|
|
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті және Жол полициясы комитеті (бұдан әрі - Комитеттер) құрылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2006.21.10. № 1014 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 4. «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 431 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 17, 221-құжат) күші жойылды деп танылсын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Министрліктің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы, аудандардағы, қалалардағы, қалалардағы аудандардағы және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ Ішкі әскерлер комитеті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті және Жол полициясы комитеті ведомстволары болады.»; 12-тармақта: 1) тармақшаның он бірінші абзацындағы «әзірлейді және» деген сөздер алынып тасталсын; 2) тармақшаның бесінші, алтыншы, сегізінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және жиырма төртінші абзацтары алынып тасталсын; 3) тармақшаның үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші және он екінші абзацтары алынып тасталсын; 4) тармақша алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде: реттік нөмірі 244-жол мынадай редакцияда жазылсын: «244. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі.». 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегi № 313 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті туралы ереже ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегi № 313 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi Тергеу комитетінің құрылымы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |