ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 292 Қаулысымен мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты сәйкес жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2017.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және орта білімнен кейінгі білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді. Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады. ҚР Үкіметінің 2017.15.08. № 484 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) базалық құзырет - өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі; 2) біліктілік - алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі; 3) оқу жоспарының моделі - орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін көрсететін оқу жоспарын ұсынудың нысаны; 4) модуль - білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі; 5) модульдік оқыту - модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі; 6) оқытудың нормативтік мерзімі - нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі; 7) кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі - оқытудың неғұрлым жалпылама параметрлерін (мамандықтың бейіні, кәсіптік біліктілік деңгейі, базалық білім беруге байланысты оқыту мерзімі) айқындайтын кәсіптер мен мамандықтардың жүйеленген тізілімі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|