Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD философия докторларын нысаналы даярлау қағидалары (2018.08.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.08.10. № 551 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-6) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау қағидалары бекітілсін. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н.Жақыпова): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К.Орынхановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.08.10. № 551 бұйрығымен даярлау тетігі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 22 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|