Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға үлгілік шартты бекіту туралы (2024.14.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2024.25.11. № 414 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 14 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 308) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға үлгілік шарт бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|