2018 - 2019 оқу жылына жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңдарына, Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 37/02 «Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4886 болып тіркелген) және жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссияның 2018 жылғы 3 тамыздағы № 2 шешіміне сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. 2018-2019 оқу жылына жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. «Қарағанды облысының білім басқармасы», «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемелері заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсетін азаматтармен жасалған шарттардың тиісті орындалуын; 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын; 3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдауын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2018 жылғы 24 тамыздағы № 46/01 қаулысына Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|