«Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 251-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1714 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысымен бекітілген
Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қойылатын біліктілік талаптары: 1) заңды тұлғаның штатында (кемінде бір ветеринар дәрігер немесе фельдшер) «ветеринарлық медицина», «ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (колледж) білімі бар мамандардың (бірінші басшы қол қойған және ұйымның мөрімен бекітілген тегі, аты, әкесінің атын қамтитын жиынтық кесте); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|