Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың шекті нормаларын бекіту туралы
Осы редакция 2017 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 166 «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 13761 болып тіркелді) Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың шекті нормалары бекітілсін. 2. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 128 «Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және тыңайтқыштар сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6271 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 сәуірдегі «Костанайские новости» газетінде жарияланған). 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 444 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|