<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы

N 1278 және 1999 жылғы 11 наурыздағы N 233 қаулыларына толықтырулар

енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

1999 жылғы 14 маусымдағы N 733 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1120 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 427-құжат):

осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің ережелерінде:

3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеуге қайта тапсырылған жағдайда, ол тиісті органның қайта бекітуіне (қайта қол қоюға) жатады";

2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат):

аталған қаулыға 1-қосымшада:

13-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші абзацтармен толықтырылсын:

"мемлекеттік органдарда мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру;

заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден өтпеген актілерге наразылық білдіруге прокуратура органдарына ұсыныстар енгізу".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі