«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін және микроқаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 135 Қаулысы
(2019.26.11. берілген өзгерістермен)
Екінші деңгейдегі банктердің және микроқаржы ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 тіркелген, 2012 жылғы 16 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 516-521 (27594) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне клиенттің негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдері, сондай-ақ қарыз беруге және қызмет көрсетуге байланысты, Қағидалардың 8 және 8-1-тармақтарында көрсетілген комиссиялар мен өзге де төлемдер кіргізіледі.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғаға берілетін қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне клиенттің банктік қарыз шарты бойынша қарыз беруге және қызмет көрсетуге байланысты клиенттің мынадай комиссиялары мен төлемдері:
1) қарыз алуға өтініш пен құжаттарды қарау үшін;
2) қарызды ұйымдастыру үшін;
3) қарыз беру үшін;
4) қарызға қызмет көрсетуге байланысты ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу үшін;