|
Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы (2024.13.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2024.25.11. № 415 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 13 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 269) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптар бекітілсін. 2. «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдістемесін, қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 49 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10882 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланды) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|