Коллекторлық агенттіктердің қызметін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағын бекіту туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 229 қаулысымен және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 30 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі БҰЙЫРАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Коллекторлық агенттіктердің қызметін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы бірлескен қаулыны және бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен қаулы және бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді; 3) осы бірлескен қаулы және бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|