|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2022.12.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 тамыздағы № 98-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) мазмұнында 291-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «291-бап. Борышты төлеу арқылы міндеттемені орындау»; 2) 58-баптың 9-тармағы алып тасталсын; 3) 128-1-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қаржы құралы - операциялар нәтижесінде бір тұлғада - қаржы активі және басқасында қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал бір мезгілде туындайтын ақша, туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары және басқа да қаржы құралдары. 2. Қаржы активі - басқа тұлғаның ақшасын, үлестік құралын білдіретін кез келген актив, басқа тұлғадан ақшаны немесе өзге де қаржы активін алуға немесе басқа тұлғамен өзі үшін ықтимал тиімді шарттарда қаржы активтерін немесе қаржылық міндеттемелерді алмасуға арналған шарттық құқық немесе есеп айырысу тұлғаның меншікті үлестік құралдарымен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін және бұл ретте, тұлғада меншікті үлестік құралдардың ауыспалы санын алу міндеті болатын немесе пайда болуы мүмкін туынды құрал болып табылатын немесе есеп айырысу тіркелген ақша сомасын немесе өзге де қаржы активін тұлғаның меншікті үлестік құралдарының тіркелген санына алмастыру жолына қарағанда кез келген өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін туынды құрал болып табылатын осындай шарт. 3. Қаржылық міндеттеме - басқа тұлғаның ақшасын немесе өзге де қаржы активін берудің немесе басқа тұлғамен өзі үшін ықтимал тиімсіз шарттарда қаржы активтерін немесе қаржылық міндеттемелерін алмасудың шарттық міндетін білдіретін кез келген міндеттеме, немесе есеп айырысу тұлғаның меншікті үлестік құралдарымен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін және бұл ретте, тұлғада меншікті үлестік құралдардың ауыспалы санын беру міндеті болатын немесе беру міндеті пайда болуы мүмкін туынды емес құрал болып табылатын немесе есеп айырысу тіркелген ақша сомасын немесе өзге де қаржы активін тұлғаның меншікті үлестік құралдарының тіркелген санына алмастыру жолына қарағанда кез келген өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін туынды құрал болып табылатын шарт.»; 4) 229-бап мынадай редакцияда жазылсын: «229-бап. Шартқа қатысушылардың ортақ істерін жүргізу Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ істерін жүргізу олардың ортақ келісімі бойынша жүзеге асырылады. Өзара келісу бойынша олар бірлескен қызметке басшылық етуді және ортақ істерді жүргізуді, бұл жағдайда шартқа қалған қатысушылар берген сенімхат негізінде әрекет ететін қатысушылардың біріне немесе осы Кодекстің 823-бабында көзделген жағдайда үшінші тұлғаға тапсыра алады.»; 1-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 5) 291-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «291-бап. Борышты төлеу арқылы міндеттемені орындау»; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздердің салдарынан орындалуы мүмкін емес бағалы қағаздар нарығындағы жекелеген міндеттемелерді орындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.». 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-VІІ, 117, 119-құжаттар; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат): 1) мазмұнында 750, 817 және 823-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «750-бап. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) банктік шот шарты бойынша орындайтын операциялар»; «817-бап. Сақтандыру мүддесі және сақтандыру жағдайы»; «823-бап. Ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру»; 2) 747-баптың 1-тармағында: бірінші бөлік «(банк» деген сөзден кейін «, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөлік: «банктегі» деген сөзден кейін «(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы)» деген сөздермен толықтырылсын; «банктің» деген сөзден кейін «(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның)» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 749-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігінде: «Банк» деген сөзден кейін «(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым)» деген сөздермен толықтырылсын; «банктегі» деген сөзден кейін «(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы)» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтың бірінші және екінші бөліктері «банктегі» деген сөзден кейін «(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы)» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақта: «Банктегі» деген сөзден кейін «(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы)» деген сөздермен толықтырылсын; «банкке» деген сөзден кейін «(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға)» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтың бірінші сөйлемі «банктегі» деген сөзден кейін «(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы)» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 750-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «750-бап. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) банктік шот шарты бойынша орындайтын операциялар»; 1-тармақта: бірінші абзац «банк» деген сөзден кейін «(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым)» деген сөздермен толықтырылсын; 6) тармақша «банктегі» деген сөзден кейін «(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы)» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақта: «Банк» деген сөзден кейін «(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым)» деген сөздермен толықтырылсын; «банкке» деген сөзден кейін «(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға)» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 752-баптың 3-тармағы «Банкте» деген сөзден кейін «(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда)» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 806-бап мынадай редакцияда жазылсын: «806-бап. Міндетті және ерікті сақтандыру 1. Міндетті сақтандыру: 1) түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленетін, заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру; 2) міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен талаптары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленетін, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалатын сақтандыру (жүктелген сақтандыру). 2. Азаматқа өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Міндетті сақтандыру сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленетін міндетті сақтандыру экономикалық тұрғыдан негізді, көпшілікке ортақ және әлеуметтік-қоғамдық маңызды болған кезде енгізілуі мүмкін. 3. Сақтандыру міндеті Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінен туындамай, шартқа негізделген жағдайларда, мұндай сақтандыру міндетті болып табылмайды және осы Кодекстің 808-бабында көзделген салдарға алып келмейді. 4. Түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленген міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушы Қазақстан Республикасының осы заңнамалық актісінде жазылған талаптарда сақтандырушымен шарт жасасуға міндетті. Жүктелген сақтандыру кезінде сақтандырушымен шарт Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ең төмен талаптар сақтала отырып, тараптардың келісімінде айқындалған талаптармен жасалады. 5. Түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленген міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. Түрлері, шарттары және тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленген міндетті сақтандыру шартын жасасу сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандырушы үшін міндетті болып табылады. 6. Ерікті сақтандыру - тараптардың ерік білдіруіне қарай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады.»; 7) 807-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру объектісі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүліктік мүдделер объектісі болатын не сақтандыру объектісі болмайтын сақтандыру шарттары маңызсыз болып табылады.»; 8) 809-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Кодекстің 817-бабының 3-тармағында көзделген белгілері бар сақтандыру жағдайы басталған кезде ғана сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру жинақтаушы емес сақтандыру болып табылады.»; 9) 813-баптың 3-тармағындағы «Сақтанушы» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, сақтанушы» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 816-бапта: 1-тармақта: бірінші бөліктегі «міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленетін міндетті сақтандыру кезінде пайда алушы - Қазақстан Республикасының осы заңнамалық актісімен, жүктелген сақтандыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен не тараптардың келісімімен айқындалады. Сақтандырудың ерікті түрлері бойынша пайда алушыны сақтанушы тағайындайды.»; 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады.»; 11) 817-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «817-бап. Сақтандыру мүддесі және сақтандыру жағдайы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сақтандыру шарты сақтандыру мүддесінің болуын көздеуге тиіс.»; мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. Сақтандыру мүддесі - жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тәуекелдерді болғызбаудағы және сақтандыру жағдайының басталуына жол бермеудегі мүліктік мүддесі. 1-2. Сақтандыру жағдайы - басталған кезде сақтандыру шартында сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін оқиға.»; 2-тармақтағы «міндетті сақтандыру туралы заң актілерімен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиғада төменде санамаланған белгілердің барлығы (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда) болуға тиіс: оқиғаның басталу ықтималдығы мен кездейсоқтығы; оқиғаның басталуының нақты уақытына немесе орнына, сондай-ақ оқиғаның басталу салдарынан болған залалдардың мөлшеріне қатысты болжанбайтындығы; оқиға шарттың қолданылуы шегінде сөзсіз және объективті түрде болуға тиіс, бұлар жөнінде тараптар немесе ең болмағанда, сақтанушы көрінеу білді немесе алдын ала хабардар болды деген қауіптің болмауы; оқиғаның басталуында сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) мүліктік мүддесі үшін теріс, экономикалық тұрғыдан тиімсіз салдардың болуы; оқиғаның басталуы сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) ерік-қалауымен және (немесе) пиғылымен байланысты болмауы және пайда алу және (немесе) ұтыс алу (алыпсатарлық тәуекел) мақсатын көздемеуі.»; 12) 818-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы. Инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістерді (шеккен залалдарды), сондай-ақ осы Кодекстің 845-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншік құқығымен тиесілі болады. 2. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері шартта белгіленеді. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленеді. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртібі мен мерзімдері шартта айқындалады. Міндетті сақтандыру кезінде олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалуы мүмкін.»; 13) 819-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сақтандыру сомаларының мөлшерлері (аннуитеттік сақтандыру шарттары мен сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын қоспағанда) шартта белгіленеді. Міндетті сақтандыру кезінде олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мөлшерлерден кем болмайды.»; 14) 820-бапта: 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сақтандыру төлемінің мөлшерлерін айқындау тәртібі шартта белгіленеді. Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерлерін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленеді. 3. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері шартта айқындалады. Міндетті сақтандыру бойынша олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалуы мүмкін.»; 8-тармақтағы «міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 823-бап мынадай редакцияда жазылсын: «823-бап. Ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру 1. Сақтандыру объектісі бірлескен қызмет (ортақ сақтандыру) туралы шарт негізінде жай серіктестік (сақтандыру пулын) құру арқылы бірнеше сақтандырушымен бірлесіп бір ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандырылуы мүмкін. Қайта сақтандыру объектісі бірлескен қызмет (бірлескен қайта сақтандыру) туралы шарт негізінде жай серіктестік (қайта сақтандыру пулын) құру арқылы бірнеше қайта сақтандырушымен бірлесіп бір бірлескен қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандырылуы мүмкін. Бұл ретте ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шартында әрбір сақтандырушының (қайта сақтандырушының) келісілген үлестердегі құқықтары мен міндеттерін айқындайтын талаптар қамтылуға тиіс. Егер ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шартында өзгеше айқындалмаса, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар сақтанушының (пайда алушының) немесе қайта сақтанушының алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының міндеттемелері бойынша, оның ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін ортақтасып жауап береді. 2. Сақтандырушылар (қайта сақтандырушылар) арасында тиісті келісім болған кезде олардың бірі сақтанушымен (қайта сақтанушымен) өзара қарым-қатынастарда барлық сақтандырушылардың (қайта сақтандырушылардың) атынан өкілдік ете алады. 3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қатысушыларының ортақ істеріне басшылық етуді және оларды жүргізуді сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылармен тиісті келісім болған кезде сақтандыру брокері жүзеге асыруы мүмкін.»; 16) 824-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сақтандырушы сақтанушы алдындағы өз міндеттемелерінің барлығын немесе бір бөлігін орындау тәуекелін жабуды басқа сақтандырушыда (қайта сақтандырушыда) қайта сақтандыру арқылы қамтамасыз етуге құқылы. Қайта сақтанушының сақтандырушы (қайта сақтандырушы) ретінде жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәуекеліне байланысты мүліктік мүдделері қайта сақтандыру объектілері болуы мүмкін. Қайта сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделері қайта сақтандыруға жатпайды. Қайта сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделері объектісі болатын не қайта сақтандыру объектісі болмайтын қайта сақтандыру шарттары маңызсыз болып табылады.»; 4-тармақ алып тасталсын; 17) 825-бап мынадай редакцияда жазылсын: «825-бап. Сақтандыру шартының нысаны 1. Сақтандыру шарты: 1) тараптардың сақтандыру шартын жасауы; 2) сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген сақтандырудың үлгілік талаптарына не сақтандырушы біржақты тәртіппен әзірлеген сақтандыру қағидаларына қосылуы (қосылу шарты) және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін ресімдеуі арқылы жазбаша нысанда жасалады. 2. Міндетті сақтандыру бойынша шарттың нысаны - Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде, жүктелген сақтандыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ең төмен талаптар сақтала отырып тараптардың келісімімен белгіленеді, ал ерікті сақтандыру бойынша сақтандырушы белгілейді не тараптардың келісімімен белгіленеді. Сақтандырушы сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырудың үлгілік талаптарына немесе қағидаларына сәйкес сақтандыру түрлері бойынша әзірленген шарттарды қолдануға құқылы. 3. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыз болуына алып келеді.»; 18) 825-1-бапта: 2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «13) дауларды шешу тәртібі, оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша дауларды реттеу ерекшеліктері;»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келісім бойынша сақтандыру қағидаларының негізінде сақтандыру қағидаларының жекелеген ережелерін өзгерту, алып тастау, сондай-ақ сақтандыру шартын жасасу кезінде айқындалатын қосымша талаптар көзделетін сақтандыру шарттары жасалуы мүмкін.»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Сақтандыру қағидаларында қамтылатын және сақтандыру шартының мәтініне енгізілмеген талаптар, егер шартта осындай қағидаларды қолдану тікелей көрсетілсе және қағидалар шартта жазылса не оған қоса берілсе, тараптар үшін міндетті. Соңғы жағдайда шарт жасасу кезінде сақтанушыға сақтандыру қағидалары беруді тараптар шартта куәландыруға тиіс.»; 19) 826-баптың 1-тармағында: 2) тармақшадағы «(егер бар болса)» деген сөздер «(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын; «2-1) сақтандыру агентінің (егер ол Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға болып табылса) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), байланыс телефонының нөмірі және жеке сәйкестендіру нөмірі немесе сақтандыру агентінің (егер ол Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға болып табылса) атауы, орналасқан жері, байланыс телефонының нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) сақтандыру сомасының мөлшерлері (аннуитеттік сақтандыру шарттары мен сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын қоспағанда), сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері;»; мынадай мазмұндағы 6-2) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |