Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығы (ҚР Президентінің 10.03.04 ж. № 1301 Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын
қорғау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27
сәуірдегі № 3928 Жарлығы
(ҚР Президентінің 10.03.04 ж. № 1301 Жарлығымен
енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды

 

Жеке және заңды тұлғалардың еркiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына кедергiлердi жою мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағына, 40-бабының 2-тармағы мен 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнен Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделмеген төлемдер алу жөнiнде өкiлеттiк беретiн нормативтiк актiлер шығаруына тыйым салынсын.

ҚР Президентінің 10.03.04 ж. № 1301 Жарлығымен 2-тармақ алынып тасталды

2. Қызметтiң лицензияланбаған түрлерiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер мен саны 10 адамнан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттік бақылаушы органдардың, салық органдарын қоспағанда, өз бастамалары бойынша үш жылда бiр реттен жиi емес, әрi заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларда ғана тексеруiне болады деп белгiленсiн.

3. Барлық деңгейлердегi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға:

1) меншiктiң нысандарына қарамастан жеке кәсiпкерлер мен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының заң актілері мен халықаралық шарттарында көзделмеген шектеулер қою жолымен араласуға;

2) кәсiпкерлiк қызмет түрлерiмен айналысуға лицензиялар мен заң актілерінде көзделген рұқсаттар беру құқығын мемлекеттік мәртебесi жоқ ұйымдарға тапсыруға;

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг