Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек
көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік
сомалары мен сақтандыру төлемдерiн қалыптастыру, пайдалану және есепке
алу тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің 1999 ж. 3 мамырдағы N 177 бұйрығы
(ҚР Қаржы министрлігінің 14.09.99 ж. N 496; 18.10.99 ж. N 570; 08.12.99
ж. N 650; 20.07.00 ж. N 331; 24.11.00 ж. N 496; 07.04.01 ж. N 177;
28.05.01 ж. N 278; 15.08.01 ж. N 381; 19.12.01 ж. N 537; 04.03.02 ж. N
88; 01.07.02 ж. N 302; 15.07.02 ж. N 324; 05.10.02 ж. N 478;
01.11.02 ж. N 552; 25.12.02 ж. N 638; 08.05.03 ж. N 191; 04.07.03 ж. N 254
бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2003 ж. 15 қыркүйектегі N 342 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Қаржы министрінің 04.07.03 ж. N 254 бұйрығымен мәтін бойынша сөздер өзгертілді
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331; 01.07.02 ж. N 302 бұйрықтарымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді
Бұйырамын:
1. Мыналар:
1) Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру төлемдерiн қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағида
2) 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызмет көрсетулерiнiң тiзбесi;
3) Мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан алынатын қаражаттар бойынша кiрiстер мен шығыстар сметасының нысаны;
4) 3-қосымшаға сәйкес бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттарды пайдалану туралы есептiң нысаны;
5) 4-қосымшаға сәйкес Демеушiлiк және қайырымдылық көмек үшiн шоттар ашуға (әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) рұқсат нысаны;
6) 5-қосымшаға сәйкес депозиттiк шот ашуға (әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) рұқсат нысаны бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттiк мекемелер 1999 жылға арналған ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражаттар бойынша сметаларда 1 тоқсанда сомалардың кiрiс және шығыс бөлiгi бойынша арнайы қаражаттардың шоттары бойынша 1999 жылдың 1 сәуiрге дейiн түскен және жұмсалған сомаларды қарастырсын.
1999 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша арнайы қаражаттар бойынша шоттардағы қалдықтар 1999 жылға арналған ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражаттар бойынша сметалар 1999 жылғы 1 маусымға дейiн бекiтiлмеген жағдайда, тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне аударуға жатады.
3. Демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен қаражаттардың қалдықтарын арнайы қаражаттар бойынша шоттарға немесе мемлекеттiк мекемелердiң "Тапсырыстар бойынша сомаларын" аталған Қағидаға сәйкес ашылған демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсетуге арналған шоттарға аударуға рұқсат етiлсiн.
4. 3-тармақта аталған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелердiң "Тапсырыстар бойынша сомалар" шоттарындағы қалдықтар тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне есепке алуға жатады.
5. Мемлекеттiк мекемелердiң ашық депозиттік шоттары 1999 жылғы 1 маусымға дейiн әрекет етедi деп белгiленсiн. Аталған шоттардың әрекет ету мерзiмiн ұзарту аталған Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мыналарды:
1) мемлекеттiк кәсiпорындар болып қайта тiркелген бюджеттiк мекемелердiң қаражаттары олардың есептiк шоттарына есепке алуды;
2) жалпы бiлiм беретiн мектептерде жалпыға бiрдей мiндеттi оқыту қорын құрайтын қаражаттар мен ұзартылған күн тобы бар мектептер мен мектеп жанындағы мектеп-интернаттарда балаларды тамақтандыруға түсетiн қаражаттар ақылы қызмет көрсетулердiң тиiстi түрлерi бойынша "Ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражаттар" ағымдағы шотына есепке алуды;
3) "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Алматы қаласы Әкiмiнiң бюджеттен тыс қорын сақтауды қоспағанда, Қаржы министрiнiң 1982 жылғы 27 мамырдағы N 27 бұйрығымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде тұратын мекемелердiң бюджеттен тыс қаражаттарын жоспарлау, пайдалану және есепке алу тәртiбi туралы нұсқаулықпен рұқсат етiлген бюджеттiк мекемелердiң "Басқа бюджеттен тыс қаражаттар" бойынша шоттарындағы қаражаттардың қалдықтары тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне есепке алынсын.
7. Бюджет департаментi осы Қағиданы белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеудi жүргiзсiн.
8. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде тұратын мекемелердiң бюджеттен тыс қаражаттарын жоспарлау, пайдалану және есепке алу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы Қаржы министрiнiң 1982 жылғы 27 мамырдағы N 27 бұйрығы өзгерiстерi мен толықтыруларымен бiрге, Қаржы министрлiгiнiң "Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердiң депозиттік сомаларын қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртiбi туралы" 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 44 бұйрығы және Қаржы министрлiгiнiң "Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк сомаларын қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртiбi туралы" 1999 жылғы 16 сәуiрдегi N 153 бұйрығы күшi жойылған деп танылсын.
9. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеген күнiнен бастап күшiне енгiзiледi.
Қаржы министрінің
бірінші орынбасары | | Ж. Ертілесова
|
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
1999 жылғы 3 мамырдағы N 177
бұйрығымен бекітілді
Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік
және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды,
мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру
төлемдерiн қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі
туралы қағида
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен тақырыбы өзгертілді
1. Ақылы қызметтер көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының нормативтiк актiлерiмен рұқсат етiлген ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттарды мемлекеттiк мекемелер мемлекеттiк мекеменiң ақылы қызметтер жөнiндегi шотына жатқызады. Қызметтер көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттарды жоғарыда аталған шотқа жатқызуға рұқсат етiлген мемлекеттiк мекемелер тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық кесімдермен белгiленедi. Басқа мемлекеттiк мекемелер басқа ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан түсетiн түсiмдерiн мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне есептейдi.
ҚР Қаржы министрлігінің 01.11.02 ж. N 552 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді
2. Ақылы қызмет көрсетулердiң тiзбесi функционалдық топ, кiшi функция, мемлекеттiк мекеме-бағдарламалардың әкiмшiлерi, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар кодтары, ақылы қызмет көрсетудiң түрлерi, түсiмдердiң құралу көздерi мен пайдалану бағыттары көрсетiле отырып, Қаржы министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi (1-қосымша). Сол сияқты мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызмет көрсету тiзбесiндегi барлық өзгерiстер Қаржы министрлiгiнiң бұйрығымен енгiзiледi. Функционалдық топ, кiшi функция, мемлекеттiк мекеме-бағдарламалардың әкiмшiлерi, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар кодтары экономика және бюджеттік жоспарлау министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк бюджет шығыстарының бюджеттiк сыныптамасына сәйкес белгiленедi.
3. Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар осы Ережемен белгiленген тәртiппен жоспарланады және пайдаланылады, қатаң нысаналы мақсат бойынша жұмсалады және олардың таратушылары бюджет қаражаттарына иелiк ету құқығы берiлген мемлекеттiк мекемелердiң басшылары болып табылады.
4. Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттардың есебi мен есептемесi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтер жөнiндегi шотын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
Егер мемлекеттiк мекемелер жоспарлары атқарылуының бухгалтерлiк есебiн орталықтандырылған бухгалтерия жүргiзсе, онда осы бухгалтерия қызмет көрсететiн барлық мемлекеттiк мекемелер үшiн бiр ақылы қызметтер жөнiндегi шот ашылады. Бұл ақылы қызметтер жөнiндегi шотты орталықтандырылған бухгалтерия орналасқан ұйым ашады.
6. Ақылы қызметтер жөнiндегi шоттар бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар бойынша банктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеудi олар мен банк арасындағы келiсiм-шарт негiзiнде ақылы ақылы қызметтер жөнiндегi шоттардың есебiнен мекемелер жүргiзедi.
Жоспарланған кезде бұл сомалар шығыстар бөлiгiнiң жоспарында көрсетiледi.
7. Құзыретiне мемлекеттiк мекемелердiң негiзгi қызметiне тексеру және тексерiстер жүргiзу енетiн ұйымдар, бiр мезгiлде қолда бар ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар түсiмiнiң заңдылығын, олардың мақсатты және үнемдi жұмсалуын, сондай-ақ осы қаражаттар бойынша есеп жүргiзудiң және есептеме жасаудың дұрыстығын тексередi.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 8-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрінің 04.07.03 ж. N 254 бұйрығымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Ақылы қызмет көрсетуді сатудан алынатын қаражат алатын бар мемлекеттік мекемелер жыл сайын Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiлiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысы белгiленген нысан бойынша ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша кiрiстер және шығыстарды қаржыландыру жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
Әрбір мемлекеттік мекеме осы мемлекеттік мекеме дербес есеп жүргізетініне немесе орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететіндігіне қарамастан жоспарларды жасайды. Орталықтандырылған бухгалтериялар қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің жоспарларын тікелей жасау орталықтандырылған бухгалтерияның қызметкерлеріне жүктеледі.
9. Жоспарлардың кiрiс бөлiгiне олардың жоспарланған жылы бекiтiлген тiзбесiне сәйкес ақылы қызмет көрсетудiң тиiстi түрлерi бойынша қаражаттарының түсiмдерi мен жоспарланған жылдың басында ақылы қызметтер жөнiндегi шоттағы ақылы қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша қаражаттардың қалдығы енедi.
10. Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар жоспары бойынша шығыстар шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерi бойынша оларды тағайындау мен бөлуге сәйкес көзделедi.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 11-тармақ жаңа редакцияда
11. Мемлекеттік мекемелер жасаған жоспарларға мемлекет мекемелерінің басшылары қол қояды. Жеке жоспарға кірістер бойынша және шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша есептемелер, сондай-ақ түсіндірме жазба қоса берілуі тиіс.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 12-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен 12-тармақ өзгертілді
12. Мемлекеттік мекемелер жоспарларды бюджет бағдарламасының әкімшісіне бекітуге ұсынады.
Бюджет бағдарламасының әкімшісі 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша 2 данада жиынтық жоспар жасайды және бекiтедi.
Жиынтық жоспар мемлекеттік мекемелердің жоспарларының негізінде жасалады және оған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржы қызметiнiң басшысы қол қояды. Жеке жоспарлардың жалпы сомасы ақылы қызмет көрсетудің әрбір түрі және жоспардың әрбір көрсеткіші бойынша жиынтық жоспардың сомасына тең болуы тиіс.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 13-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302; 04.07.03 ж. N 254 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 13-тармақ өзгертілді
13. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жиынтық жоспарды ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiне немесе жергiлiктi қаржы органына келiсуге ұсынады.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 14-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен 14-тармақ өзгертілді
14. Жиынтық жоспарды қарау ұсынылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және жергілікті уәкілетті органдары бұл жоспарларды ақылы қызмет көрсетуді сатудан алынатын қаражаттың түсім көздерінің заңдылығына да қатысты және сол сияқты кірістерді есептеудің толықтығы мен дұрыстығына, қаражаттың мақсатты бағытталуы, шығыстарды есептеуде үнем режимін қадағалауға да қатысты келiседi.
ҚР Қаржы министрлігінің 14.09.99 ж. N 496 бұйрығымен 15-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 15-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен 15-тармақ өзгертілді
15. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған жиынтық жоспарларды тиістілігі бойынша функционалдық басқармалар қарайды және Қаржы вице-министрі келiседi.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған жиынтық жоспарларды тиісті жергілікті уәкілетті органдарының басшылары келiседi.
Келiсілген жиынтық жоспардың бір данасы жиынтық жоспарды келiскен ұйымда (Қаржы министрлігі немесе жергілікті уәкілетті органы) қалады, бір данасы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне беріледі.
Әрбір мемлекеттік мекеменің жоспарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы 3 данада бекітеді. Мемлекеттік мекеменің жоспарын бекітілген жиынтық жоспары болмаған жағдайда бекітуге жол берілмейді.
Бекітілген жоспардың бір данасы бюджеттік бағдарламаның әкімшісінде қалады.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жоспары бекітілген мемлекеттік мекемеге осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық жоспардың көшірмесімен бірге, бекітілген жоспардың 2 данасын береді.
Мемлекеттік мекеме бекітілген жоспардың бір данасын өзіне қалдырады, бекітілген жоспардың бір данасын Қазынашылықтың аумақтық органына ұсынады.
Қазынашылықтың аумақтық органы бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтер жөнiндегi шот және осы шот бойынша операциялар ақылы қызметтер жөнiндегi шотының ашылуын және әрекет ету мерзімінің ұзартылуын жүзеге асырады.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331, 07.04.01 ж. N 177 бұйрықтарымен 16-тармақ өзгертілді; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен 16-тармақ толықтырылды
16. Жоспары жоспарланған жылдың 1 қаңтарына дейiн бекiтiлуi тиiс және келiсiлуi. Бекiтiлген және келiсілген жоспарлардың әрекетi есептi жылдың 31 желтоқсанда тоқтатылады. Ақылы қызметтер жөнiндегi шоттардың қалдықтары ақылы қызметтер жөнiндегi шотта есептi жылдың 31 желтоқсанында жинақталған ақылы қызмет көрсетудiң түрлерi сақталған жағдайда, алдағы жылдың тиiстi ақылы қызмет көрсету түрлерi жоспарының кiрiс бөлiгiне, басқа жағдайда тиiстi бюджеттердiң кiрiс бөлiгiне көшiрiледi.
Егер, мемлекеттiк мекеме-бағдарламалардың әкiмшiлерi белгiленген тәртiппен бекiту және келісу үшiн ұсынған жоспары жоспарланған жылдың 1 қаңтарына дейiн бекiтiлмесе және келісілмесе, оған жоспарлар бекiтiлгенге және келісілгенге дейiн алдымен жоспарланған жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 ақпанына дейiн созылатын кезең iшiнде 31 желтоқсандағы қаражаттар қалдығы шегiнде ғана шығыстар мен өткен жылғы шығыстар жоспарын жүргiзуге рұқсат етiледi.
Егер жоспар жоспарланған жылдың 1 сәуiрiне дейiн бекiтiлмесе және келісілмесе, онда жоспарланған жылғы 1 қаңтардан бастап 1 сәуiрдi қоса алғанда түскен қаражатты қазынашылықтың аумақтық органдарымен тиiстi бюджеттiң кiрiс бөлiгiне есепке алынады, бұл ретте республикалық бюджеттiң кiрiсiне қаражаттың уақытылы есепке алынуын қазынашылықтың аумақтық органдары жергiлiктi уәкілетті органы өкімінің негізінде жүргізеді.
17. Ақылы қызметтер жөнiндегi шоттар бойынша кiрiстер төлеушiлерден не ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар сақталатын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтер жөнiндегi шотына аудару жолымен, не мекеменiң кассасына тiкелей қолма-қол ақшалай түсуi мүмкiн. Ақылы Қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар бойынша қолма-қол ақшаларды сол сияқты оған мекеме бойынша бұйрықпен жүктелген тұлға қабылдай алады. Төлеушiлерге ақша қабылдау туралы белгiленген үлгiдегi квитанция немесе ұйымда ақша құжаттарымен бiрдей сақталатын кiрiс кассалық ордерлерi берiледi.
Мемлекеттiк мекеме кассаға қабылдаған қолма-қол ақшалар оларды қабылдаған күннен бастап 3 банктiк күннен кешiктiрiлмей ақылы қызметтер жөнiндегi шотқа аударылуы тиiс. Бұл қаражаттарды уәкiлеттi банк бөлiмшесiне алдын ала тапсырмай жұмсауға рұқсат етiлмейдi. Мемлекеттiк мекемеге түскен сомалардың уақытылы және толық тапсырылуына басшы мен бас бухгалтер жауап бередi.
18. Мемлекеттiк мекемелер ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттарды тек бекiтiлген жоспарлар және ақылы қызмет көрсетудiң әрбiр түрi бойынша iс жүзiнде түскен кiрiстер шегiнде ғана жұмсай алады.
ҚР Қаржы министрлігінің 07.04.01 ж. N 177; 01.07.02 ж. N 302 бұйрықтарымен 19-тармақ толықтырылды
19. Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттар жоспарында көзделген артық сомалардан жыл бойы түскен кiрiстер ағымдағы жылы ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттардың негiзгi жоспарлары қалай бекiтiлсе және келiсiлсе, сондай тәртiпте бекiтiлген және келiсiлген қосымша сомаларға қосымша жоспарлар бар болған жағдайда жұмсалуы мүмкiн. Жоспарларға "қосымша" деген белгi қойылады.
Түскен және бекiтiлген жоспарда көзделмеген кiрiстер он банктiк күн iшiнде тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мемлекеттiк мекемелерге аударылуға жатады.
Cметада көзделген сомадан тыс түскен кiрiстердiң және түскен және бекiтiлген жоспарда көзделмеген кiрiстердiң тиiстi бюджетке уақытылы есепке алынуын бақылауды қазынашылықтың аумақтық органдары жүзеге асырады.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 19-1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302; 04.07.03 ж. N 254 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 19-1-тармақ өзгертілді
19-1. Ақылы қызмет көрсетулер бойынша кірістер мен шығыстардың жылдық сомасы ұлғайған жағдайда, жаңа жоспар және жиынтық жоспар жасалады
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 19-2-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302; 04.07.03 ж. N 254 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 19-2-тармақ өзгертілді
19-2. Жоспар немесе жиынтық жоспар ақылы қызмет көрсетулердің әрбір түрі бойынша ерекшеліктер мен тоқсандар арасында жылдық соманың шеңберінде өзгерістер енгізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ұсынылып отырған өзгерістер бойынша негіздемелер мен есеп айырысуларды қоса бере отырып, 2-2-қосымшаға сәйкес жоспардың өзгеруі туралы анықтаманың жобасын ұсынады;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ұсынылып отырған өзгерістер бойынша негіздемелер мен есеп айырысуларды тексереді, 2-2-қосымшаға сәйкес жиынтық жоспардың өзгеруі туралы анықтаманы жасайды және бекiтедi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органына келісуге ұсынады;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі немесе жергілікті уәкілетті органдары ұсынылған жиынтық жоспардың өзгеруі туралы анықтаманы қарайды, енгізіліп отырған өзгерістер бойынша негіздемені және есеп айырысуды тексереді;
жиынтық жоспардың өзгеруі туралы анықтама 2 данада бекітіледі және келiсiледi: бір данасы анықтаманы келiсiлген ұйымда (Қаржы министрлігі немесе жергілікті уәкілетті органы) қалады, бір данасы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне беріледі;
жиынтық жоспардың өзгеруі туралы бекітілген анықтаманың негізінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік мекеменің жоспарының өзгеруі туралы анықтаманы 3 данада бекітеді. Жиынтық жоспардың өзгеруі туралы бекітілген және келiсiлген анықтамасыз жоспардың өзгеруі туралы анықтаманы бекітуге жол берілмейді;
бекітілген анықтаманың бір данасы бюджеттік бағдарламаның әкімшісінде қалады, екі данасын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жоспары бекітілген мемлекеттік мекемеге береді;
мемлекеттік мекеме жоспардың өзгеруі туралы бекітілген анықтаманың бір данасын өзінде қалдырады, бір данасын Қазынашылықтың аумақтық органына ұсынады.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331; 01.07.02 ж. N 302 бұйрықтарымен 19-3-тармақ жаңа редакцияда
19-3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бекiткен және Қаржы министрлiгiмен немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдармен келiсiлген жиынтық жоспарлар мен жиынтық жоспарлардың өзгеруi туралы анықтамаларды тiркеудi Қаржы министрлiгi немесе жергiлiктi уәкілетті органдар жүзеге асырады, ал бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бекiткен жоспарлар мен жоспарлардың өзгеруi туралы анықтамаларды тiркеудi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жүзеге асырады.
ҚР Қаржы министрлігінің 01.07.02 ж. N 302 бұйрығымен 19-4-тармақпен толықтырылды; ҚР Қаржы министрлігінің 04.07.03 ж. N 254 (бұр. ред. қара) бұйрығымен 19-4-тармақ өзгертілді
19-4. Ақылы қызмет түрлерiн және ақылы қызметтер бойынша кiрiстер мен шығыстардың жылдық сомасын сақтай отырып, Бiрыңғай бюджет сыныптамасының бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының кодтары өзгерген жағдайда, жоспарлар (жиынтық жоспарлар) жаңа кодтарға сәйкес бекiтiледi, ал белгiленген тәртiппен бекiтiлген және келiсiлген жоспарлар (жиынтық жоспарлар) жоғарыда аталған кодтар өзгергенге дейiн қайта бекiтуге және қайта келiсуге жатпайды. Осындай жоспарлар бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң кодтардың өзгеруi туралы қолдау хатының негiзiнде Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың өзгерген кодтары бойынша қазынашылық аумақтық органдарында қайта ресiмдеуге жатады.
ҚР Қаржы министрлігінің 20.07.00 ж. N 331 бұйрығымен 20-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігінің 15.07.02 ж. N 324 бұйрығымен 20-тармақ толықтырылды
20. Мемлекеттік мекемелердің қаражатты бюджеттік шоттардан және заңнамаға сәйкес ашылатын басқа да шоттардан ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан алынатын қаражаттың ақылы қызметтер жөнiндегi шотына аударуына тыйым салынады.
Түзеу мекемелеріне қаражаттарды депозиттік шоттан ақылы қызметтер жөнiндегi шотына аударуға рұқсат етіледі.
Депозиттік шоттан қаражаттарды ақылы қызметтер жөнiндегi шотына аудару үшін түзеу мекемелері сотталғандардың өтініштерінің негізінде ақшаны депозиттік шоттан аударуға төлем ведомостерін толтырады және оларды қазынашылықтың аумақтық органдарына береді.
ҚР Қаржы министрлігінің 14.09.99 ж. N 496; 07.04.01 ж. N 177; 01.07.02 ж. N 302 бұйрықтарымен 21-тармақ өзгертілді