|
|
|
23.09.2021 Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттар
Газды пайдалану сан алуан газбен жұмыс істейтін жабдықтар арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, үйлерде тамақ жасауға, су жылытуға, сондай-ақ үй жылытуға пайдаланады. Кеден одағының КО 016/2011 ТР «Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын газбен жұмыс істейтін жабдықтарды қолдану үшін бірыңғай міндетті талаптары қарастырылған. Қазақстанда өндірілген немесе импортталған газбен жұмыс істейтін жабдықтар осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау міндетті сипатқа ие және декларациялау немесе сертификаттау түрінде жүзеге асырылады. Техникалық регламенттің талаптары белгіленетін газбен жұмыс істейін жабдықтардың тізбесіне тұрмыстық газ жылыту жабдықтары (су контуры бар жылыту және құрамдастырылған аппараттары, конвекторлар, каминдер, ауа қыздырғыштар, жапсарлас газ ауа қыздырғыштары бар кондиционерлер), тамақ дайындауға және жылытуға арналған тұрмыстық газ аспаптары (плиталар, пісіру панельдері, үрмелі шкафтар, грильдер, кемінде бір газ жанарғысы бар электр плиталары), су жылытқыш құралдары, портативті және туристік газ плиталары мен тағандар, тұрмыстық газ шырақтары, газбен жылытатын қазандықтар, газ баллондарын реттегіштер (редукторлар) және т.б. құрылғылар кіреді. Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында айналысқа шығарылатын газ пайдаланушы жабдықтың әрбір бірлігінде анық, жеңіл оқылатын, құрал-сайманды пайдалана отырып, бөлшектемей қарау үшін қол жетімді жерде жазылған, газ пайдаланушы жабдықтың қызмет ету мерзімі ішінде сақталатын таңбасы болуы тиіс. Таңбалау мынадай қажетті ақпаратты қамтуы тиіс: дайындаушының атауы немесе тауар белгісі, өнім дайындалған елдің атауы, моделі, сериялық нөмірі, дайындалған күні, газ пайдаланушы жабдықтың номиналды жылу қуаты немесе номиналды жылу өнімділігі; пайдаланылатын газдың түрі мен номиналды қысымы. Газ пайдаланушы жабдықты жеткізу жиынтығына мынадай міндетті пайдалану құжаттамасы: газ пайдаланушы жабдықты монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі нұсқаулық және оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық кіруі тиіс. Көрсетілген құжаттар Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған кезде орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде орындалады. Газбен жұмыс істейтін жабдықтар Техниалық регламенттің келесідей негізгі қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуі тиіс: - сыртқы тұтану көзінен жарылыс қаупін болдырмауы және біркелкі тұтануды қамтамасыз ету; - газ пайдаланушы жабдықты дайындау кезінде пайдаланылатын, санитариялық мақсатта пайдаланылатын тамақ өнімдерімен немесе сумен жанасуы мүмкін материалдар олардың сапасының нашарлауына әкеп соқпауы тиіс; - газ пайдаланушы жабдықты дайындау кезінде қолданылатын материалдар өзінің мақсатына сәйкес келуі және жабдықтың қызмет ету мерзімі ішінде механикалық, жылу және химиялық әсерлерге төзімді болуы тиіс; - егер газ пайдаланатын жабдық басқару құрылғыларымен жарақтандырылса, онда олардың жұмысы қауіпсіздік құрылғыларының жұмыс істеуін бұзбауы тиіс; - газ пайдаланушы жабдық реттеу, басқару немесе қауіпсіздік құрылғыларының кез келгені істен шыққан кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс; - дайындаушы орнататын және реттейтін және монтаждаушы немесе пайдаланушы реттеуді талап етпейтін газ пайдалану жабдығының қауіпсіздік, басқару және реттеу құрылғылары тиісті түрде қорғалуы тиіс. Толық ақпаратты Сіздер, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыздар. Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2 үй. 3 қабат. Байланыс телефоны: 8 (727) 392-15-03, 392-25-37. Электрондық адрес: Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы - Қазбек Н.Д. Аппараты, работающие на газообразном топливе
Использование газа осуществляется через оборудование, работающее на газообразном топливе. В частности, в домах используется для приготовления пищи, подогрева воды, а также домашнего отопления. Техническим регламентом Таможенного союза «О безопасности аппаратов, работающих на газообразном топливе» ТР ТС 016/2011 предусмотрены единые обязательные требования для применения аппаратов, работающих на газе, выпускаемого в обращение на единой таможенной территории Таможенного союза. Подтверждение соответствия аппаратов, работающих на газе, произведенного в Казахстане или импортированного, по требованиям настоящего Технического регламента, носит обязательный характер и осуществляется в виде декларирования или сертификации. К перечню газоохладительного оборудования, на которое устанавливаются требования Технического регламента, относятся газовое бытовое отопительное оборудование (отопительные и комбинированные аппараты с водяным контуром, конвекторы, камины, воздухонагреватели, кондиционеры со встроенными газовыми горелками), бытовые газовые приборы для приготовления пищи и отопления (плиты, варочные панели, духовые шкафы, грили, электрические плиты с газовой горелкой), водонагревательные приборы, портативные и туристические газовые плиты, бытовые газовые светильники, газовые котлы, регуляторы (редукторы) к газовым баллонам и т. д. Каждая единица газоиспользующего оборудования, выпускаемого в обращение на рынке государств - членов Таможенного союза, должна иметь разборчивую, легко читаемую маркировку, нанесенную в доступном для осмотра без разборки с применением инструмента месте, сохраняемую в течение срока службы газоиспользующего оборудования Маркировка должна содержать следующую необходимую информацию: наименование или товарный знак изготовителя, наименование страны, где изготовлена продукция, модель, серийный номер, дата изготовления, номинальная тепловая мощность или номинальная тепловая производительность газоиспользующего оборудования; вид и номинальное давление используемого газа. В комплект поставки газоиспользующего оборудования должна входить следующая эксплуатационная документация: инструкция по монтажу, техническому обслуживанию и ремонту газоиспользующего оборудования и руководство по его эксплуатации. Указанные документы выполняются на русском языке и на государственном языке государства - члена Таможенного союза. Газоиспользующее оборудование должно обеспечивать следующие основные требования безопасности Технического регламента: - исключать опасность взрыва от внешнего источника зажигания и обеспечивать равномерное воспламенение; - материалы, используемые при изготовлении газоиспользующего оборудования, которые могут контактировать с пищевыми продуктами или водой, используемыми в санитарных целях, не должны приводить к ухудшению их качества; - материалы, применяемые при изготовлении газоиспользующего оборудования, должны соответствовать своему назначению и быть устойчивыми к механическим, тепловым и химическим воздействиям в течение срока службы оборудования; - если газоиспользующее оборудование оснащено устройствами управления, то их работа не должна нарушать функционирование устройств безопасности; - газоиспользующее оборудование должно обеспечивать безопасность при выходе из строя любого из устройств регулирования, управления или безопасности; - устройства безопасности, управления и регулирования газоиспользующего оборудования, устанавливаемые и регулируемые изготовителем и не требующие монтажного или эксплуатационного регулирования, должны быть надлежащим образом защищены. Более подробную информацию, Вы можете получить в Департаменте Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по г.Алматы. Наш адрес: г.Алматы, ул.Жандосова, 2, 3 этаж. Телефоны: 8 (727) 392-15-03, 392-25-37. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru. Государственный инспектор Департамента Комитета технического регулирования и метрологии по г. Алматы - Қазбек Н.Д.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |