|
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісім бойынша): 1) Ұлттық жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Ұлттық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1223 қаулысымен бекітілген
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||