Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1, 2-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта және сыйақыларын оларды шығаратын немесе импорттайтын тұлғалар төлейтін табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның заңмен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 159 бұйрығымен бекітілген
Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесі
Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта және сыйақыларын оларды шығаратын немесе импорттайтын тұлғалар төлейтін табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдық: 1) дыбыс жазатын немесе бейнежазба жазатын құрылғысы бар және магниттік, оптикалық немесе жартылай өткізгіштік жеткізгіштерді пайдаланатын аппаратура, оның ішінде: жалпы мақсаттағы электрондық есептеу машина (бұдан әрі - ЭЕМ); мини-ЭЕМ; микро-ЭЕМ; пернелі ЭЕМ; ЭЕМ басқалары; есептеуіш машиналар және олардың ақпаратты енгізу немесе шығару құрылғысы бар блоктары; ішкі еске сақтау құрылғылары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|