ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 292 Қаулысымен мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты сәйкес жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (2017.15.08. берілген өзгерістермен)
1-бөлім. Магистратура
1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының негізінде әзірленді және жоғары оқу орындарында, оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі - ӘАОО) олардың типтеріне, түрлеріне және меншік нысандарына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім алушылардың білім беру бағдарламаларының мазмұнына, магистранттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, магистранттардың дайындық деңгейін және дәрежесін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді. Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен анықтамалар енгізілген: 1) магистратура - білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша кемінде 2 жыл нормативті оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, кәсіптік практиканың кемінде 6 кредитін және ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін міндетті түрде меңгерту; бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл нормативтік оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 18 кредитін, практиканың кемінде 2 кредитін және эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін міндетті түрде меңгерту; 2)магистрант - магистратурада білім алушы тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|