<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕЙБІР НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСП...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 Қаулысы
(2019.11.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 5 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2005.28.06. № 643 (бұр. ред. қара); 2007.14.05. № 382 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

1. Қоса беріліп отырған:

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

  • Показать изменения

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырлды; ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі уақытша нұсқаулық Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерінде және Астана қаласының әкімдігінде қағазсыз құжат айналымын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Үкімет қаулыларының жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде құжаттармен жұмыс істеу тәртібін айқындайды деп белгіленсін.

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 14 қазандағы № 195 өкімінің күші жойылды деп танылсын.

  • Показать изменения

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап бір ай өтісімен күшіне енеді.

 

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

  • Показать изменения

Премьер-Министрi

Қ. Тоқаев

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен нұсқаулық жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы

  • Показать изменения

Үкіметінің

  • Показать изменения

2008 жылғы 31 қаңтардағы

№ 168 қаулысымен

  • Показать изменения

бекітілген

 

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі

нұсқаулық

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеге сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде (бұдан әрі - Кеңсе) құжаттармен жұмыс істеу тәртібін белгілейді.

  • Показать изменения

2. Осы Нұсқаулықта белгіленген құжаттармен жұмыс істеу қағидалары мен тәртібі Кеңсенің барлық қызметкерлеріне қолданылады.

  • Показать изменения

3. Егер осы Нұсқаулықта өзгеше белгіленбесе, осы Нұсқаулықта ішкі құжаттарды қоса алғанда, құпия емес сипаттағы, «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпаратты қамтитын таратылуы шектелген құжаттарды дайындау, ресімдеу, олардың өту қағидалары айқындалады.

  • Показать изменения

Қызметтік ақпаратты және/немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпаратты қамтитын таратылуы шектелген құжаттарды дайындау, таныстыру және олардың өтуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына және Кеңседе қолданылатын ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) жабық (құпия) кілтін және ЭЦҚ құралын (ЭЦҚ қалыптастыру мен тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған және ЭЦҚ ашық кілтін пайдалана отырып, электрондық құжаттың ЭЦҚ есептеу мен тексеруден кейін ЭЦҚ тексерудің (ЭЦҚ түпнұсқалығын растаудың (белгілеудің) оң нәтижесін белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттармен (бұдан әрі - электрондық хат-хабар), қажет болған жағдайда қағаз жеткізгіштердегі құжаттармен (бұдан әрі - қағаз хат-хабар) жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады.

4. Осы Нұсқаулықпен:

  • Показать изменения

1) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленетін Кеңседе жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен және сұрау салуларымен жұмыс істеу, сондай-ақ азаматтарды қабылдау;

  • Показать изменения

2) Кеңседе, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленген құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру;

  • Показать изменения

3) жекелеген арнайы нұсқаулықтарда белгіленетін шифрланған құжаттық байланысты пайдалана отырып, құпия іс жүргізу мен құпия хат алмасуды жүргізу тәртібі реттелмейді.

  • Показать изменения

5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуге, хат-хабардың (электрондық және қағаз) есепке алынуына, сақталуына, уақтылы өтуіне және орындалуына жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.

  • Показать изменения

6. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі - БҚҚБ) Кеңсенің жаңа қызметкерлерін осы Нұсқаулықпен және Кеңсенің қызметін регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Қызметтік хат-хабарды қабылдау тәртібі

 

  • Показать изменения

7. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің органдарымен, ұйымдарымен және азаматтарымен хат жазысу мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі, өзге шетелдік корреспонденттермен басқа да шет тілдерінде жүргізілуі мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8. Қағаз хат-хабары бар конверттерді ашардың алдында БҚҚБ қызметкері олардың жолдануы мен ресімделуінің дұрыстығын, орамының бүтіндігін (мөрлер болса) тексереді. Конверттерді ашқан кезде мекенжайдың жөнелтуші атауымен, пакетте көрсетілген салу нөмірінің құжаттарға қойылған нөмірлермен сәйкестігі салыстырып тексеріледі, міндетті деректемелердің болуы мен құжаттардың және оларға қосымшалардың жинақтылығы тексеріледі.

  • Показать изменения

Алынған құжаттар мен пакеттер жеткіліксіз болған немесе бүлінген, конверттердегі нөмірлер құжаттардағы нөмірлермен сәйкес келмеген жағдайда, іс жүргізу және архив секторы меңгерушісінің ЭЦҚ-сымен куәландырылатын электрондық түрде акт жасай отырып (2-қосымша), құжаттарды цифрлау (сканерлеу) жүзеге асырылады және Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) арқылы цифрланған құжатпен бірге тиістілігіне қарай жолданады. ЭҚАБЖ-дан басып шығарылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында (бұдан әрі - Құжаттама жасау қағидалары) көзделген тәртіппен ЭЦҚ-ның оң нәтижесі айқындалғаны туралы мөртаңбамен расталған актінің қағаз көшірмесі құжаттармен бірге жөнелтушіге жолданады.

  • Показать изменения

Дұрыс жолданбаған және ресімделмеген немесе Құжаттама жасау қағидаларында көзделген міндетті деректемелері жоқ, қате салынған құжаттар тиістілігіне қарай қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады.

  • Показать изменения

Түскен хат-хабардың конверттері жөнелтушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және мекенжайын, құжаттардың жөнелтілген және алынған күні мен уақытын тек конверт арқылы белгілеу мүмкін болатын жағдайда ғана құжаттарға тігіледі.

  • Показать изменения

«Жеке өзіне» деген белгісі бар конверттерді қоспағанда, барлық конверттер БҚҚБ-да ашылуға тиіс.

«Жеке өзіне» деген белгімен қабылданған құжаттар мен пакеттер (жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінен басқа) электрондық тізілімдерде есепке алынады және ашылмай, тікелей адресатқа беріледі.

9. Кеңсеге қағаз жеткізгіштерде түсетін хат-хабарды БҚҚБ күнін, уақытын және құжаттарды алған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қабылдайды.

Қағаз хат-хабар («ҚБП» деген белгісі бар құжаттарды және қабылдануы тек қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын құжаттардан басқа) цифрлауға (сканерлеуге) және одан әрі ЭҚАБЖ-да тіркелуге тиіс.

Одан әрі жұмыс (құжатты бөлімге беру және оны орындау) тек электрондық түрде жүргізіледі, бұл ретте Кеңсеге цифрлау және тіркеу рәсімдерінен кейін түскен қағаз хат-хабардың түпнұсқалары архивке тапсырылуға тиіс.

«ҚБП» деген белгісі бар құжаттардан, сондай-ақ онымен жұмыс істеу осы Нұсқаулықтың жекелеген ережелерімен реттелетін хат-хабардан басқа, Кеңседе қағаз хат-хабармен жұмыс істеуге жол берілмейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10. Кеңсеге түсетін электрондық хат-хабарды БҚҚБ ЭЦҚ ашық кілтін және ЭЦҚ қалыптастыру мен тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (ЭЦҚ құралы) пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігін растау рәсімінен өткен ЭЦҚ түпнұсқалылығын тексеру рәсімі өткізілгеннен кейін қабылдайды.

  • Показать изменения

ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық хат-хабар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі - БКО) және Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің ведомствоаралық құжат айналымы орталығының (бұдан әрі - ЭҚАБЖ ВҚО) сервері арқылы берілуге тиіс.

  • Показать изменения

Электрондық хат-хабарды қабылдаған кезде барлық рәсімдер ЭҚАБЖ пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес жасалады.

  • Показать изменения

Шетелдік елшіліктердің ноталары мен хаттары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы ғана қабылданады.

  • Показать изменения

Электрондық құжаттарды сақтау мерзімдері және құжаттардың қағаз түпнұсқаларын ресімдеу міндеттілігі архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы бекітетін Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде белгіленеді.

  • Показать изменения

11. Құрылымдық бөлімшелердің және Үкімет пен Кеңсе басшылығы қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне іс жүргізу және архив секторында тіркелмеген қағаз жеткізгіштердегі құжаттарды қабылдауға және олармен жұмыс істеуге тыйым салынады.

  • Показать изменения

12. Белгіленген үлгідегі бланкілерге сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблонын пайдалана отырып жасалған (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен айқындалғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар), толтырылған деректемелері бар, бірінші басшының (ол болмаған кезде - бұйрық болған жағдайда, оның міндетін атқаратын адамның), өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшының, министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адамының ЭЦҚ қойылған құжаттар Кеңседе қабылдануға тиіс.

  • Показать изменения

Премьер-Министрдің атына жолданған, оның ішінде кадрлық мәселелер бойынша электрондық және/немесе қағаз хат-хабар бірінші басшының ЭЦҚ-мен куәландырылғаннан кейін және/немесе қолтаңбасымен ғана жіберіледі.

  • Показать изменения

Іссапарға кетуіне, еңбекке жарамсыздығына, демалыста болуына байланысты бірінші басшы болмаған жағдайда, мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған және/немесе ол қол қойған, Премьер-Министрге жолданған электрондық және/немесе қағаз хат-хабарды енгізуге жол беріледі.

  • Показать изменения

Бұл ретте бұдан бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылып және/немесе қолтаңбасымен енгізілген электрондық және/немесе қағаз хат-хабар мемлекеттік органның бірінші басшысы жұмысқа шыққан күннен бастап бір күн мерзімде қайта куәландырылып және/немесе қол қойылып, Кеңсеге қайта енгізілуге тиіс.

  • Показать изменения

Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде ЭЦҚ-ны тексерудің оң нәтижесінің болу шартымен бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың хаттары қоса беріледі. Құжатта күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, сұрау салуға жауап беру немесе тапсырмалардың орындалуы туралы есепте (ақпаратта) Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге жіберу немесе өткізу күнімен сәйкес келетін электрондық және қағаз хат-хабарды (электрондық құжат айналымы жүйесіне қосылмаған адресаттардан пошта арқылы түскен қағаз хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды.

  • Показать изменения

Шығыс құжатты дайындаған орындаушының тегі, аты-жөні, телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы, Кеңсе ЭҚАБЖ сәйкестендіру нөмірі бір парақтан аспайтын электрондық құжаттың бірінші парағының немесе бір парақтан асатынның соңғы парағының төменгі сол жақ бұрышына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469, Asanov.S@ukimet.kz (Кеңсе ЭҚАБЖ сәйкестендіру нөмірі), қағаз құжатта жоғарыда көрсетілген деректемелерден басқа даналар саны құжаттың бірінші парағының сырт жағына қойылады.

Қағаз хат-хабарға қосымшаларды құжатқа қол қойған немесе оны дайындаған адам (құжатты орындаушы) дәйектеуге тиіс.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Президентіне, Президент Әкімшілігіне, Парламент депутаттарына, Бас прокуратураға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жіберілетін жауап жобаларын аталған жауап жобасын әзірлеген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам дәйектейді.

  • Показать изменения

Бұл ретте егер мемлекеттік органның бірінші басшысы өзінің лауазымын Премьер-Министрдің орынбасары лауазымымен қоса атқарса, онда Үкімет пен Кеңсе Басшылығына жіберілетін жауап жобаларын дайындау мемлекеттік органның бірінші басшысымен - Премьер-Министрдің орынбасарымен алдын ала келісілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысына жолданған мемлекеттік органдардың хат-хабары белгіленген үлгідегі бланкіге сәйкес келетін және ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттардың шаблонын пайдалана отырып, мемлекеттік тілде ресімделуге тиіс (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).

  • Показать изменения

Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың хаттары орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарынан, жауапты хатшысынан немесе өзінің құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органның аппарат басшысынан төмен емес деңгейдегі адамның немесе оның міндетін атқаратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылуға тиіс.

  • Показать изменения

ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды қабылдау кезінде дана саны ескерілмейді.

  • Показать изменения

ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды Кеңсе сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды, бұл ретте сағат 17.00-ден кейін жіберілген хат-хабар тіркелуге жатпайды.

  • Показать изменения

Кеңсеге түсетін қағаз хат-хабар (құжаттар) сағат 9.00-ден 15.30-ға дейін қабылданады.

  • Показать изменения

13. Мыналар:

  • Показать изменения

1) осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарды бұза отырып ресімделген құжаттар мен оларға қосымшалар;

  • Показать изменения

2) факсимилені, түзетулерді және қандай да бір бүлініп ластанған жерлерді қамтитын, оның ішінде тескішпен тігілген, шимай қағаздарда және мемлекеттік органдар бланкілерінің көшірмелерінде орындалған қағаз хат-хабар;

  • Показать изменения

3) дұрыс жолданбаған (Кеңсе атауының, Үкімет пен Кеңсе басшылығы лауазымдарының, тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) дұрыс жазылмауы) хаттар;

  • Показать изменения

4) бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың электрондық түрдегі хаттарын немесе бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың қағаз түріндегі хаттарының көшірмелерін қамтымайтын мемлекеттік органдардың хаттары;

  • Показать изменения

5) электрондық құжаттар (ЭЦҚ тексерудің нәтижесі теріс, мазмұны, парақ саны, бланк нысанында көзделген міндетті деректемелердің болмауы және/немесе деректемелердің, сондай-ақ мәтіннің дұрыс орналаспауы);

  • Показать изменения

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін электрондық құжаттар;

  • Показать изменения

7) мемлекеттік органдардың бірыңғай ұстанымының болмауы мәселесі бойынша бірінші басшылар орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамаларын, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының ЭЦҚ-мен куәландырылған келiспеушiлiктерді жою хаттамаларын, дәлелді негіздемелер мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымын қамтымайтын мемлекеттік органдардың хаттары Кеңседе қабылдауға жатпайды.

 

 

  • Показать изменения

3-тарау. Қызметтік хат-хабарды тіркеу тәртібі

 

  • Показать изменения

14. Кеңсеге түсетін барлық хат-хабарды (құжаттарды) электрондық құжат айналымы жүйесінде іс жүргізу және архив секторы тіркейді, олар әрбір келіп түскен құжатқа кіріс (шығыс, ішкі) құжаттарды тіркеуге арналған электрондық тіркеу-бақылау карточкасын (бұдан әрі - ЭТБК) (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) толтырады.

  • Показать изменения

15. Түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды (электрондық және қағаз) іс жүргізу және архив секторының меңгерушісі алдын ала белгілеп, құзырет бойынша бөледі. Үкімет, Кеңсе басшылығының атына түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды (электрондық және қағаз) бөлу қойылған мәселелердің сипатына, маңыздылығына және мерзімділігіне қарай жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Алдын ала қаралғаннан кейін түскен құжаттар және басқа да қызметтік хат-хабар (электрондық және қағаз) белгіленген тәртіппен тіркеледі. Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды.

  • Показать изменения

16. Электрондық хат-хабарды тіркеуді БҚҚБ ЭТБК-де тіркеу нөмірін қою арқылы жүзеге асырады. Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына түскен құжаттарға «б» деген белгімен негізгі құжаттың тіркеу нөмірі қойылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17. Қағаз хат-хабарды тіркеуді оң жақ төменгі бұрышына (немесе бос кеңістік болмаған жағдайда сол жақ жоғары бұрышына) негізгі құжаттың және оған қосымшалардың кіріс тіркеу нөмірі, түскен күні, парақтарының саны көрсетілетін мөртаңба қою арқылы БҚҚБ жүзеге асырады.

  • Показать изменения

ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат ЭЦҚ тексерілгеннен кейін тіркеледі және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы Басшылықтың қабылдау бөлмелеріне және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі - құрылымдық бөлімшелер) Құжаттама жасау қағидаларына сәйкес беріледі.

  • Показать изменения

БҚҚБ меңгерушісі алдын ала қарағаннан және тіркелгеннен кейін қағаз хат-хабар осы Нұсқаулықтың 25 және 26-тармақтарының талаптары орындала отырып Үкімет, Кеңсе басшылығының және құзыреті бойынша құрылымдық бөлімшелердің қабылдау бөлмелеріне қол қойғызып беріледі.

  • Показать изменения

18. Құжат (қағаз жеткізгіште) туралы мәліметтер карточкаға енгізіледі және іс жүргізу және архив секторында қолтаңбамен, құжатты алу күнімен және уақытымен қалады және ағымдағы карточкада сақталады. Бұдан кейін бұл карточкада осы құжатты қарау барысы да белгіленеді.

  • Показать изменения

Бөлімнің жауапты орындаушысы ЭҚАБЖ жүйесінде осы құжаттың қозғалысы туралы мәліметтерді толтырады.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-тарау. Қызметтік хат-хабарды қарау және оның өтуі

 

  • Показать изменения

19. Құжаттардың өтуіне және тиісінше сақталуына жауапкершілік қабылдау бөлмелері мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне жүктеледі.

  • Показать изменения

БҚҚБ меңгерушісі зерделеу нәтижелері бойынша мыналарды:

  • Показать изменения

1) көтеріліп отырған мәселелер жекелеген мемлекеттік органдардың ерекше құзыретіне жататын және тиісінше олардың өздері шеше алатын жағдайда, мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың Үкімет басшылығында кеңестер өткізу жөніндегі өтініштерін;

  • Показать изменения

2) өздері дайындаған нормативтік құқықтық актілердің және өзге де құжаттардың жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың немесе орталық атқарушы органдар жұмыс органдары болып табылатын ведомствоаралық комиссиялардың қарауы туралы тапсырма беруді сұрайтын әзірлеуші мемлекеттік органдардың өтініштерін;

  • Показать изменения

3) Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің шешімдерін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы шешімдер қабылдауды талап ететін, бірақ өтініштерде көтеріліп отырған мәселелер құзыретіне жататын орталық атқарушы органдарда пысықталмаған мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың өтініштерін;

4) белгіленген есептілікте берілуі көзделмеген ақпаратты;

  • Показать изменения

5) Үкіметтің бақылауында жоқ және олар бойынша Үкіметті және/немесе Кеңсені хабардар ету қажеттілігі туралы нақты тапсырмалар берілмеген тапсырмаларды орындау жөніндегі ақпаратты;

  • Показать изменения

6) салықтарды төлеу мерзімін ұзарту, салықтар мен кедендік төлемдер бойынша төлеу мерзімін ұзарту және/немесе жеңілдіктер беру туралы өтінішті;

  • Показать изменения

7) Кеңсе Басшысының атына жолданған Үкімет басшылығының тапсырмаларына қатысты хаттарды;

  • Показать изменения

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің және осы Нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қамтитын электрондық немесе қағаз құжаттарды қарамай қайтарады.

  • Показать изменения

20. Құжаттардың одан әрі өтуінде түсініксіздік туындаған жағдайда, ол БҚҚБ меңгерушісіне, қажет болған жағдайда - Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына баяндалады.

  • Показать изменения

21. Үкіметтің қарауын талап етпейтін әрі орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар шеше алатын заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын Үкімет Регламентіне және Кеңсе туралы ережеге сәйкес БҚҚБ меңгерушісі (ол болмаған кезде - меңгерушінің орынбасары) тиісті министрліктерге, әкімдерге және өзге де мемлекеттік органдарға жібереді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделмеген қосымша қаржыландыру не жеке салықтық, кедендік және басқа да жеңілдіктер беру жөніндегі өтініштері, егер ол Үкімет Регламентінде белгіленген тәртіппен келісілмеген болса, тіркеусіз қайтарылады.

Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды.

  • Показать изменения

22. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен түсетін кіріс хат-хабарын өңдеу және тіркеу кезінде құжатқа танысу парағын (4-қосымша) қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының аппараттарында, ұйымдарында және мекемелерінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу ережесін қосымша басшылыққа алу қажет.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен түскен құжаттар тіркеледі, сканерленеді және бірлесіп орындаушы бөлімдерге электрондық құжаттар нысанында беріледі.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

23. Үкіметке түсетін құжаттар, әдетте, төмендегідей бөлінеді:

  • Показать изменения

Премьер-Министрдің қарауына:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары;

  • Показать изменения

2) Парламент палаталары төрағаларының, Мемлекеттік хатшының, Жоғарғы Сот Төрағасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының Премьер-Министрдің жеке өзіне жолдаған хаттары;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының хаттары мен прокурорлық қадағалау актілері;

  • Показать изменения

4) мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының хаттары;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері, қаулылары мен жолдаулары;

  • Показать изменения

6) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің хаттары мен қаулылары;

  • Показать изменения

7) Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметтік жазбалар мен басқа да хат-хабар;

  • Показать изменения

8) жол жүргенге дейін 3 (үш) күн бұрын министрліктер басшыларының, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»), «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» (бұдан әрі - «ҚазАгро» ҰБХ»), «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» (бұдан әрі - «Бәйтерек» ҰБХ») акционерлік қоғамдары басқарма төрағаларының іссапарға шығуына рұқсат алуға байланысты өтініштер;

  • Показать изменения

Премьер-Министр орынбасарларының қарауына тікелей өздеріне жолданған, сондай-ақ Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес өздері жетекшілік ететін мәселелер бойынша хат-хабар (құжаттар) беріледі;

  • Показать изменения

Кеңсе Басшысына:

  • Показать изменения

1) Үкімет Регламентіне, Кеңсе туралы ережеге және Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің және Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындауын бақылау мәселелері жөніндегі материалдар;

  • Показать изменения

2) Үкіметке және Премьер-Министрге депутаттық сауалдар: