Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін! Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы (Астана қаласы, 2004 жылғы 19 наурыз)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін,
бәсекеге қабілетті халық үшін! Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы
(Астана қаласы, 2004 жылғы 19 наурыз)

Қымбатты қазақстандықтар!

Өткен жыл ұлттық экономикамызды дамыту турасында сенімімiздi нықтап, үмітімізді ұштай түстi. Coңғы төрт жылда жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсiмi 50 пайызға жуық артты.

Наурыз айының басында «Дейли телеграф» ықпалды басылымы «Оксфорд аналитика» британ компаниясының экономикалық талдауын жариялаған еді, онда Қазақстан транзитті экономикасы бар мемлекеттердiң арасында аршынды дамып келе жатқан елдердің бірi ретiнде аталып, биылғы жылы да осындай көшбастаушы тұғырын сақтап қалатыны жайында болжам жасалған eкeн.

2003 жыл Индустриялық-инновациялық стратегиямызды iске асырудың алғашқы жылы болды. Елiмiзде даму институттары құрылып, олар қазірдің өзiнде өңдеушi салаларды жаңғыртуға нақтылы ықпал жасай бастады. Даму банкi жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит бөліп отыр.

Инновациялық қор елiмiздегі алғашқы ғарыштық жер серігінің жасалуын қаржыландыруды қолға алды.

Өткен жылы бес мұнай-химия кәсiпорнының жұмысы қалпына келтiрiлдi. Балқашта мырыш, Атырауда полиэтилен құбырларын өндiретiн зауыттар, Каспий теңiзіндегі жағалау жұмыстарына көмек жасайтын инфрақұрылым пайдалануға берiлдi. Қостанай дизель зауыты iске қосылды.

Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң көптеген кәсіпорындарын жаңғыртып, қайтадан жасақтау жүзеге асырылып жатыр.

Мұны жақсы нышан деу керек, бiзде тәуелсiздiк алған жылдарымыздың iшiнде 2003 жылы тұңғыш рет өңдеушi өнеркәсiптiң өcу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң өсу қарқынынан асып түстi. Машина жасауда бұл көрсеткiш 20 пайыздан да артық болды.

Аграрлық азық-түлiк бағдарламасын жүзеге асырудың да алғашқы жылы аяқталды. Қуантарлық нәтижелер бар. АӨК-тi мемлекеттік қолдау көлемi едәуiр ұлғайды.

Былтырғы жылы ауыл еңбеккерлерi 51,5 миллиардқа жуық теңге алса, биыл оларға 70 миллиард теңгедей қаржы бөлiнiп отыр.

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг