Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек
көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік
сомалары мен сақтандыру төлемдерiн қалыптастыру, пайдалану және есепке
алу тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің 1999 ж. 3 мамырдағы N 177 бұйрығы
(ҚР Қаржы министрлігінің 14.09.99 ж. N 496; 18.10.99 ж. N 570; 08.12.99
ж. N 650; 20.07.00 ж. N 331; 24.11.00 ж. N 496; 07.04.01 ж. N 177;
28.05.01 ж. N 278; 15.08.01 ж. N 381; 19.12.01 ж. N 537; 04.03.02 ж. N
88; 01.07.02 ж. N 302; 15.07.02 ж. N 324; 05.10.02 ж. N 478;
01.11.02 ж. N 552; 25.12.02 ж. N 638 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 08.05.03 ж. N 191 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331; 01.07.02 ж. N 302 бұйрықтарымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді
Бұйырамын:
1. Мыналар:
1) Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру төлемдерiн қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағида
2) 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызмет көрсетулерiнiң тiзбесi;
3) Мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан алынатын қаражаттар бойынша кiрiстер мен шығыстар сметасының нысаны;
4) 3-қосымшаға сәйкес бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттарды пайдалану туралы есептiң нысаны;
5) 4-қосымшаға сәйкес Демеушiлiк және қайырымдылық көмек үшiн шоттар ашуға (әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) рұқсат нысаны;
6) 5-қосымшаға сәйкес депозиттiк шот ашуға (әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) рұқсат нысаны бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттiк мекемелер 1999 жылға арналған ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражаттар бойынша сметаларда 1 тоқсанда сомалардың кiрiс және шығыс бөлiгi бойынша арнайы қаражаттардың шоттары бойынша 1999 жылдың 1 сәуiрге дейiн түскен және жұмсалған сомаларды қарастырсын.
1999 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша арнайы қаражаттар бойынша шоттардағы қалдықтар 1999 жылға арналған ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражаттар бойынша сметалар 1999 жылғы 1 маусымға дейiн бекiтiлмеген жағдайда, тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне аударуға жатады.
3. Демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен қаражаттардың қалдықтарын арнайы қаражаттар бойынша шоттарға немесе мемлекеттiк мекемелердiң "Тапсырыстар бойынша сомаларын" аталған Қағидаға сәйкес ашылған демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсетуге арналған шоттарға аударуға рұқсат етiлсiн.
4. 3-тармақта аталған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелердiң "Тапсырыстар бойынша сомалар" шоттарындағы қалдықтар тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне есепке алуға жатады.
5. Мемлекеттiк мекемелердiң ашық депозиттік шоттары 1999 жылғы 1 маусымға дейiн әрекет етедi деп белгiленсiн. Аталған шоттардың әрекет ету мерзiмiн ұзарту аталған Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мыналарды:
1) мемлекеттiк кәсiпорындар болып қайта тiркелген бюджеттiк мекемелердiң қаражаттары олардың есептiк шоттарына есепке алуды;
2) жалпы бiлiм беретiн мектептерде жалпыға бiрдей мiндеттi оқыту қорын құрайтын қаражаттар мен ұзартылған күн тобы бар мектептер мен мектеп жанындағы мектеп-интернаттарда балаларды тамақтандыруға түсетiн қаражаттар ақылы қызмет көрсетулердiң тиiстi түрлерi бойынша "Ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражаттар" ағымдағы шотына есепке алуды;
3) "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Алматы қаласы Әкiмiнiң бюджеттен тыс қорын сақтауды қоспағанда, Қаржы министрiнiң 1982 жылғы 27 мамырдағы N 27 бұйрығымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде тұратын мекемелердiң бюджеттен тыс қаражаттарын жоспарлау, пайдалану және есепке алу тәртiбi туралы нұсқаулықпен рұқсат етiлген бюджеттiк мекемелердiң "Басқа бюджеттен тыс қаражаттар" бойынша шоттарындағы қаражаттардың қалдықтары тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне есепке алынсын.
7. Бюджет департаментi осы Қағиданы белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеудi жүргiзсiн.
8. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде тұратын мекемелердiң бюджеттен тыс қаражаттарын жоспарлау, пайдалану және есепке алу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы Қаржы министрiнiң 1982 жылғы 27 мамырдағы N 27 бұйрығы өзгерiстерi мен толықтыруларымен бiрге, Қаржы министрлiгiнiң "Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердiң депозиттік сомаларын қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртiбi туралы" 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 44 бұйрығы және Қаржы министрлiгiнiң "Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк сомаларын қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртiбi туралы" 1999 жылғы 16 сәуiрдегi N 153 бұйрығы күшi жойылған деп танылсын.
9. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеген күнiнен бастап күшiне енгiзiледi.
Қаржы министрінің
бірінші орынбасары | | Ж. Ертілесова
|
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
1999 жылғы 3 мамырдағы N 177
бұйрығымен бекітілді
Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік
және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды,
мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру
төлемдерiн қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі
туралы қағида
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен тақырыбы өзгертілді
1. Ақылы қызметтер көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының нормативтiк актiлерiмен рұқсат етiлген ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттарды мемлекеттiк мекемелер мемлекеттiк мекеменiң "Ақылы қызмет көрсетуден алынған қаражаттар" ағымдағы шотына жатқызады. Қызметтер көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттарды жоғарыда аталған шотқа жатқызуға рұқсат етiлген мемлекеттiк мекемелер тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық кесімдермен белгiленедi. Басқа мемлекеттiк мекемелер басқа ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан түсетiн түсiмдерiн мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне есептейдi.
ҚР Қаржы министрлігінің 01.11.02 ж. N 552 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді
2. Ақылы қызмет көрсетулердiң тiзбесi функционалдық топ, кiшi функция, мемлекеттiк мекеме-бағдарламалардың әкiмшiлерi, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар кодтары, ақылы қызмет көрсетудiң түрлерi, түсiмдердiң құралу көздерi мен пайдалану бағыттары көрсетiле отырып, Қаржы министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi (1-қосымша). Сол сияқты мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызмет көрсету тiзбесiндегi барлық өзгерiстер Қаржы министрлiгiнiң бұйрығымен енгiзiледi. Функционалдық топ, кiшi функция, мемлекеттiк мекеме-бағдарламалардың әкiмшiлерi, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар кодтары экономика және бюджеттік жоспарлау министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк бюджет шығыстарының бюджеттiк сыныптамасына сәйкес белгiленедi.
3. Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар осы Ережемен белгiленген тәртiппен жоспарланады және пайдаланылады, қатаң нысаналы мақсат бойынша жұмсалады және олардың таратушылары бюджет қаражаттарына иелiк ету құқығы берiлген мемлекеттiк мекемелердiң басшылары болып табылады.
4. Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттардың есебi мен есептемесi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттiк мекемелердiң "Ақылы қызмет көрсетуден алынған қаражаттар" ағымдағы шотын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
Егер мемлекеттiк мекемелер сметалары атқарылуының бухгалтерлiк есебiн орталықтандырылған бухгалтерия жүргiзсе, онда осы бухгалтерия қызмет көрсететiн барлық мемлекеттiк мекемелер үшiн бiр ағымдағы шот ашылады. Бұл ағымдағы шотты орталықтандырылған бухгалтерия орналасқан ұйым ашады.
6. Ағымдағы шоттар бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар бойынша банктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеудi олар мен банк арасындағы келiсiм-шарт негiзiнде ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражаттардың есебiнен мекемелер жүргiзедi.
Жоспарланған кезде бұл сомалар шығыстар бөлiгiнiң сметасында көрсетiледi.
7. Құзыретiне мемлекеттiк мекемелердiң негiзгi қызметiне тексеру және тексерiстер жүргiзу енетiн ұйымдар, бiр мезгiлде қолда бар ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар түсiмiнiң заңдылығын, олардың мақсатты және үнемдi жұмсалуын, сондай-ақ осы қаражаттар бойынша есеп жүргiзудiң және есептеме жасаудың дұрыстығын тексередi.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Ақылы қызмет көрсетуді сатудан алынатын қаражат алатын бар мемлекеттік мекемелер жыл сайын 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызмет көрсетулерді сатудан алатын қаражат бойынша кірістер мен шығыстардың жеке сметасын (бұдан әрі - жеке смета) жасайды.
Әрбір мемлекеттік мекеме осы мемлекеттік мекеме дербес есеп жүргізетініне немесе орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететіндігіне қарамастан жеке сметаларды жасайды. Орталықтандырылған бухгалтериялар қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің жеке сметаларын тікелей жасау орталықтандырылған бухгалтерияның қызметкерлеріне жүктеледі.
9. Сметалардың кiрiс бөлiгiне олардың жоспарланған жылы бекiтiлген тiзбесiне сәйкес ақылы қызмет көрсетудiң тиiстi түрлерi бойынша ақшалай қаражаттарының түсiмдерi мен жоспарланған жылдың басында ағымдағы шоттағы ақылы қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша ақшалай қаражаттардың қалдығы енедi.
10. Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар сметасы бойынша шығыстар шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерi бойынша оларды тағайындау мен бөлуге сәйкес көзделедi.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 11-тармақ жаңа редакцияда
11. Мемлекеттік мекемелер жасаған жеке сметаларға мемлекет мекемелерінің басшылары қол қояды. Жеке сметаға кірістер бойынша және шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша есептемелер, сондай-ақ түсіндірме жазба қоса берілуі тиіс.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 12-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен 12-тармақ өзгертілді
12. Мемлекеттік мекемелер жеке сметаларды бюджет бағдарламасының әкімшісіне бекітуге ұсынады.
Бюджет бағдарламасының әкімшісі 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша 2 данада жиынтық смета жасайды және бекiтедi.
Жиынтық смета мемлекеттік мекемелердің жеке сметаларының негізінде жасалады және оған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржы қызметiнiң басшысы қол қояды. Жеке сметалардың жалпы сомасы ақылы қызмет көрсетудің әрбір түрі және сметаның әрбір көрсеткіші бойынша жиынтық сметаның сомасына тең болуы тиіс.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 13-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен 13-тармақ өзгертілді
13. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жиынтық сметаны жоспарланатын жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiне немесе жергiлiктi қаржы органына келiсуге ұсынады.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 14-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен 14-тармақ өзгертілді
14. Жиынтық сметаны қарау ұсынылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және жергілікті уәкілетті органдары бұл сметаларды ақылы қызмет көрсетуді сатудан алынатын қаражаттың түсім көздерінің заңдылығына да қатысты және сол сияқты кірістерді есептеудің толықтығы мен дұрыстығына, қаражаттың мақсатты бағытталуы, шығыстарды есептеуде үнем режимін қадағалауға да қатысты келiседi.
ҚР Қаржы министрлігінің 14.09.99 ж. N 496 бұйрығымен 15-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 15-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен 15-тармақ өзгертілді
15. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған жиынтық сметаларды тиістілігі бойынша функционалдық басқармалар қарайды және Қаржы вице-министрі келiседi.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған жиынтық сметаларды тиісті жергілікті уәкілетті органдарының басшылары келiседi.
Келiсілген жиынтық сметаның бір данасы жиынтық сметаны келiскен ұйымда (Қаржы министрлігі немесе жергілікті уәкілетті органы) қалады, бір данасы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне беріледі.
Әрбір мемлекеттік мекеменің жеке сметасын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы 3 данада бекітеді. Мемлекеттік мекеменің жеке сметасын бекітілген жиынтық сметасы болмаған жағдайда бекітуге жол берілмейді.
Бекітілген жеке сметаның бір данасы бюджеттік бағдарламаның әкімшісінде қалады.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сметасы бекітілген мемлекеттік мекемеге осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық сметаның көшірмесімен бірге, бекітілген жеке сметаның 2 данасын береді.
Мемлекеттік мекеме бекітілген жеке сметаның бір данасын өзіне қалдырады, бекітілген жеке сметаның бір данасын Қазынашылықтың аумақтық органына ұсынады.
Қазынашылықтың аумақтық органы бекітілген жеке сметаға сәйкес мемлекеттік мекеменің "Ақылы қызмет көрсетулерден түсетін қаражаттар" және осы шот бойынша операциялар" ағымдағы шотының ашылуын және әрекет ету мерзімінің ұзартылуын жүзеге асырады.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331, 07.04.01 ж. N 177 бұйрықтарымен 16-тармақ өзгертілді; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен 16-тармақ толықтырылды
16. Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын Қаражат бойынша кірістер мен шығыстар сметасы жоспарланған жылдың 1 қаңтарына дейiн бекiтiлуi тиiс және келiсiлуi. Бекiтiлген және келiсілген сметалардың әрекетi есептi жылдың 31 желтоқсанда тоқтатылады. Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттардың қалдықтары ағымдағы шотта есептi жылдың 31 желтоқсанында жинақталған ақылы қызмет көрсетудiң түрлерi сақталған жағдайда, алдағы жылдың тиiстi ақылы қызмет көрсету түрлерi сметасының кiрiс бөлiгiне, басқа жағдайда тиiстi бюджеттердiң кiрiс бөлiгiне көшiрiледi.
Егер, мемлекеттiк мекеме-бағдарламалардың әкiмшiлерi белгiленген тәртiппен бекiту және келісу үшiн ұсынған ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын Қаражат бойынша кірістер мен шығыстар сметасы жоспарланған жылдың 1 қаңтарына дейiн бекiтiлмесе және келісілмесе, оған сметалар бекiтiлгенге және келісілгенге дейiн алдымен жоспарланған жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 ақпанына дейiн созылатын кезең iшiнде 31 желтоқсандағы қаражаттар қалдығы шегiнде ғана шығыстар мен өткен жылғы шығыстар сметасын жүргiзуге рұқсат етiледi.
Егер смета жоспарланған жылдың 1 сәуiрiне дейiн бекiтiлмесе және келісілмесе, онда жоспарланған жылғы 1 қаңтардан бастап 1 сәуiрдi қоса алғанда түскен қаражатты қазынашылықтың аумақтық органдарымен тиiстi бюджеттiң кiрiс бөлiгiне есепке алынады, бұл ретте республикалық бюджеттiң кiрiсiне қаражаттың уақытылы есепке алынуын қазынашылықтың аумақтық органдары жергiлiктi уәкілетті органы өкімінің негізінде жүргізеді.
17. Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар бойынша кiрiстер төлеушiлерден не ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар сақталатын мемлекеттiк мекемелердiң ағымдағы шотына аудару жолымен, не мекеменiң кассасына тiкелей қолма-қол ақшалай түсуi мүмкiн. Ақылы Қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар бойынша қолма-қол ақшаларды сол сияқты оған мекеме бойынша бұйрықпен жүктелген тұлға қабылдай алады. Төлеушiлерге ақша қабылдау туралы белгiленген үлгiдегi квитанция немесе ұйымда ақша құжаттарымен бiрдей сақталатын кiрiс кассалық ордерлерi берiледi.
Мемлекеттiк мекеме кассаға қабылдаған қолма-қол ақшалар оларды қабылдаған күннен бастап 3 банктiк күннен кешiктiрiлмей ағымдағы шотқа аударылуы тиiс. Бұл қаражаттарды уәкiлеттi банк бөлiмшесiне алдын ала тапсырмай жұмсауға рұқсат етiлмейдi. Мемлекеттiк мекемеге түскен сомалардың уақытылы және толық тапсырылуына басшы мен бас бухгалтер жауап бередi.
18. Мемлекеттiк мекемелер ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттарды тек бекiтiлген сметалар және ақылы қызмет көрсетудiң әрбiр түрi бойынша iс жүзiнде түскен кiрiстер шегiнде ғана жұмсай алады.
ҚР Қаржы министрлігінің 07.04.01 ж. N 177; 01.07.02 ж. N 302 бұйрықтарымен 19-тармақ толықтырылды
19. Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар сметасында көзделген артық сомалардан жыл бойы түскен кiрiстер ағымдағы жылы ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттардың негiзгi сметалары қалай бекiтiлсе және келiсiлсе, сондай тәртiпте бекiтiлген және келiсiлген қосымша сомаларға қосымша сметалар бар болған жағдайда жұмсалуы мүмкiн. Сметаларға "қосымша" деген белгi қойылады.
Түскен және бекiтiлген сметада көзделмеген кiрiстер он банктiк күн iшiнде тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мемлекеттiк мекемелерге аударылуға жатады.
Cметада көзделген сомадан тыс түскен кiрiстердiң және түскен және бекiтiлген сметада көзделмеген кiрiстердiң тиiстi бюджетке уақытылы есепке алынуын бақылауды қазынашылықтың аумақтық органдары жүзеге асырады.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 19-1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен 19-1-тармақ толықтырылды
19-1. Ақылы қызмет көрсетулер бойынша кірістер мен шығыстардың жылдық сомасы ұлғайған жағдайда, жаңа жеке және жиынтық смета жасалады
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 19-2-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен 19-2-тармақ толықтырылды және өзгертілді
19-2. Жеке немесе жиынтық сметаға ақылы қызмет көрсетулердің әрбір түрі бойынша ерекшеліктер мен тоқсандар арасында жылдық соманың шеңберінде өзгерістер енгізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ұсынылып отырған өзгерістер бойынша негіздемелер мен есеп айырысуларды қоса бере отырып, 2-2-қосымшаға сәйкес жеке сметаның өзгеруі туралы анықтаманың жобасын ұсынады;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ұсынылып отырған өзгерістер бойынша негіздемелер мен есеп айырысуларды тексереді, 2-2-қосымшаға сәйкес жиынтық сметаның өзгеруі туралы анықтаманы жасайды және бекiтедi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органына келісуге ұсынады;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі немесе жергілікті уәкілетті органдары ұсынылған жиынтық сметаның өзгеруі туралы анықтаманы қарайды, енгізіліп отырған өзгерістер бойынша негіздемені және есеп айырысуды тексереді;
жиынтық сметаның өзгеруі туралы анықтама 2 данада бекітіледі және келiсiледi: бір данасы анықтаманы келiсiлген ұйымда (Қаржы министрлігі немесе жергілікті уәкілетті органы) қалады, бір данасы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне беріледі;
жиынтық сметаның өзгеруі туралы бекітілген анықтаманың негізінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік мекеменің жеке сметасының өзгеруі туралы анықтаманы 3 данада бекітеді. Жиынтық сметаның өзгеруі туралы бекітілген және келiсiлген анықтамасыз жеке сметаның өзгеруі туралы анықтаманы бекітуге жол берілмейді;
бекітілген анықтаманың бір данасы бюджеттік бағдарламаның әкімшісінде қалады, екі данасын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сметасы бекітілген мемлекеттік мекемеге береді;
мемлекеттік мекеме жеке сметаның өзгеруі туралы бекітілген анықтаманың бір данасын өзінде қалдырады, бір данасын Қазынашылықтың аумақтық органына ұсынады.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331; 01.07.02 ж. N 302 бұйрықтарымен 19-3-тармақ жаңа редакцияда
19-3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бекiткен және Қаржы министрлiгiмен немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдармен келiсiлген жиынтық сметалар мен жиынтық сметалардың өзгеруi туралы анықтамаларды тiркеудi Қаржы министрлiгi немесе жергiлiктi уәкілетті органдар жүзеге асырады, ал бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бекiткен жеке сметалар мен жеке сметалардың өзгеруi туралы анықтамаларды тiркеудi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жүзеге асырады.
ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен 19-4-тармақпен толықтырылды
19-4. Ақылы қызмет түрлерiн және ақылы қызметтер бойынша кiрiстер мен шығыстардың жылдық сомасын сақтай отырып, Бiрыңғай бюджет сыныптамасының бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының кодтары өзгерген жағдайда, жеке (жиынтық) сметалар жаңа кодтарға сәйкес бекiтiледi, ал белгiленген тәртiппен бекiтiлген және келiсiлген жеке (жиынтық) сметалар жоғарыда аталған кодтар өзгергенге дейiн қайта бекiтуге және қайта келiсуге жатпайды. Осындай сметалар бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң кодтардың өзгеруi туралы қолдау хатының негiзiнде Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың өзгерген кодтары бойынша қазынашылық аумақтық органдарында қайта ресiмдеуге жатады.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 20-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 15.07.02 ж. N 324 бұйрығымен 20-тармақ толықтырылды
20. Мемлекеттік мекемелердің қаражатты бюджеттік шоттардан және заңнамаға сәйкес ашылатын басқа да шоттардан ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан алынатын қаражаттың ағымдағы шотына аударуына тыйым салынады.
Түзеу мекемелеріне қаражаттарды депозиттік шоттан ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан алынатын қаражаттардың ағымдағы шотына аударуға рұқсат етіледі.
Депозиттік шоттан қаражаттарды ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан алынатын қаражаттардың ағымдағы шотына аудару үшін түзеу мекемелері сотталғандардың өтініштерінің негізінде ақшаны депозиттік шоттан аударуға төлем ведомостерін толтырады және оларды қазынашылықтың аумақтық органдарына береді.
ҚР Қаржы министрлігінің 14.09.99 ж. N 496; 07.04.01 ж. N 177; 01.07.02 ж. N 302 бұйрықтарымен 21-тармақ өзгертілді
21. Мемлекеттiк мекеме-бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп жасау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк актiлерiнде белгiленген тәртiпте, нысанда және мерзiмде ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттарды пайдалану жөнiнде есеп жасайды, олардың қаржыландырылуына бюджетiне байланысты Қазынашылық комитетiне не жергілікті уәкілетті органдарына ұсынады. Қазынашылық комитетi және облыстық, Астана және Алматы қалаларының уәкілетті органдары мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттарын пайдалану туралы есебiн 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қаржы министрлiгiне ұсынады.