Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы (2012.06.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 11 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2010.19.03. № 219 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.06.03. № 294 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Фильтрлі сигареттерге (қорап): 1) ұзындығы таңдалған шамадан ± 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 45-тен 85 миллиметрге дейін тоқсан теңге мөлшерінде; 2) ұзындығы таңдалған шамадан ± 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 87,1-ден 160 миллиметрге дейін бір жүз теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
|