|
Қазақстан Республикасы Президентінің
1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына терең құрмет көрсете отырып, қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған «1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. Қағидаларға сәйкес «1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен өзге де адамдар наградталсын. 3. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қаңтардың 19-ы.
№ 992
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 992 Жарлығымен бекітілген
«1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградтау қағидалары
1. «1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградтаудың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен (бұдан әрі - бірыңғай мерекелік медаль) наградтау тәртібін реттейді. 2. Бірыңғай мерекелік медальмен: Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флот құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|