«Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шiлдедегi № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 107 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинау және талдау тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Есептілік мынадай ақпаратты қамтиды:
1) ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
2) бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
3) ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәлімет;
4) лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдері санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер;
5) кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер;
6) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төленген төлем сомасы туралы мәліметтер;
7) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған міндетті резервтер түріндегі әрбір лицензияға қамтамасыз етудің сомасы туралы мәліметтер;