<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР ТУРАЛЫ...

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы

 

Осы редакция 2023 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасы

3-бап. Цифрлық активтер саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты мен қағидаттары

4-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті

2-тарау. ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР

5-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерге қойылатын талаптар

6-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналысы

7-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім

3-тарау. ЦИФРЛЫҚ МАЙНИНГ

8-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет

9-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау

10-бап. Цифрлық майнингтік пулдардың қызметі

11-бап. Цифрлық активтердің биржалары

12-бап. Цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылау

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

13-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) қамтамасыз етілген цифрлық актив - ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда, материалдық, зияткерлік көрсетілетін қызметтер мен активтерге құқықтарды куәландыратын, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформа арқылы тіркелген цифрлық актив;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформа - деректердің таратылған платформасы негізінде құрылған, белгілі бір ақпараттық өзара іс-қимылдарды іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған, ақпарат алмасу мүмкіндігін беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жиынтығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) қамтамасыз етілмеген цифрлық актив - ақпараттық жүйеде блокчейндегі консенсусты қолдауға қатысқаны үшін сыйақы түрінде алынған және ешкімнің де цифрлық активтер биржасында цифрлық нысанда сауда жасауға болатын ақшалай міндеттемелерін білдірмейтін цифрлық актив;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) цифрлық актив - цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген және ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) цифрлық активтер биржасы - цифрлық активтердің сауда-саттығын, шығарылуын, айналысын және сақталуын ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын цифрлық платформа;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) цифрлық майнер - цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) цифрлық майнинг - блокчейн арқылы деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін, деректерді шифрлаудың және өңдеудің берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік қуаттарды пайдалана отырып есептеу операцияларын жүргізу процесі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы - цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннен және тұрғын аймақтың аумағынан тыс жерде орналасқан өндірістік ғимараттан тұратын, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр энергиясын пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) цифрлық майнингтік пул - Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Цифрлық активтер саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты мен қағидаттары

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілетті болуы үшін Қазақстан Республикасында цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы, цифрлық майнинг жөніндегі қызметті дамыту цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) заңдылық;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) жеке және заңды тұлғалардың цифрлық активтер саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерін пайдалану құқықтарының теңдігі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолжетімділігі шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды іздеу, қалыптастыру және беру еркіндігі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) цифрлық активтерді пайдалану, шығару және цифрлық майнинг кезінде жеке бастың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) цифрлық активтерді шығару, пайдалану саласын, цифрлық майнингті, сондай-ақ адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Уәкілетті орган:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) цифрлық активтер саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды береді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау қағидаларын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеуді жүргізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық актив түрлерінің тізбесін бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9) цифрлық активтер саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізілімін жүргізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және оның тізілімін жүргізу қағидаларын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат береді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) цифрлық майнерлер үшін электр энергиясына квотаны айқындау тетігін бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР

 

5-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерге қойылатын талаптар

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қамтамасыз етілген цифрлық актив мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда, материалдық, зияткерлік көрсетілетін қызметтер мен активтерге құқықты куәландырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) қамтамасыз етілген цифрлық активті шығару туралы шешімі болады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) есеп айырысатын ақша бірлігі, заңды төлем құралы болып табылмайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) қаржы құралы немесе қаржы активі деп танылмайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) қамтамасыз етілген цифрлық активті шығарған тұлға туралы деректерді қамтиды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) активті қамтамасыз етілген цифрлық актив етіп құрғанға дейін оған мүліктік және (немесе) зияткерлік құқықтардың растамасы болады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) блокчейн желісінде активтің және (немесе) мүлікке құқықтың ауысуы туралы жазбасы болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін цифрлық актив қамтамасыз етілген цифрлық активтерге жатпайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналысы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформаны пайдалануды жүзеге асыратын және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсаты бар Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері, заңды тұлғасы қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлға болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналысы жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсатты цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғалар «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингінің субъектілері болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғалар жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сатып алуға, иеленуге және олармен операциялар жасауға байланысты тәуекелдер туралы хабардар етуге міндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Мүліктің меншік иесі немесе қамтамасыз етілген цифрлық активпен куәландырылатын құқықтар тиесілі болатын тұлға қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға бастамашылық жасаған тұлға болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада цифрлық активтердің аталған тұлғаға берілгені туралы жазба орналастырылған кезден бастап қамтамасыз етілген цифрлық активтермен куәландырылған құқықтар туындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Шығарылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтермен куәландырылатын құқықтардың түрі мен көлемі қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімде айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Қамтамасыз етілген цифрлық активті шығару оның қамтамасыз етілуінің бар-жоғы тексерілгеннен кейін ғана, цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада жазбаны орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның интернет-ресурсында жарияланады және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға бастамашылық жасаған тұлға қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы тиісті шешімнің негізінде шығарылған қамтамасыз етілген цифрлық активтердің барлық иеленушілерінің алдындағы міндеттемелерді толық орындағанға дейін ашық қолжетімділікте болуға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-тарау. ЦИФРЛЫҚ МАЙНИНГ

 

8-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті цифрлық майнер цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығын пайдалана отырып, цифрлық майнингтік пул арқылы жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Цифрлық майнерлер өз қызметін цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларға сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Цифрлық майнер цифрлық майнингтің нәтижесінде туындаған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің меншік иесі болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-баптың 4-тармағы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2024 ж. 1 қаңтардан 2025 ж. 1 қаңтарға дейін 14-баптың редакциясында қолданылады

4. Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнингтің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді өткізген жағдайда, мұндай цифрлық активтер салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес кемінде жетпіс бес пайыз мөлшерінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының лицензиясы бар цифрлық активтер биржалары арқылы міндетті түрде сатылуға жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерлеріне, заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат етіледі және ол қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына жатпайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Өзін-өзі реттейтін ұйымға және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті қоспағанда, цифрлық майнинг жөніндегі қызметке қатысы жоқ өзге қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет өтініш берушіге үш жыл мерзімге берілетін цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия мынадай кіші түрлер бойынша:

І кіші түр бойынша - меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнерге;

ІІ кіші түр бойынша - меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналастырылған, өзіне меншік құқығында тиесілі цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнерге беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау қағидаларына сәйкес беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Лицензиялық алымның мөлшері, оны есептеу және төлеу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10-бап. Цифрлық майнингтік пулдардың қызметі

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу өзінің нәтижесінде цифрлық майнингтік пул өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетінін ресми тануға ие болатын рәсім болып табылады.

Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу олардың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу үшін:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің Қазақстан Республикасының аумағында нақты орналасуы;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар сынақтар актісінің болуы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларында айқындалған өзге де талаптарға сәйкес келуі міндетті шарттар болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Цифрлық майнингтік пул уәкілетті органға және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес ақпарат береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Цифрлық майнингтік пулдардың цифрлық майнерлер қызметінің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді олардың арасында бөлуі цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына жатпайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Цифрлық активтердің биржалары

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Цифрлық активтердің биржаларына қойылатын талаптар және оларды «Астана» халықаралық қаржы орталығында лицензиялау тәртібі «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі цифрлық активтердің биржасына, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар қатысушысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік шоттар ашады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Цифрлық активтердің биржалары жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алуға, иеленуге және олармен операциялар жасауға байланысты тәуекелдер туралы хабардар етуге міндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер қаржы құралдары немесе қаржы активтері деп танылмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына, сондай-ақ қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Цифрлық активтер биржасының және осы баптың 2-тармағында аталған субъектілердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен тетіктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының актісінде айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Цифрлық активтер биржалары есептілігінің тізбесі, оны ұсыну мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен келісу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының актісінде айқындалады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12-бап. Цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылау

  • Показать изменения

Цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

13-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 4-тармағын қоспағанда, 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі, осы тармақ 2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«4. Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнинг жөніндегі қызмет нәтижесінде алынған цифрлық активтерді өткізген жағдайда, мұндай цифрлық активтер салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес кемінде елу пайыз мөлшерінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының лицензиясы бар цифрлық активтер биржалары арқылы міндетті түрде сатылуға жатады.».

 

 

Қазақстан Республикасының

     Президенті

 

      Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 6 ақпан

          № 193-VІІ ҚРЗ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Содержание
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР2-тарау. ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР3-тарау. ЦИФРЛЫҚ МАЙНИНГ4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР