Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне және «Заңды тұлағаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 қазандағы № 2489 Жарлығы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне және
"Заңды тұлағаларды мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күшi бар Жарлығына өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы заң күшi бар Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 5 қазандағы № 2489 Жарлығы

"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, қолданылып жүрген заңдарды "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiру қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ кейбір заң актілері нормаларының араларындағы қайшылықтарды жою мақсатында қаулы етемiн:

I. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. Қазақ ССР-iнiң 1980 жылғы 13 қарашадағы Заңымен бекітілген Қазақ ССР-iнiң адвокатурасы туралы Ереженi (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомстары, 1980 ж., № 48, 189-құжат; Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 28, 382-құжат) 19-1-бабының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"Жеке адвокаттық кеңсе өз қызметiн жарғының не құрылтай шарт (құрылтайшылар бiреуден артық болғанда) пен жарғының негiзiнде жүзеге асырады. Жеке адвокаттық кеңсе әдiлет органдарында тiркеуге жатады."

2. "Қазақ ССР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Қазақ ССР-iнiң 1990 жылғы 30 қарашадағы Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., № 49, 455-құжат; 1992 ж., № 6 116-құжат);

1) 6-баптың 3-тармағының алтыншы абзацы алынып тасталсын;

2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"8-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу

Еркiн экономикалық аймақтар аумағында орналасқан заңды тұлғалар әдiлет орындарында мемлекеттік тiркеуге жатады. Мемлекеттік тiркеудiң тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады".

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг