<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

-

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi № 279-1 Заңы

(2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 4 баптар)

  • Показать изменения

2-тарау. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi мемлекеттік реттеу мен ұйымдастыру және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл

 

(5 - 31 баптар)

  • Показать изменения

3-тарау. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету

(32 - 37 баптар)

  • Показать изменения

4-тарау. Қорытынды ережелер

(38-бап)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес 1-бап өзгертілді; 2006.02.03  № 130-III  ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-бап. Негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) бөлшек сауда - дәрігердің рецепті бойынша жеке тұтыну үшін есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату;

  • Показать изменения

2) есiрткiлер - есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер ретiнде жiктелген, оларды шектен тыс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) есірткі заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен қоса 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;

  • Показать изменения

4) есірткі және психотроптық зат тектестер - құрылымы мен қасиеттері жағынан І, II, III кестелерге енгізілген заттарға ұқсас, еліртетін, күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін, химиялық құрылымы мен қасиеттері бар, оларды теріс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшін қауіпті және осы Заңмен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есірткі немесе психотроптық заттар ретінде бекітілмеген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;

  • Показать изменения

5) есірткі, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативі (бұдан әрі - қамтамасыз ету нормативі) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшін заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;

  • Показать изменения

6) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есірткі бар өсімдіктерді егуге, жинауға және дайындауға, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеуге, өндіруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері;

  • Показать изменения

7) есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - өзіне берілген құзырет шегінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестіретін орган;

  • Показать изменения

8) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке өткізілуі;

9) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндіруді қоспағанда, жүргізілуінің көмегімен есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкін барлық процестер, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы;

  • Показать изменения

10) есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы;

  • Показать изменения

11) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру - химиялық заттардан және (немесе) өсімдіктерден не басқа есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды сериялап алуға бағытталған процесс;

  • Показать изменения

12) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесінде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын іс-әрекет, сондай-ақ олардың негізінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу;

13) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану;

  • Показать изменения

14) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегінде есірткі, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөніндегі кез келген іс-әрекеттер;

  • Показать изменения

15) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативі (бұдан әрі - тұтыну нормативі) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшін қажетті, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлімделген белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;

16) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзиті - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке үшінші мемлекеттің аумағы арқылы өткізілуі;

  • Показать изменения

17) есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдалану (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз тұтыну) - есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді дәрiгердiң тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну;

  • Показать изменения

18) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз айналымда жүргені анықталған шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте - есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейіннен әкімшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негіз болып табылатын (шағын, ірі, өте ірі) мөлшердегі белгіленген түрлерінің тізбесі (2-қосымша);

19) көтерме сауда - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың ірі топтарын сату;

  • Показать изменения

20) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімі (бұдан былай - Тізім) - халықаралық Конвенциялар негізінде нөмірленген және тиісті кестелер мен тізімге біріктірілген, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі (1-қосымша);

  • Показать изменения

21) құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру - апиын көкнәрі мен сораны (каннабисті), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген, құрамында есірткі бар басқа да өсімдіктерді егу және өсіру;

  • Показать изменения

22) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар өсімдіктерді жинау - халықаралық Конвенцияларға сәйкес Тізімге енгізілген, құрамында есірткі бар жабайы өсетін немесе егілетін өсімдіктерді жинау;

  • Показать изменения

23) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелері - заңда белгіленген тәртіппен наркологиялық көмек көрсететін мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлімшелер немесе кабинеттер);

  • Показать изменения

24) мәжбүрлеп емдеу — нашақорлықпен ауыратын науқас ерiктi түрде емделуден жалтарған немесе есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз тұтынуын жалғастырған кезде сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу;

25) медициналық куәландыру - есірткіден мастану күйін анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру;

  • Показать изменения

26) медициналық куәландырудан, медициналық зерттеп-қараудан немесе емдеуден жалтару - есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді терiс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары жұмыскерiнiң медициналық куәландыруға немесе зерттеп-қарауға қатысты өкiмiн қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындаулары мен ұсынымдарын орындамауы;

  • Показать изменения

27) медициналық тексеру - «нашақорлық» деген диагноз қою немесе оны теріске шығару мақсатында адамды стационарлық жағдайда тексеру;

  • Показать изменения

28) нашақорлық — организмнiң физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын, есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестерге тәуелдi болуға байланысты ауру;

  • Показать изменения

29) нашақорлықпен ауыратын науқас (нашақор) — қандай да болсын есiрткi, психотроптық затқа, сол тектеске физикалық және (немесе) психикалық тәуелдi жағдайдағы, оған белгiленген тәртiппен медициналық мекеме «нашақорлық» деген диагноз қойған адам;

  • Показать изменения

30) өз еркімен емдеу - нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе есірткіге шектен тыс салынудан науқастың өзінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен емдеу;

  • Показать изменения

31) прекурсорлар - есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өндiру, дайындау, қайта өңдеу кезiнде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, оның iшiнде БҰҰ-ның 1988 жылғы Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген заттар;

  • Показать изменения

32) препарат - Тізімге енгізілген, құрамында бір немесе бірнеше есірткі, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар кез келген физикалық күйдегі қоспа;

  • Показать изменения

33) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;

  • Показать изменения

34) уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздеріне берілген құзырет шегінде есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

  • Показать изменения

35) уытқұмарлық - есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және Қазақстан Республикасының республикалық заңнамалық актiлері мен халықаралық конвенциялардың тiзiмдерiне енбейтін дәрiлiк препараттар мен табиғаты әртүрлi дәрiлiк емес заттарды шектен тыс пайдалану.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 31.05.02 ж. № 327-II; 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілді; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жiктеу

  • Показать изменения

1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiледi. Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi ұсынылып отырған төрт кестеден және тiзiмнен тұрады.

  • Показать изменения

Осы Заңның 18, 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, I кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасында айналымына тыйым салынған есiрткi, психотроптық заттар енгiзiледi.

  • Показать изменения

II кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес айналымы шектеулi және қатаң бақылауда тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.

  • Показать изменения

III кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес айналымы бақылауда тұрған есiрткi, психотроптық заттар енгiзiледi.

  • Показать изменения

IV кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1988 жылғы халықаралық Конвенциясына сәйкес айналымы бақылауда тұрған прекурсорлар енгiзiледi.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында бақылауға жататын және ветеринарияда қолдануға рұқсат етiлген, құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың тiзiмiне тиiстi лицензиясы болған кезде диагностикалық, емдiк және профилактикалық заттар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн дәрiлiк препараттар енгiзiлген.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Препараттарға қатысты олардың құрамындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қатысты белгiленетiн бақылау түрлерi көзделедi. Егер препараттың құрамында бiр емес, бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болса, оған неғұрлым қатаң бақылау шараларына жататын есiрткi, психотроптық зат пен прекурсорға қолданылатындай бақылау қолданылады. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар және оларды шектен тыс пайдаланған жағдайда болмашы қауiп төндiретiн және олардан аталған заттар оңай қолжетімді тәсілдермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттар осы Заңға сәйкес бақылауға жатпайды. Аталған препараттардың тiзiмiн, оларды бақылаудан алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Есірткі, психотроптық зат тектестер құрылымы мен қасиеттері бойынша ұқсас есірткі және психотроптық заттар сияқты нақ сондай бақылау шараларына жатады.

Тектестердің мөлшерін айқындау кезінде өздері тектестері болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың мөлшері қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделiп, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемлекеттік реттеудiң және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларының негiзгi принциптерi

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясат және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл;

1) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік бақылау жасау;

2) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер прекурсорлар айналымын және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды мемлекеттік реттеу;

3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау;

4) мемлекеттік және өзге де органдардың қызметiн ведомствоаралық және ведомствоiшiлiк үйлестiру;

  • Показать изменения

5) есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымын оларды шектен тыс пайдалануды тыюға бағытталған жұмысты ұйымдастыру мен жүргiзу мiндеттерiн кешендi түрде шешу;

  • Показать изменения

6) нашақорлықтың және сонымен байланысты құқық бұзушылықтардың етек алып кетуiн көздейтiн алдын алу шараларын қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

7) нашақорлықтың және оған байланысты құқық бұзушылықтардың етек алуына қарсы күресте әлеуметтiк базаны кеңейту, оның iшiнде қоғамдық, дiни, халықаралық және басқа ұйымдар мен азаматтарды ерiктi негiзде тарту арқылы кеңейту;

8) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау, олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту принциптерiнде жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi

  • Показать изменения

мемлекеттік реттеу мен ұйымдастыру және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл

 

2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ;2006.02.03  № 130-III  (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен  5-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді

  • Показать изменения

5-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымы мемлекеттік реттеу және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары

  • Показать изменения

1. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымын мемлекеттік реттеу және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті мемлекеттік орган тиiстi мемлекеттік органдармен келiсім бойынша әзірлеген есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласына қатысушы заңды тұлғалар қызметiнiң тәртібін регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. алынып тасталды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай негiзгi мiндеттердi атқарады:

  • Показать изменения

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылау жасауды және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) денсаулық сақтау органдарына есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың теріс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу бойынша, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмектi ұйымдастыруға және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiгін қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне және Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеге уәкiлеттi органдардың ұсыныстары бойынша өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде ұсыныс енгiзедi;

6) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымына болжам жасайды;

7) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттiң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын анықтайды;

8) қолданыстағылармен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi кемiрек, неғұрлым тиiмдi, қаупi төменiрек есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар әзiрлеу және енгізу процесiн бақылайды;

9) Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды БҰҰ-ның Есiрткiнi бақылау жөніндегі халықаралық комитетi бекіту үшiн Республиканың есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын Үкiметке ұсынады.

  • Показать изменения

10) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

11) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

12) қызметi нашақорлық проблемаларымен байланысты қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың жұмысын үйлестiрiп отырады;

13) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

14) денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметтер түрлерiнен басқа, есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

15) 2006.02.03  № 130-III  ҚР Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

16) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заң актілерін және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзедi;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

18) мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар, нұсқамалар енгізеді;

19) уәкілетті органдармен бірлесе отырып, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылдарды әзірлейді және іске асырады;

  • Показать изменения

20) есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына қарсы күресті үйлестіреді;

21) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

22) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

23) өз құзыреті шегінде есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласында инвестициялар, техникалық көмекті тартуды және олардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;

  • Показать изменения

24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III   (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.02.03  № 130-III  (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді

  • Показать изменения

6-бап. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары

  • Показать изменения

1. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Бақылаудың өзге нысандары алдын алу-профилактикалық іс-шаралар болып табылады, олардың нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, тексерілетін субъектіге оны жою тәртібі түсіндіріле отырып, нұсқама жасалады. Бақылаудың өзге нысандары тексерілетін объектілерге бармастан, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы есептілікті байқау, мониторингілеу, есепке алу және бақылау нысанында жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының:

1) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;

  • Показать изменения

2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында меншiк нысанына қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшiн пайдаланылатын кез келген үй-жайларға баруға;

  • Показать изменения

3) құрамында Тiзiмге енгiзiлген есiрткi заттары бар өсiмдiктер өсiрiлетiн жер учаскелерiне тексеріп-қарау жүргiзуге;

  • Показать изменения

4) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi жою мақсатында арнайы құрылған бөлiмшелермен iс-шаралар жүргiзуге;

  • Показать изменения

5) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргiзу үшiн көрсетілген өнiмнiң техникалық негiзделген мөлшердегi үлгiлерiн алуға;

  • Показать изменения

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiлiктердi жою туралы нұсқамалар беруге;

  • Показать изменения

7) есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы талаптар бұзылған жағдайда заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлiмшелердiң өндiрiстiк қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтата тұруға;