PRGloader
Загрузка...

Алматыда «SGS Kazakhstan LTD» компаниясында

жұмыс кездесуі өтті

 

2021 жылы 11 маусымда жұмыс кездесуі шеңберінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары «SGS Kazakhstan LTD» компаниясына барды.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің ( ЕАЭО ТР 038/2016) қауіпсіздік талаптарына қатысты бірқатар мәселелер қаралып, талқыланды.

«Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті ( ЕАЭО ТР 038/2016) 2016 жылғы 18 сәуірде қабылданды және ол аттракциондарға, оның ішінде: шолу дөңгелектері, катапульттар, әткеншектер, картингтер, төбешіктер, электромобильдер, су аттракциондары, тіпті үрлемелі батуттарға да қолданылады.

Бұдан басқа, техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушыларды адастыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында Аттракциондардың қауіпсіздігіне және олармен байланысты жобалау, дайындау, монтаждау (құрастыру, орнату), баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату процестеріне қажетті талаптарды белгілейді.

Кездесу қорытындысы бойынша қауіпсіздік талаптары бойынша аттракциондарды сынақтан өткізу үшін зертхананы кеңейту мәселесі бойынша пікір алмасу және нәтижелі әңгіме өтті.

 

 

Алматы проведена рабочая встреча

в компании «SGS Kazakhstan LTD»

 

11 июня 2021 года в рамках рабочей встречи специалисты Департамента Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по городу Алматы посетили Компанию «SGS Kazakhstan LTD».

В ходе, встречи были рассмотрены и обсуждены ряд вопросов касательно требований безопасности Технического регламента Евразийского экономического союза «О безопасности аттракционов» ( ТР ЕАЭС 038/2016).

Технический регламент Таможенного союза «О безопасности аттракционов» ( ТР ЕАЭС 038/2016) был принят 18 апреля 2016 года, и он распространяется на аттракционы, в том числе: колеса обозрения, катапульты, качели, картинги, горки, электромобили, водные аттракционы, и даже надувные батуты.

Кроме того технический регламент устанавливает необходимые требования к безопасности аттракционов и связанным с ними процессам проектирования, изготовления, монтажа (сборки, установки), наладки, эксплуатации, хранения, перевозки и утилизации, в целях защиты жизни и здоровья человека, имущества, окружающей среды, предупреждения действий, вводящих потребителей в заблуждение.

По итогам встречи прошел обмен мнениями и продуктивный разговор касательно вопроса расширения лаборатории, для проведения испытаний аттракционов по требованиям безопасности.

 

 

Поиск
Меню