<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ ТУРАЛЫ 2001 Ж. 8 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 266...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Теміржол көлігі туралы
2001 ж. 8 желтоқсандағы № 266-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2018.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 13 баптар)

  • Показать изменения

2-тарау. Теміржол көлігіндегі басқару

(14 - 17 баптар)

  • Показать изменения

3-тарау. Теміржол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар

(18 - 21 баптар)

  • Показать изменения

4-тарау. Теміржол көлігі қызметкерлерінің еңбек қатынастарын реттеу ерекшеліктері

(22 - 24 баптар)

  • Показать изменения

5-тарау. Алып тасталды

 

  • Показать изменения

6-тарау. Жүру қауіпсіздігі, теміржол көлігінің жүктері мен объектілерін күзету, ерекше жағдайларда жұмысты ұйымдастыру

(30 - 35 баптар)

  • Показать изменения

7-тарау. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру

(36 - 55-1-баптар)

8-тарау. Кірме жолдар

(56 - 63 баптар)

9-тарау. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау

(64 - 72 баптар)

  • Показать изменения

10-тарау. Тасымалдаудан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік

(73 - 88 баптар)

11-тарау. Актілер, кінә қою, талап қою

(89 - 93 баптар)

12-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

(94 - 97 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен заңның тақырыбы мен бүкіл мәтіні бойынша «Темір жол», «темір жол», «темір жолдармен», «темір жолдың», «темір жолдар», «темір жолдарды», «темір жолдарға», «Темір жолдарды», «темір жолда», «темір жолдардың», «Темір жолдармен», «темір жолдарда», «темір жолдағы» деген сөздер тиісінше «Теміржол», «теміржол», «теміржолдармен», «теміржолдың», «теміржолдар», «теміржолдарды», «теміржолдарға», «Теміржолдарды», «теміржолда», «теміржолдардың», «Теміржолдармен», «теміржолдарда», «теміржолдағы» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

 

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

Осы Заң теміржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылар, тасымал процесiне қатысушылар, мемлекеттік органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) алушы - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтілімдерiн алатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;

  • Показать изменения

2) арнайы жылжымалы құрам - магистральдық теміржол желісін және кірме жолдарды күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету, қалпына келтіру және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін теміржол көлігі құралдары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) арнаулы тасымалдар - уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен мемлекет мұқтажына арналған арнаулы жүктердi жəне жолаушылардың жекелеген санаттарын тасымалдау;

  • Показать изменения

4) әлеуметтiк мәнi бар жолаушы қатынастары - әлеуметтiк мәнiн:

  • Показать изменения

облысаралық қатынастарда - уәкілетті орган;

  • Показать изменения

ауданаралық (облысішілік қаларалық) және қала маңындағы қатынастарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар;

  • Показать изменения

5) багаж - жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан аспайтын мүлiк;

  • Показать изменения

6) бекіту-пломбалау құрылғылары - вагонмен, контейнермен тасымалданатын жүкке қол жеткізілуіне жол бермеу үшін қолданылатын блок қою құрылғыларымен біртұтас конструкцияда орналастырылған бақылау элементтері;

  • Показать изменения

7) билет кассасы - оларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүру құжаттарын (билеттер) сату жөнінде қызмет көрсетілетін, теміржол вокзалдарында және осы ғимараттардан тыс жерлерде орналасқан жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату пункттері;

  • Показать изменения

8) вагон - теміржолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы;

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

8-1) вагондарды беру-алып кету - маневрлік локомотивпен вагондардың:

станциялық жолдардан - тиеу, түсіру (жүктен босату) орындарына, кірме жолдарға;

кірме жолдарда - контрагенттің қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары мен тиеу, түсіру (жүктен босату) орындары арасында орнын ауыстыру;

  • Показать изменения

9) вагондар (контейнерлер) операторы - вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде вагондар (контейнерлер) операторы қызметін көрсету жолымен тасымалдау процесiне қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;

  • Показать изменения

10) вагондар (контейнерлер) операторының қызметтері - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шарт негізінде вагондармен (контейнерлермен) қамтамасыз ету, бөлу және вагондар (контейнерлер) қозғалысын басқару жөніндегі қызметтер;

  • Показать изменения

10-1) вокзал маңындағы аумақ - теміржол вокзалына кіреберіс және кірме жолдар, қоғамдық және жеке көліктің аялдама пункттері, қойылатын орындар, автомобиль тұрақтары, абаттандыру элементтері бар теміржол вокзалына іргелес жатқан аумақ;

  • Показать изменения

11) габариті ірі (габариттен тыс) жүк - теміржолдың тікелей көлбеу учаскесіндегі ашық жылжымалы құрамда орналастырған кезде габариті жүк тиеу габаритінің ернеуінен сыймай асып тұрған немесе оның геометриялық қиықтағы дөңесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есептелген нормативтерден асып кеткен жүк;

  • Показать изменения

11-1) диспетчерлік реттеу - нақты уақыт режимінде тасымалдау процесінің операцияларын басқару және олардың мониторингі процесі;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

11-2) ерекше маңызды тасымалдар - Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдарын теміржолмен тасымалдау кезінде теміржол жылжымалы құрамымен тасымалдауға, сондай-ақ олардың жүру маршруттарына (қатынастарына) уəкілетті орган беретін мəртебе;

  • Показать изменения

12) жолаушы - жол жүру құжаты (билетi) бар және поезбен жол жүретiн жеке тұлға;

  • Показать изменения

13) жолаушы агенттігі - тасымалдаушымен шарттың негізінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеуге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, өзінің сату пункттері арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жөнінде қызмет көрсететін тұлға;

  • Показать изменения

14) жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі - жолаушылар тасымалын орталықтан басқару және орындарды электронды резервке сақтау жүйесі;

15) жол дамытылымы - магистральдық, станция жолдарының, оларды өзара біріктіретін бағыттамалы бұрмалардың, станция мен кірме жолдардың шегінде орналасқан техникалық құралдар мен құрылғылардың жиынтығы;

  • Показать изменения

16) жөнелтушi - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтілімдерiн жөнелтетiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;

  • Показать изменения

17) жүк - жүк поезында тасымалдауға шарт бойынша қабылданған мүлiк;

  • Показать изменения

18) жүк алушы - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi алушы тұлға;

  • Показать изменения

19) жүк-багаж - жолаушылар мен почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан артық мүлiк;

  • Показать изменения

20) жүк жөнелтушi - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi жөнелтушi тұлға;

  • Показать изменения

21) жүк жөнелтілімi - бір теміржол көлiгi жүкқұжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы;

  • Показать изменения

22) жүк терминалы - жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызметтер кешенін ұсынуға және аралас тасымалдауды жүзеге асыруға арналған кірме жолдағы құрылыстар мен техникалық құралдар кешені;

  • Показать изменения

23) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүктi, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн теміржолдар бойынша тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де көлiк құралдары;

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

  • Показать изменения

23-1) инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілеті - инфрақұрылымның, жылжымалы составтың техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне және әртүрлі санаттардағы поездарды өткізуді ескере отырып, поездардың қозғалысын ұйымдастыру тәсілдеріне қарай, есепті уақыт кезеңі (тәулік) ішінде инфрақұрылым учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін поездар мен поезд жұптарының ең жоғары саны;

  • Показать изменения

24) контейнер - жүктердi тасымалдауға арналған көп мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы;

  • Показать изменения

25) контрагент - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсiру механизмдерiне және (немесе) басқа тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарына жалғасатын кiрме жолдарға меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн немесе кірме жолдар қызметтерін пайдаланатын тұлға;

  • Показать изменения

26) - 28) 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

29) кiрме жолдар - жүк жөнелтушiлерге, жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тiкелей немесе басқа да кiрме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын теміржолдар;

  • Показать изменения

30) кiрме жолдар қызметтерi - тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарды пайдалануға беру жөніндегі немесе оның жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға көрсететiн қызметтері;

  • Показать изменения

31) қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары - қабылдау-тапсыру операцияларын орындау үшін станция немесе кірме жол шегінде вагондарды теміржолдарға шығару-жинау шартында белгіленген теміржолдар;

  • Показать изменения

32) қабылдау-тапсыру операциялары - жүктерді, вагондарды, контейнерлерді қабылдау (тапсыру) кезінде орындалатын, белгіленген тәртіппен құжаттық ресімделген іс-әрекеттер;

  • Показать изменения

32-1) қауіпсіздікті басқару жүйесі - операцияларды жоспарлау, әзірлеу мен орындау, мониторинг және бақылау, талдау процестерін қамтитын және тасымалдау процесінің қауіпсіздігі жөнінде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге және адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, тасымалдау процесіне қатысушылар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіру қатерін азайтуға бағытталған, тасымалдау процесіне қатысушыны басқарудың өзара байланысты және өзара іс-қимыл жасаушы құрауыштарының жиынтығы;

  • Показать изменения

32-2) қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті - қауіпсіздікті басқару жүйесінің Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың және бағалаудың жүйелі процесі;

  • Показать изменения

33) қауiптi жүктер - өздерiне тән қасиеттерiне байланысты адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына, жарылысқа, өртке, мүлiктердiң бұзылуына немесе жойылуына себеп болуы, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн жүктер;

  • Показать изменения

34) қол жүгi - жолаушының вагонда өзiмен бірге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен габаритi бойынша белгiленген мөлшерден аспайтын жеке заттары;

  • Показать изменения

35) локомотив инфрақұрылымының объектілері - тартқыш жылжымалы құрамды пайдалануды әрі жарақтандыруды қамтамасыз етуге және локомотив бригадаларына қызмет көрсетуге арналған объектілер;

  • Показать изменения

36) локомотив инфрақұрылымының операторы - меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде локомотив инфрақұрылымының объектілеріне иелік ететін және локомотивтiк тартқыш операторларына қызмет көрсететін тұлға;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

37) локомотивтiк тартқыш операторы - меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тартқыш көлiк құралына (локомотивке) иелiк ететiн, оны күтiп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға;

  • Показать изменения

38) локомотивтiк тартқыш қызметтерi - теміржолдар бойынша тартқыш көлiк құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;

  • Показать изменения

39) магистральдық жолдар - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында теміржол көлігінің жұмыс істеуіне және басқа мемлекеттермен теміржол қатынасын қамтамасыз етуге арналған, басты жолдардан (теміржол станциялары арасындағы аралық жолдардан, іргелес жатқан аралық жолдардың тікелей жалғасы болып табылатын, станциялар шекараларындағы және әдеттегідей, бағыттамалық бұрмаларда ауытқуы жоқ жолдар), сондай-ақ қабылдау-жөнелту жолдарынан (станция шекараларында поездарды қабылдауға, жөнелтуге, басып озуға, айыруға және өткізуге арналған жолдар) тұратын теміржолдар;

  • Показать изменения

40) магистральдық теміржол желісі - халықаралық және республикаішілік теміржол қатынастарын қамтамасыз ететін, өзара жалғасқан магистральдық және станциялық жолдар, сондай-ақ электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілері, құрылғылар, жабдықтар, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, вокзалдар және олардың жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi өзге де объектілер жүйесі;

  • Показать изменения

41) магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтері - поездарды өткізу мен олардың қозғалысы үшін магистральдық теміржол желісін пайдаланумен байланысты, Ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдаушыларға көрсететін қызметтер;

  • Показать изменения

42) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

43) маневрлік жұмыс - вагондарды өңдеу, сұрыптау, тарқату, тиеуге, түсіруге, жөндеу жолына (жолынан), салмағын өлшеуге әкелу-әкету, поездарды құрастыру, тарқату кезінде олардың орнын ауыстыру, жылжымалы құрамды бір жолдан басқасына ауыстырып қою, локомотивтердің станция шегіндегі қозғалысы, арнайы жылжымалы құрамның, тартқыш көлік құралдарының (локомотивтер немесе моторвагондық жылжымалы құрамдардың) орнын ауыстыру;

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

43-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржолдар - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын және магистральдық темiржол желiсiне енгізілмеген темiржолдар;

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 43-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

43-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржол көлiгi объектiлерi - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын және магистральдық темiржол желiсiне енгізілмеген объектiлер;

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 43-3) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

43-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржол көлiгi объектiлерi бар темiржолдардың көрсетілетін қызметтерi - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын, темiржол көлiгi объектiлерi бар темiржолдарды пайдалануға беру және олар бойынша жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер;

  • Показать изменения

44) пайдалану құжаттамасы - инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын пайдалану тәртібін көздейтін құжаттама;

  • Показать изменения

45) поезд - Ұлттық инфрақұрылым операторы айқындаған маршрут бойынша жүретін, белгіленген сигналдары бар, жұмыс істеп тұрған бір немесе бірнеше тартқыш көлік құралдары (локомотивтері немесе моторлы-вагонды жылжымалы құрамдары) бар, құралған және тіркелген вагондар құрамы, вагонсыз локомотивтер, моторлы вагондар және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам;

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 45-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

  • Показать изменения

45-1) поездарды қалыптастыру жоспары - тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру жоспарының жобалары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен, оның ішінде магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілеті мен станциялардың өңдеу қабілеті ескеріле отырып, теміржол станцияларында қалыптастырылатын, поездардың санаты мен бағытын белгілейтін құжат;

46) салмағы ауыр жүк - массасы мен ұзындығы немесе вагонның жақтауына (еденіне) жүктемесі жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттарында белгіленген, әмбебап жылжымалы құрамда тасымалдау кезінде рұқсат етілетін шамадан асатын жүк;

  • Показать изменения

47) станциялық жолдар - станциялар шекараларындағы теміржолдар: станциялар шекараларындағы магистральдық жолдарды қоспағанда, сұрыптау, тиеу-түсіру, тартымдық, деполық, жалғастырғыш, арнайы теміржолдар;

  • Показать изменения

48) тармақ иеленушi - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде теміржолдың кiрме жолдарын иеленушi тұлға;

  • Показать изменения

49) тасымалдау - жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін, жүктерді жөнелту пунктінен межеленген пунктке апару;

  • Показать изменения

49-1) тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы - жолаушы, жүк жөнелтуші (жөнелтуші), жүк қабылдаушы (қабылдаушы), экспедитор;

  • Показать изменения

50) тасымалдауға болатын мерзiм - тез бүлiнетiн багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлiкте) көрсетiлген деректер негiзге алынып, жолда болуының ықтимал шектi мерзiмi;

  • Показать изменения

51) тасымалдау қағидалары - тасымалдау процесiнiң барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;

  • Показать изменения

52) тасымалдау құжаттары - ресiмделуi арқылы тасымалдау шарты жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж түбіртегі, теміржол көлiгi жүкқұжаты);

  • Показать изменения

53) тасымалдау процесі - теміржол көлігімен тасымалдауды дайындау, жүзеге асыру және аяқтау кезінде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты операциялар жиынтығы;

  • Показать изменения

54) тасымалдау процесіне қатысушы - тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы, тасымалдаушы, Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тартқыш операторы, вагондар (контейнерлер) операторы;

  • Показать изменения

54-1) тасымалдау процесінің қауіпсіздігі (бұдан әрі - қозғалыс қауіпсіздігі) - қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы мен оның салдарларының ауырлық дәрежесінің ұштасуын ескере отырып, адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруге, тасымалдау процесіне қатысушылар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге байланысты, тасымалдау процесі операцияларын орындау кезінде жол берілмейтін қатердің болмауы;

  • Показать изменения

54-2) тасымалдаушы - жүктерді немесе жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген, тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде жылжымалы құрамды иеленетін тұлға;

  • Показать изменения

55) тез бүлiнетiн багаж, жүк, жүк-багаж - жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн багаж, жүк, жүк-багаж;

  • Показать изменения

55-1) теміржол вокзалының класы - теміржол вокзалының орындалатын жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) көлеміне және техникалық жарақтандырылуына қарай айқындалған мәртебесі;

  • Показать изменения

56) теміржол вокзалы - класына қарай халыққа теміржол көлігімен тасымалдау және багажды, жүк-багажды қабылдау-беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үйлердің, ғимараттардың (жолаушы платформаларын, вокзал өтпелерін және вокзал маңындағы аумақты қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені;

  • Показать изменения

57) теміржолдар - жылжымалы құрамның жүруi жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi (магистральдық, станциялық, кiрме жолдар);

  • Показать изменения

58) теміржол көлiгi - теміржолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк түрi;

  • Показать изменения

59) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

60) теміржол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауiпсiздiгiн, теміржол көлiгi құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектілерінiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi;

  • Показать изменения

60-1) теміржол көлігінің көмекші қызметі - тасымалдау процесінің қатысушысы болып табылмайтын және инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және кәдеге жарату бойынша қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

61) теміржол қатынасы - жөнелту және межелі пункттер арасында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау;

  • Показать изменения

62) теміржол станциясы - поездар қозғалысын реттеудi, өткізу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту және (немесе) тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ маневрлік жұмысты жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жол дамытылымы бар, магистральдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт;

  • Показать изменения

63) уәкiлеттi орган - теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 64) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

64) Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы - жолаушыларды, багажды, жүк-багажын, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, бүкіл магистральдық теміржол желісінде поездарды қалыптастыру жоспарын іске асыруды, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдаулар бойынша қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 64-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

64-1) Ұлттық жүк тасымалдаушы - жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын, бүкіл магистральдық теміржол желісінде поездарды қалыптастыру жоспарын іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 64-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

64-2) Ұлттық инфрақұрылым операторы - акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын жəне магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ əскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 65) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

65) Ұлттық теміржол компаниясы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, дамудың жалпы бағыттарын айқындайтын жəне Ұлттық инфрақұрылым операторы, ұлттық тасымалдаушылар жəне теміржол көлігі саласында қызметін жүзеге асыратын өзге де үлестес заңды тұлғалар қызметінің бағыттарын, оның ішінде əскери тасымалдарды жан-жақты қамтамасыз ету бойынша үйлестіруді қамтамасыз ететін акционерлік қоғам;

  • Показать изменения

66) экспедитор - тасымалдау құжаттарында көлiк экспедициясы шартының негiзiнде тасымалдаудың төлеушiсi ретiнде көрсетiлуi мүмкiн, жүк тасымалдауларын ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлға.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді

  • Показать изменения

2-бап. Теміржол көлiгiнің мемлекеттік саясаты және жұмыс істеу қағидаттары

  • Показать изменения

1. Теміржол көлігінің жұмыс істеуі мынадай қағидаттар:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының бірыңғай әлеуметтік-экономикалық кеңістігін сақтау және нығайту;

2) Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесінің жұмыс істеуінің келісімділігі;

3) теміржол көлігі инфрақұрылымының тұтастығын және іркіліссіз жұмыс істеуін сақтау;

4) тасымалдау процесінің қауіпсіздігін, үздіксіздігін және іркіліссіздігін қамтамасыз ету;

5) көлік нарығының барлық субъектiлерiнiң теміржол көлiгi қызметтерін ұсынуға және алуға еркін қол жеткізуі;

  • Показать изменения

6) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау;

  • Показать изменения

7) тасымалдаулардың барлық қатысушылары үшін құқықтық және экономикалық кепілдіктердің бірыңғай стандартын қолдану негізінде жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік саясат халық пен мемлекеттің тасымалдауларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Теміржол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары:

  • Показать изменения

1) теміржол көлiгiнiң магистралдық теміржол желісін және жылжымалы құрамын дамыту;

2) тасымалдарды дамыту;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

  • Показать изменения

3) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін теміржол көлігі мен оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес теміржол көлiгiнде тариф, салық және кеден саясатын жүзеге асыру;

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара)

  • Показать изменения

5) темiржол көлiгiнде кәсiпкерлiкті дамыту және оған жеке инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасау және мемлекеттiк органдардың шаруашылық қызметке заңсыз араласуына жол бермеу;

6) бәсекелестiктi дамыту, соның iшiнде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестiктi дамыту;

  • Показать изменения

7) магистралдық теміржол желісінiң бірыңғай мүлiктiк кешенiн сақтау;

8) қоршаған ортаны қорғау;

  • Показать изменения

9) теміржол көлiгiн жұмылдыру дайындығында ұстап тұру;

  • Показать изменения

10) теміржол көлiгiнiң қажеттерi үшiн импортты алмастыратын өндiрiстi дамытуға жәрдемдесу;

  • Показать изменения

11) транзиттік және халықаралық тасымалдауларды кеңейту;

12) мемлекет, тасымалдау процесіне қатысушылар мен теміржол көлігінің көмекші қызметі мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету;