ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 292 Қаулысымен мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты сәйкес жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Техникалық және кәсіптік білім берудің (2017.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді. Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі - ӘАОО) және білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады. ҚР Үкіметінің 2017.15.08. № 484 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) базалық құзырет - өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі; 2) біліктілік - алынған мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі; 3) оқу жоспарының моделі - техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін сипаттайтын оқу жоспарын ұсынудың нысаны; 4) модуль - білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі; 5) модульдік оқыту - модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі; 6) оқытудың нормативтік мерзімі - нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|