Апиындық-алмастырушы терапияның тиімділігін зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Осы редакция 2018 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстанда қолдаушы алмастырушы терапияны іске асыру бойынша бірыңғай ұстанымды әзірлеу мәселесі бойынша 2017 жылғы 20 желтоқсандағы кеңес хаттамасының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Апиындық-алмастырушы терапияның тиімділігін зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын. 2. Ведомствоаралық комиссия 2018 жылғы 30 маусымға дейін: пациенттердің құқықтық статусын, бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне пациенттерді таңдау сәйкестігін, олардың қайта әлеуметтену деңгейін зерделесін; есірткіге тәуелділерді емдеудің басқа түрлерімен және соңғы нәтижесімен салыстыра отырып 2008 жылдан бастап бағдарламаның экономикалық тиімділігін талдауды жүргізсін; қолдаушы алмастырушы терапияны іске асыру кезінде қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық базаны, денсаулық сақтау ұйымдарындағы метадонның айналысы (тарату) рәсіміне қойылатын талаптарды жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстарды зерделесін және енгізсін; қолдаушы алмастырушы терапияға пациенттерді таңдау өлшемшарттарын және оны бағалаудың нақты индикаторларын актуалдандырсын; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жұмыстың нәтижесін және алмастырушы терапияны одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстарды ұсынсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 33 бұйрығына қосымша
Апиындық-алмастырушы терапияның тиімділігін зерделеу құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|