Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 208 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу күніне заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын (табылған) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің үлесін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 332 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 122-құжат). 2. «Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдары кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1235 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 20-құжат). 3. «Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1249 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 28-құжат). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|