Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы (2020.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен күші жойылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қағидалардың 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін 7-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енеді және ресми жариялануы тиіс.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев 2015 жылғы 28 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2015 жылғы 21 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|