<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ ҚАУ...

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы қауіпсіздіктің
кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1240 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 16.07.03 ж. № 700 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2020 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Республиканың мұнай-газ секторындағы қауіпсіздік пен нақты және ықтимал қатерден және қол сұғушылықтардан қорғау жүйелерін дамытуға жағдай жасаудың қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Семсер" жабық акционерлік қоғамында (бұдан әрі - "Семсер" ЖАҚ) мұнай-газ кешенінің қызметкерлерін, объектілерін, қызметі мұнай-газ саласымен тікелей байланысты жеке және заңды тұлғаларды күзетуді қамтамасыз ету жөнінде арнайы құрылымдық бөлімше құру назарға алынсын.

ҚР Үкіметінің 16.07.03 ж. № 700 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды

2. "Семсер" ЖАҚ-тың оқу орталығы күзет қызметі субъектілерін даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығы ретінде (келісім бойынша) белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Семсер" ЖАҚ-та қызметтік қару сатып алуға және күзет дабылдатқышын құрастыру, оңдау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берсін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:

3-тармақтың бірінші абзацы "4-1 (құпия)" деген сөздерден кейін "4-2 (құпия)" деген сөздермен толықтырылсын;

қосымшаға сәйкес 4-2 (құпия)-қосымшамен толықтырылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары