|
|
|
27.01.2023 Гендерлдік теңдік - демократиялық құндылықтардың бірі
Қазіргі қазақстандық қоғамда гендерлік саясатты іске асыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналып отыр. Гендерлік теңдік - бұл біздің заманымыздың маңызды міндеттерінің бірі. Гендерлік теңдік, адамның маңызды құқықтарының бірі, тұрақты даму негізінде адам әлеуетін толық іске асыруда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету ісінде басты рөл атқарады. Әйелдерді қоғам өміріне тарту өнімділіктің өсуін және экономикалық өсуді қамтамасыз ететіні дәлелденген. Өкінішке орай, адамзат ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері тұрғысынан толық теңдігіне қол жеткізу үшін ұзақ жолдан өту керек. Гендерлік зорлық-зомбылықты оның барлық көріністерінде жою, әйелдер мен қыздардың, ерлер мен ер балалардың білімге, денсаулық сақтауға, экономикалық ресурстарға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және саяси өмірге қатысу үшін тең мүмкіндіктер жасау өте маңызды. Сондай-ақ, бұл жалпы жұмысқа орналастыру және басшылық лауазымдарға орналасу мүмкіндіктеріне де қатысты. Қазақстан Республикасының Ата заңының 14-бабының 2-тармағында: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» делінген. Гендерлік теңсіздік проблемасы көптеген елдердің, діндердің, ұлт пен мәдениеттің көпшілігінде тараған. Сондықтан мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі ана мен баланы қорғау, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері болып табылады. Қарапайым сөзбен гендерлік теңдік - бұл барлық әйелдер мен ерлер, қыздар мен ұлдар құқықтарының теңдігі. Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Гендерлік саясаттың Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатысы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Сонымен қатар, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылғандай, уақыт талабына сай әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене араластырып, олардың бизнес ашып, кәсіпкерлікпен шұғылдануына мүмкіндік туғызу арқылы жаңа кезеңдегі қазақстандық әйел бейнесін қалыптастыруға болады.
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот отырысы хатшысы А. Абжанова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |