показать изменения

7) кредиттік серіктестіктің активтерін есептен шығару тәртібі туралы;

  • Показать изменения

8) қатысушылардың кредиттік серіктестікке қабылдану және одан шығу тәртібі туралы;

  • Показать изменения

9) шығыстар мен кірістердің жылдық сметасын және оның атқарылуы туралы есепті бекіту туралы;

  • Показать изменения

10) есеп жүргізу саясатын қалыптастыру туралы;

  • Показать изменения

11) жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы;

  • Показать изменения

12) өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жатады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының кворумы және онда дауыс беру

  • Показать изменения

1. Жалпы жиналыс, егер оған кредиттiк серiктестiк қатысушыларының кемiнде елу процентi қатысса, заңды деп танылады. Күн тәртібіне енгiзiлген мәселе жөніндегі шешiм қатысушылардың айқын басым көпшiлiгiмен немесе бiрауыздан қабылдануға тиiс болатын жағдайда, егер оған барлық қатысушылардың кемiнде үштен eкici қатысса, жиналыс шешiм қабылдауға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Жалпы жиналыста шешiмдер жалпы жиналысқа қатысушылардың жай көпшiлiк даусымен қабылданады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Жалпы жиналыста жарғыны бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктi қайта ұйымдастыру немесе тарату мәселелерi бойынша шешiмдер, егер кредиттiк серiктестiк жарғысы оларды қабылдау үшiн көп дауыс санын немесе бiрауыздан қабылдауды талап етпесе, жиналысқа барлық қатысушылардың үштен екi айқын басым көпшiлiгi даусымен қабылданады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10-бап. Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы

  • Показать изменения

1. Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы қатысушылардың жалпы жиналысында сайланады және кредиттiк серiктестiктiң ағымдағы қызметiне басшылықты жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы алдында өз қызметiнiң нәтижелерi туралы жыл сайын есеп бередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Кредиттiк серiктестiк басқармасының өкiлеттiктерi мыналарды:

  • Показать изменения

1) кредиттiк серiктестiк қызметiнiң iшкi ережелерiн қабылдау туралы және оларды кейiннен өзгерту туралы ұсыныстар әзiрлеудi;

  • Показать изменения

2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының қарауына кредиттiк және инвестициялық саясатқа қатысты ұсыныстар әзiрлеудi және енгізудi, кредиттiк серiктестiктiң iшкi кредит саясаты және кредит комитетi туралы ережелер әзiрлеудi;

3) шығыстар мен кiрiстердiң жылдық сметасын және оның атқарылуы туралы есептi әзiрлеудi және табыс етудi;

4) жылдық қаржылық есептiлiктi әзiрлеудi және табыс етудi;

5) қызметкерлер үшiн еңбекақы мөлшерiн белгiлеудi;

  • Показать изменения

6) кредиттiк серiктестiкке қатысушыларды қабылдау және одан шығу жөніндегі мәселелер бойынша құжаттар әзiрлеудi және оларды кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына шығаруды;

  • Показать изменения

7) кредиттiк серiктестiктiң ағымдағы қызметiне байланысты және кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының айрықша құзыретiне кiрмейтiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруды қамтиды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Басқарма жеке-дара орган бола алмайды және оның мүшелерiнiң саны тақ, бiрақ үштен кем емес болуға тиiс. Басқарманы кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы сайлайтын төраға басқарады.

  • Показать изменения

Кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының шешiмi бойынша басқарманың төрағасы және (немесе) мүшелерi кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары болып табылмайтын адамдардан сайлануы мүмкiн. Бұл жағдайда басқарманың құрамында кредиттiк серiктестiктiң бiр немесе бiрнеше қатысушылары болуға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Басқарманың отырысы қажетiне қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi.

Егер отырысқа басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, ол өзiнiң қарауына енгiзiлген мәселелердi шешуге құқылы. Шешiм отырысқа қатысушы басқарма мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Тексеру комиссиясы (ревизор)

  • Показать изменения

Кредиттiк серiктестiктiң тексеру комиссиясы (ревизоры) болуға тиiс.

  • Показать изменения

Төраға және кредиттiк серiктестiк басқармасының, кредиттiк комитеттiң мүшелерi, олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстары тексеру комиссиясының мүшелерi бола алмайды.

  • Показать изменения

Тексеру комиссиясының (ревизордың) өкiлеттiктерiне, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген мәселелерден басқа, мыналар кiредi:

  • Показать изменения

1) мерзiмдiк жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер өткізу арқылы кредиттiк серiктестiк, оның органдары мен лауазымды адамдары жасайтын iс-әрекеттер мен операциялардың Қазақстан Республикасы заңдарының және кредиттік серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестiгiн анықтау;

  • Показать изменения

2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына және басқармаға кредиттiк серiктестiктiң қызметiн жақсарту жөнiнде ұсынымдар беру.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5-тарау. Кредиттік серіктестікке міндетті салымдар және қосымша жарнамалар

 

  • Показать изменения

12-бап. Мiндеттi салымдарды салу тәртібі

  • Показать изменения

1. Кредиттiк серiктестiкке кіру үшiн қатысушы мiндеттi салымның ең аз мөлшерiн салады. Ұлттық валюта ақшасымен құралатын және төленетiн кредиттiк серiктестiктiң бастапқы жарғылық капиталы қатысушылардың мiндеттi салымдарының сомасына тең және уәкiлеттi орган белгiлеген сомадан аз болмауға тиiс. Әрбiр қатысушының мiндеттi салымының кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы жалпы сомаға қатынасы қатысушының кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесi болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Кредиттiк cepiктecтiктiң қатысушысына ақша салу кезiнде кредиттiк серiктестiк қатысушысының ақша салғанын растайтын құжат берiледi.

  • Показать изменения

Қатысушының кредиттiк серiктестiкке одан кейiнгi ақша салуы және оның қатысушыға ақшаны қайтаруы жоғарыда аталған құжатта тiркелуге тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13-бап. Кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы қатысушының үлесiн сатып алу ерекшелiктерi

  • Показать изменения

1. Қатысушы кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату туралы шешiм қабылдаған кезде, кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделген, бiрақ қатысушы шешiм қабылдаған күннен бастап тоқсан күннен аспайтын мерзiмде, серiктестiк осы қатысушының келісімiмен кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы оның үлесiн сатып алуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Қатысушының кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесiн осы баптың 1-тармағында көзделген сатып алу, егер кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату қатысушылардың ең аз санынан кемуiне немесе кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерден азаюына әкеп соқпаған жағдайда жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушысының үлесiн сату тәртібі

  • Показать изменения

1. Егер кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттарында және осы Заңда өзгеше көзделмесе, кредиттiк серiктестiк қатысушысының өз үлесiн сатуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Қатысушының өз үлесiн кредиттiк серiктестiктiң басқа қатысушыларына сатуына, егер ол кредиттiк серiктестiкке қатысушылар санының осы Заңда көзделген аз мөлшерден кемiп кетуiне әкеп соқпайтын болса, жол берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Қатысушының өз үлесiн кредиттiк серiктестiктiң басқа қатысушыларына не үшiншi тұлғаларға сату мүмкiндiгi болмаған жағдайда, өз үлесiн сатқысы келетiн қатысушы кредиттiк серiктестiкке осы үлестi сатып алу талабын қоюға құқылы.

  • Показать изменения

Кредиттiк серiктестiк үлестi сатып алған жағдайда үлестiң бағасы тараптардың келісімiмен, ал келісімге келе алмаған жағдайда сот арқылы анықталады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Қатысушының үлесiн сатып алғаннан кейiн кредиттiк серiктестiк басқа қатысушыларға осы үлестi жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген баға бойынша сатып алуды ұсынуға мiндеттi.

  • Показать изменения

Кредиттiк серiктестiк жалпы жиналыстың шешiмi бойынша бұл үлестi серiктестiктiң атынан үшiншi тұлғаларға сатуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Кредиттiк серiктестiк шығып кеткен қатысушыдан сатып алған үлестi қатысушылар не үшiншi тұлғалар сатып алынған күннен бастап алты ай iшiнде сатып алуға ниет бiлдiрмеген жағдайда, үлес кредиттiк серiктестiк жарғылық капиталының тиiсiнше азаюы арқылы өтеледi және жарғылық капитал ең төменгi деңгейден азайған жағдайда кредиттiк серiктестiк осы Заңда көзделген негiздер бойынша таратылуға жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Егер құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келісімiнде өзгеше белгiленбесе, кредиттiк серiктестiк қатысушысының осы бапта көзделген тәртiппен өз үлесiн сатуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15-бап. Қатысушылардың қосымша жарналары

  • Показать изменения

Кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделген жағдайда, қатысушы кредиттік cepіктeстіктің мүлкіне қосымша жарналары шектеусіз салуға құқылы. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының қосымша жарналары оның жарғылық капиталының мөлшерiн өзгертпейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

16-бап. Кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтатқан жағдайда қосымша жарна сомаларын қайтару

  • Показать изменения

Жарғыда көзделген жағдайларда, сондай-ақ кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату кезiнде қатысушыға тараптардың келiсуiмен белгiленген немесе кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделген, бiрақ кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап тоқсан күннен аспайтын мерзiмде қосымша жарнаның сомасы қайтарылады. Мұндай жағдайда кредиттiк серiктестiк алдында мiндеттемелерi бар қатысушыға оның кредиттiк серiктестiк алдында бар мiндеттемелерi шегерiле отырып төлем жасалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-тарау. Кредиттік серіктестіктің қызметі

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

17-бап. Кредиттік серіктестіктердің қызметі

  • Показать изменения

1. Кредиттік серіктестіктердің, осы Заңның 18-бабында көзделген, өз қатысушыларына қызметтер көрсетуді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Кредиттік серіктестіктер өз қызметін операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелердің, кредиттік серіктестіктің кредиттік комитеті туралы ереженің және кредиттік серіктестіктің жоғары органы - кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы бекітетін ішкі ережелері негізінде жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелерде:

  • Показать изменения

1) берілетін кредиттердің шекті сомалары мен мерзімдері;

  • Показать изменения

2) кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті шамалары;

  • Показать изменения

3) қатысушыларға операциялар жүргізу үшін шекті ставкалар мен тарифтер;

  • Показать изменения

4) кредиттік серіктестіктің және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;

5) кредиттік серіктестік қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

6) өзге де шарттар болуға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Кредиттік серіктестіктің ішкі ережелерінде:

  • Показать изменения

1) құрылымдық бөлімшелердің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері;

  • Показать изменения

2) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері;

  • Показать изменения

3) кредиттік серіктестіктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің кредиттік серіктестіктің атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі өкілеттіктері айқындалуға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Кредиттік серіктестіктің кредиттік комитеті туралы ережеде:

  • Показать изменения

1) кредиттік комитеттің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері;

2) кредиттік комитет мүшелерінің жауапкершілігі;

3) кредиттік шарттарды бекіту рәсімі;

  • Показать изменения

4) кредиттік серіктестіктің жоғары және атқарушы органдарының, сондай-ақ оның лауазымды тұлғаларының қарыз мөлшеріне қарай оны беру туралы шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктері айқындалуға тиіс.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

18-бап. Кредиттік серіктестік жүзеге асыратын операциялар

  • Показать изменения

1. Кредиттік серіктестік өзінің қатысушылары үшін ұлттық валютамен мынадай операцияларды:

  • Показать изменения

1) аудару операцияларын: төлемдер және ақша аударымы жөніндегі тапсырмаларды орындау;

  • Показать изменения

2) қарыз операцияларын: ақы төлеу, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарына сәйкес ақшалай нысанда кредиттер беру;

  • Показать изменения

3) кредиттік серіктестік қатысушыларының төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

  • Показать изменения

4) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

  • Показать изменения

5) сейфтік операцияларды: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, құжаттар мен құндылықтарды сақтау жөніндегі қызметтерді;

  • Показать изменения

6) лизинг қызметін жүзеге асыру;

  • Показать изменения

7) кредиттік серіктестік қатысушыларының банк шоттарын ашу және жүргізу;

  • Показать изменения

8) кредиттік серіктестіктің қатысушылары үшін Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары жөніндегі ережелерде көзделген сомалар шегінде ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктер, кепілгерлік және өзге де міндеттемелер беру;

  • Показать изменения

9) факторингтік операцияларды: тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) кредиттік серіктестік қатысушысынан, сатып алушыдан төлемеу тәуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқығын сатып алуды;

  • Показать изменения

10) кассалық операцияларды: осы тармақта көзделген операцияларды жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшаны қабылдау және беруді жүзеге асыруға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кредиттік серіктестік өз мүлкін пайдаланумен байланысты кіріс алуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Кредиттік серіктестік инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

4. Кредиттік серіктестік «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді және ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға міндетті.


Содержание
1-тарау. Жалпы ережелер2-тарау. Кредиттік серіктестіктерді құру3-тарау. Кредиттік серіктестікке қатысу4-тарау. Кредиттік серіктестіктерді басқару5-тарау. Кредиттік серіктестікке міндетті салымдар және қосымша жарнамалар6-тарау. Кредиттік серіктестіктің қызметі7-тарау.8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер