|
|
|
17.08.2022 Мемлекеттік тілді сот ісін жүргізуде қолдану маңыздылығы туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Тіл – халықтың рухани және мәдени байлығының дамуының құралы. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы екендігі сөзсіз. Тіл ұлт пен ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы - мемлекеттік тілді меңгеру. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, рухани мұрамызды сақтау, біздің ұлттық тіліміз - бұл барлық халықтың құндылығы болып табылады. Мемлекеттік тіл, қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі екендігі, Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі – барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударған болатын. Сол себептен азаматтардың құқық қорғау органдарының қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізудегі тілін таңдау құқығын сақтау бөлігінде мемлекеттік тілді қолданылуын кеңейту. Мәселен, Мұғалжар аудандық сотында қаралатын істердің біршамасы қазақ тілінде қаралып жатыр. Соның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуі мемлекеттік тілде жүргізіліп, қажет болған жағдайда орыс тіліде мемлекеттік тілмен тең қолданылады. «Мемлекеттік тіл - бұл мемлекеттік басқару тілі, заңнама, іс жүргізу, сот ісін жүргізу, мемлекеттің барлық аумақтарында, барлық қоғамдық қарым-қатынастардың саласындағы қолданылатыны және де мемлекеттік тілді көтеру мақсатында, іс жүргізу құжаттары қазақ тілінде жүргізілуі керек деп ойлаймын. Сонымен қатар, сотта құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың қатысуымен тіл тақырыбында дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп отырады. Шарада тілдің өзектілігі және маңыздылығы, азаматтардың құқық қорғау органдарының қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізудегі тілін таңдау құқығын сақтау бөлігінде мемлекеттік тілді қолдануды кеңейтудің мемлекеттік маңыздылығы түсіндіріліп, соттар ішкі құжат айналымында қазақ тілін қолдану бойынша белсенді жұмыс жасайтыны, мемлекеттік тілдегі істер мен материалдардың санын көбейту, мемлекеттік тілде сот ісін жүргізуде туындайтын мәселелері талқыланып отырады.
Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Арман Жақыпов
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |