4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1-3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына: 1) ерлерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма бес жыл еңбек өтілі болған кезде; 2) әйелдерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық емес көлемде осы баптың 1 - 3-тармақтарында аталған азаматтардың санаттарына олардың жасына байланысты зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6. Жасына байланысты толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледi. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалмайды.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-бап жаңа редакцияда 12-бап. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезеңi Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi және жасына байланысты зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айын қоса алғанда жүзеге асырылады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде мыналар есепке алынады: 1) еңбек шарттары бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс; 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет; 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) кәсіпкерлік және кірістер әкелетін өзге де қызмет; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) бөгденің көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызілікті адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт; 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі баланы бағып-күткен уақыт; 8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт; 9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты; 10) еңбекке қабілетті азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша басып алынған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен әкетілген адамдардың (жасына қарамастан), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) ұсталған уақыты; 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар жұмыс істемейтін адамдар мен оларға теңестірілген мүгедектігі бар адамдардың мүгедектікте болған уақыты; 12) бұрынғы кеңестік мекемелердiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi зайыбының (жұбайының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi; 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) әскери қызметшiлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi; 14) 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары оқу орындарында, оның ішінде даярлық курстарында, арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында оқу; 16) ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан, әскерилендiрiлген күзеттегі, арнаулы байланыс органдарындағы және тау-кен-құтқару бөлiмдерiндегі қызмет; 17) 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды 18) Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады: 1) ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезiндегi әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болуы, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емделуде болған уақыт - әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерін тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмдерiн есептеу үшiн белгiленген тәртiппен; 2) әскери бөлiмдердегi жұмыс, оның iшiнде еркiн жалдамалы құрам ретiндегi жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет - екi есе мөлшерде; 3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйек пен 1944 жылғы 27 қаңтар аралығындағы қоршау кезеңiнде Ленинград қаласындағы жұмыс - үш есе мөлшерде; 4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйек пен 1944 жылғы 27 қаңтар аралығындағы қоршау кезеңiнде Ленинград қаласында болған уақыты - екi есе мөлшерде; 5) Ұлы Отан соғысы кезеңiнде басқа мемлекеттердiң аумақтарына зорлықпен әкетілген адамдардың, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты - екi есе мөлшерде; 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған, күзетпен қамауда болған, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген, жер аударуда болған, бас бостандығын шектеумен мәжбүрлеп еңбекке тартылған, қоныстандыру-колонияларындағы және психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеудегі уақыты - үш есе мөлшерде; 7) Семей ядролық сынақ полигонына іргелес жатқан аудандарда 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шiлде аралығы кезеңіндегі жұмыс және әскери қызмет - үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлде мен 1992 жылғы 1 қаңтар аралығындағы жұмыс және әскери қызмет - бiр жарым есе мөлшерде; 8) алапеске қарсы және обаға қарсы мекемелерде, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөнiндегi инфекциялық аурулар мекемелеріндегi жұмыс - екi есе мөлшерде, сот медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыс - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жұмыстар тiзбесi бойынша - бiр жарым есе мөлшерде; 9) су көлiгiндегi толық навигациялық кезең iшiндегі жұмыс бiр жылғы жұмыс болып есептеледi; 10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалары ұйымдарындағы толық маусым iшiндегi жұмыс Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзiм бойынша бiр жылғы жұмыс өтіліне есептеледi.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14-бап. Еңбек өтілін растау 1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең үшін есепке алынады. 2. Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-1-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі мен мерзімі 1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияға беріледі. Адамдар мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындату үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы. 2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды. 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді. 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау өтініш жасалған күннен бастап жүргізіледі. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу 1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн толық көлемде есептеу осы Заңның 16-бабына сәйкес айқындалатын орташа айлық кірістің 60 пайызы есебiнен жүргiзiледi. 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық кіріс негiзге алына отырып жүзеге асырылады. Осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын кірісті қоспағанда, орташа айлық кірістің мөлшерi орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кіріске сәйкес белгiленедi. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. «Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңі үшін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызмет үшін орташа айлық кірістің мөлшерi кірістер туралы анықтамамен расталатын кіріске сәйкес белгіленеді. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін өтініш жасалған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген кіріс мөлшері негізге алына отырып жүргізіледі. 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Талап етілетін еңбек өтілінен артық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін есепке алынатын кірістің 75 пайызынан аспайды. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің толық көлемде есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болса, жасына байланысты зейнетақы төлемдері ең төмен зейнетақы мөлшерінде тағайындалады. 5. 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 16-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн кірісті айқындау 1. 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылдағы жұмыстан түскен табыс қатарынан күнтiзбелiк 36 айдағы жұмыстан түскен табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы айқындалады. Өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған айлар орташа айлық кірістің мөлшерін айқындаған кезде алып тасталады және көрсетілген кезеңнің тура алдындағы немесе одан кейінгі басқа айлармен ауыстырылады. 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш жасау тәртiбi 1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерiн есепке жазу үшiн қажеттi еңбек өтілі мен кірісін растайтын құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияға берiледi. 2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді. 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган зейнетақы төлемдерін тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтарға тиісті құжаттарды ресімдеуде жәрдем көрсетуге міндетті.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап жаңа редакцияда 18-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау мерзімдері 1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайды. 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі. 3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган Мемлекеттік корпорация арқылы бас тартудың себептерін жазбаша уәждеуге және өтініш берушіге ұсынылған құжаттарды қайтаруға міндетті. 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
19-бап. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 20-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-бап. Мемлекеттік корпорацияның зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыреті 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін: 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды; 2) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады 2) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың дерекқорын қалыптастыруды; 3) агент нақты енгiзген мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерiн келесi қаржы жылына инфляцияның болжамды деңгейiн ескере отырып айқындауды; 4) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады 4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды; 5) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады 5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды; 6) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады 6) жеке сәйкестендіру нөмiрi және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ және (немесе) деректемелерiнде қателер жiберiлген адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарын агентке қайтаруды; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 7- 10) тармақшалар жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 7, 8) тармақшаларға енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға оның өтініші бойынша қайтаруды; 8) агенттердiң Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары сомаларының және (немесе) олар бойынша өсімпұлдардың төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыруды және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсынуды; 9) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар істерінің макетін қалыптастыруды; 10) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорларын толтыруды және жаңартып отыруды және оларды дербестендiрiлген есепке алуды; 11) агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 11-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 11-1) зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, қайтару, тоқтату мәселелері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара іс-қимыл жасауды; 12), 13) 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлерi бойынша ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды; 15) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыруды және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 16-1) - 16-3) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 16-1) зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді жүзеге асыру үшін қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыруды; 16-2) зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақыларға, біржолғы және өзге де төлемдерге ай сайынғы қажеттілікті, оларды жүзеге асыру графиктерін қалыптастыруды және бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді орталық атқарушы органға жіберуді; 16-3) орталық атқарушы орган мен оның ведомстволарына зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден ақпараттар беруді; 17) тармақша 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы4-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктер5-бап. Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыретi7-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi8-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 2-тарау. ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ9-бап. Зейнетақы төлемдерiн алу құқығы10-бап. Зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар азаматтар санаттары11-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау12-бап. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезеңi13-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу14-бап. Еңбек өтілін растау14-1-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі мен мерзімі15-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу16-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн кірісті айқындау17-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш жасау тәртiбi18-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау мерзімдері19-бап. Алып тасталды20-бап. Мемлекеттік корпорацияның зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыреті21-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі22-бап. Өткен уақыт үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу23-бап. Зейнетақыдан ұстап қалу 3-тарау. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН ТӨЛЕУ24-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу25-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және төлеу тәртібі26-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және оларды жүзеге асыру тәртібі27-бап. Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі27-1-бап. Кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызу28-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және аудармағаны үшiн жауаптылық29-бап. Аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтер ұсыну 4-тарау. БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН ТӨЛЕНЕТІН ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ30-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлеуді ұйымдастыру31-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерiн алу құқығы32-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерiн алу құқығы33-бап. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерi 5-тарау. БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ34-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін ұйымдастыру35-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясы35-1-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқару, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу тәртібі36-бап. Алып тасталды37-бап. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшының (алушының) бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен шарттары38-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу39-бап. Салымшылардың, өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары енгізілген, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың және агенттердің құқықтары мен міндеттері40-бап. Салымшының (алушының) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты 6-тарау. ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ41-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін ұйымдастыру42-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт43-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн кастодиан-банкте сақтау және есепке алу44-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары мен инвестициялық декларациясы45-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру46-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту47-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын тарату48-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде тарату48-1-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тарту49-бап. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның қолданысын тоқтату ерекшеліктері 7-тарау. БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ЖӘНЕ ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ50-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi50-2-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты және (немесе) зейнетақы активтері есебінен есеп айырысу жүзеге асырылатын бас қаржылық келісім51-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы есепке алу және есептiлiк52-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі53-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақылары54-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитi55-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар56-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу57-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясы58-бап. Уәкілетті орган қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары және санкциялар 8-тарау. САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ТӨЛЕНЕТІН САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ59-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдері60-бап. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі61-бап. Зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері62-бап. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару тәртiбi63-бап. Алып тасталды 9-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫН ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖЫЛДАРЫ ҮШІН ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы65-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін есептеу66-бап. Еңбек сіңірген жылдарды есептеу67-бап. Алып тасталды68-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру мерзімдері69-бап. Алып тасталды70-бап. Әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар71-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы болған адамдарға мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар 10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |