Ұлттық ғылыми кеңестер туралы (2013.20.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға тізбеге сәйкес ғылым бағыттары бойынша ұлттық ғылыми кеңестер құрылсын. 2. Ғылым бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1359 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі
Ұлттық ғылыми кеңестер ғылымның мынадай бағыттары бойынша құрылады: 1) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу; 2) энергетика және машина жасау; 3) ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар; 4) өмір туралы ғылым; 5) елдің зияткерлік әлеуеті.
ҚР Үкіметінің 2013.18.06. № 619 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі - кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 2. Кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің даму бағыттары бойынша алқалы органдар болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|