«2018 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 1018 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 1232 Қаулысымен күші жойылды
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14813 нөмірімен тіркелген) және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 22 мамырдағы №2-2-6/11687 хатына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2018 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 1018 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6158 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері мен көлемдері жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2018 жылғы 28 мамырдағы № 1124 қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 1018 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|