|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) бүкіл мәтін бойынша «оқу орындары», «оқу орындарының», «оқу орындарынан», «оқу орындарына», «оқу орнын», «оқу орнына», «оқу орнында» деген сөздер тиісінше «білім беру ұйымдары», «білім беру ұйымдарының», «білім беру ұйымдарынан», «білім беру ұйымдарына», «білім беру ұйымын», «білім беру ұйымына», «білім беру ұйымында» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 4-1-баптың бірінші бөлігі «қылмыстық жазаны» деген сөздерден кейін «атқарудан және» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақта: 22) тармақшадағы «кадрларды даярлау мен оқытуды» деген сөздер «кадрларды даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды» деген сөздермен ауыстырылсын; 31) тармақша «жасырынып» деген сөзден кейін «, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарып» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтың 15) тармақшасы «жасырынып» деген сөзден кейін «, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарып» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың 1) тармақшасы «қылмыстық жазаны» деген сөздерден кейін «атқарудан және» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 6-1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) жанар-жағар май материалдарын сатып алуды қоса алғанда, аумақтық ішкі істер органдарының қызметтік үй-жайлары мен көлік құралдарын ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді, сондай-ақ аумақтық органдар аппараттарына электрондық почта қызметін көрсетуге жұмсалатын шығындарды қоспағанда, коммуналдық қызмет көрсетуге, электр энергиясына, жылу беруге және байланыс қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қамтамасыз етеді;»; 5) 10-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы «әкімшілік жазаларын» деген сөздерден кейін «атқарудан және» деген сөздермен толықтырылсын; 36) тармақшадағы «ғылыми-зерттеу, оқу,» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 36-1) және 36-2) тармақшалармен толықтырылсын: «36-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде шетелде ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыруға; 36-2) ішкі істер органдарының ғылыми ұйымдарында қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтың алдын алу және жолын кесу саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыруға;»; 4-тармақ алып тасталсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Ішкі істер органдарына қызметке алғаш тұрушы адамдар міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияда куәландырудан, Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында бастапқы арнаулы оқудан және тағылымдамадан өтеді, олар үшін үш ай сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ бастапқы арнаулы оқуға қабылдау тәртібін Ішкі істер министрі айқындайды.»; 9-тармақтағы «мен жауапкершілігі» деген сөздер алып тасталсын; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған; 2) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған; 3) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес ішкі істер органдарындағы қызметке жарамсыз деп танылған; 4) олардың мәртебесі мен соған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерді болғызбау мақсатында заңда белгіленген шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан; 5) ішкі істер органдарына қызметке тұрар алдындағы екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған; 6) ішкі істер органдарына қызметке тұрар алдындағы бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; 7) ішкі істер органдарына қызметке тұрғанға дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; 8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; 9) бұрын сотталған және ақтауға болмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған; 10) бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған адамдар ішкі істер органдарына қызметке қабылданбайды. Аталған мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау ішкі істер органдарына қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.»; 8) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын: «15-1-бап. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау 1. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын, қайта құрылатын және таратылатын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдары, сондай-ақ өзге де білім беру ұйымдары жүзеге асырады. 2. Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға орта білімі бар, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған адамдар қабылдануы мүмкін. Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестіріледі. Бұл ретте ішкі істер органдарының қаражаты есебінен оқу ақысы төленіп, Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына және басқа да білім беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен келісім шарттар жасалады, оларда оқудың және білім беру ұйымын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында одан әрі қызмет өткерудің талаптары, мерзімдері көзделеді. 3. Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін тиісті түрдегі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережелеріне сәйкес Ішкі істер министрі айқындайды.»; 3) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда;»; 8) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді; мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: «11-1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты;»; 10) 22-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып табылады.»; 1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) төмен тұрған лауазымға ауыстыра отырып, атқарып жүрген қызметінен босату;»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жаза Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.»; 12) 32-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) ішкі істер органдарының қызметкерлері бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.»; 13) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын: «32-1-бап. Ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссиялары Ішкі істер органдарында бекітілген контингентті және қызметке тұрушы адамдарды медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өткізу үшін әскери-дәрігерлік комиссиялар құрылады. Куәландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2008 жылғы шілденің 5-сі.
№ 63-IV ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |