Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығы

 

«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі

 

М. Бекетаев

 

Келісілді

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2021 жылғы 30 сәуірдегі

№ 357 Бұйрыққа

1-қосымша

 

 

Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану

қағидалары

 

 

1 - тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1 - бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені (бұдан әрі мәтін бойынша - БНАЖ) пайдалану тәртібін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) қол жеткізу - БНАЖ-да есептік жазбаны құру жөніндегі іс-шаралар;

2) БНАЖ пайдаланушы - БНАЖ жүйесінде нақты функцияларды орындау үшін тіркелген Қазақстан Республикасының нотариустары, аумақтық әділет органдардың, нотариаттық палаталардың және Республикалық нотариаттық палатаның қызметкерлері;

3) есепке алу жазбасы - БНАЖ пайдаланушы туралы ақпарат: пайдаланушының аты, БНАЖ-мен жұмыс істеу кезінде ресурстарға қол жеткізу құқығы;

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг