|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Конституциялық заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2012 ж., № 1, 2-құжат): 1) 3-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Тиіспеушілік Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі барлық мүлікке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызметтік үй-жайларға, қызметтік көлікке, байланыс құралдарына, хат-хабарларға, оларға тиесілі құжаттарға қолданылады. Тиіспеушілік Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қорына тиесілі мүлікке де қолданылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке, сондай-ақ оның қорының мүлкіне қандай да бір шектеу қойылмайды.»; 2) 4-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Кеңсесінің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы белгілейді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет туралы заңнама қолданылады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесін орналастыру үшін ұйымдастыру техникасымен (оның ішінде жалпы желіге де, барлық қолда бар құқықтық базалар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге де қосылған жеке компьютерлермен, көшіру-көбейту техникасымен, факсимильді байланыс аппараттарымен), байланыс құралдарымен, оның ішінде үкіметтік байланыспен, қажетті офистік жиһазбен жабдықталған жеке қызметтік үй-жай беріледі, сондай-ақ ол көліктік қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.»; 3) 9-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының жеке кітапханасы мен жеке мұрағаты ұлттық игілік болып табылады және мемлекет меншігінде болады.». 2. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 жылғы 25 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнындағы 43-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «43-бап. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеменің) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері»; 2) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын: «43-бап. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеменің) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері 1. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрiн немесе бiр бөлiгiн, оның iшiнде өкiлдiк функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлiмшесi филиал болып табылады. 2. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және заңды тұлғаның мүдделерiн қорғауды және өкілдігін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге де құқықтық іс-әрекеттер жасайтын оқшауланған бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады. 3. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлға болып табылмайды. Оларға мүліктi өздерiн құрған заңды тұлға бередi және олар бекiткен ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi. 4. Заңды тұлға (мемлекеттік мекеме) функцияларының бір бөлігін орындайтын, өзінің орналасқан жері бойынша стационарлық жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеменің) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып танылады. Жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол стационарлық жұмыс орны болып есептеледі. Заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеменің) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі заңдарда тікелей көзделген жағдайларда құрылады. 5. Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады. Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады. Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң басшыларын заңды тұлғаның уәкiлетті органы тағайындайды және олар соның сенiмхаты негiзiнде жұмыс iстейдi.»; 3) 167-баптың 4-тармағындағы «ауыл (село)» деген сөздер «ауыл» деген сөзбен ауыстырылсын. 3. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 338-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «338-1-бап. Төтенше жағдай режимін бұзу»; 2) 96-бапта: бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «Кісі өлтіру» деген сөздер «Адам өлтіру» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: бірінші абзацтағы «Кісі өлтіру» деген сөздер «Адам өлтіру» деген сөздермен ауыстырылсын; ж) және о) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;»; «о) кәмелетке толмағандығы белгілі баланы өлтіру;»; мынадай мазмұндағы п) тармағымен толықтырылсын: «п) ұйымдасқан топпен адам өлтіру - »; 3) 241-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру - айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 4) мынадай мазмұндағы 338-1-баппен толықтырылсын: «338-1-бап. Төтенше жағдай режимін бұзу 1. Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, төтенше жағдай кезінде қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулерді бұзу, сол сияқты жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін орындамау - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Нақ сол әрекеттерді: а) лауазымды адам; б) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.». 4. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; 2013 жылғы 25 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 37-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 13) тармақпен толықтырылсын: «13) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі әрекетті қылмыс ретінде саралау соған байланысты болатын осы қылмыстық іс бойынша қолдануға жататын заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп таныған жағдайда.»; 2) 39-баптың бірінші бөлігіндегі «1, 2, 5, 7, 8-тармақтарында» деген сөздер «1), 2), 5), 7), 8) және 13) тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 50-баптың 1-1-бөлігінің екінші абзацындағы «сот іс бойынша іс жүргізуді толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтата тұруға құқылы» деген сөздер «сот қорғаушы тараптың өтінішхаты болған кезде іс бойынша іс жүргізуді толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтата тұруға міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 58-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96 (екінші бөлігінің п) тармағында), 162 (төртінші бөлігінде), 165, 166-1, 167, 171, 233 (төртінші бөлігінде), 235-1 (бесінші бөлігінде), 250 (төртінші бөлігінде), 259 (төртінші бөлігінде), 260 (төртінші бөлігінде), 261 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы істерді қарау айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судьяның және он алқабидің құрамында жүзеге асырылады.»; 5) 137-бап мынадай редакцияда жазылсын: «137-бап. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды қамауда ұстау тәртiбi Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған әскери қызметшiлер және жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар да тиiсiнше гауптвахталарда және бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталуы мүмкiн. Осы Кодекстiң 65-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар анықтау органының бастығы айқындайтын арнайы ыңғайластырылған үй-жайларда ұсталады. Төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар жергілікті жердің коменданты айқындайтын, осы мақсаттар үшін ыңғайластырылған үй-жайларда ұсталуы мүмкін. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды қамауда ұстау тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»; 6) 192-баптың екінші бөлігіндегі «335 - 338,» деген цифрлар «335 - 338-1,» деген цифрлармен ауыстырылсын; 7) 237-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «241-бабында (үшінші бөлік);» деген сөздер алып тасталсын; 8) 301-баптың 3-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3-1. Алдын ала тыңдау барысында судья Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96 (екінші бөлігінің п) тармағында), 162 (төртінші бөлігінде), 165, 166-1, 167, 171, 233 (төртінші бөлігінде), 235-1 (бесінші бөлігінде), 250 (төртінші бөлігінде), 259 (төртінші бөлігінде), 260 (төртінші бөлігінде) 261 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстарды қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған сотталушыдан өз ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы оның өтінішхатының бар-жоғын анықтайды.»; 9) 314-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі басқа соттың бастамасы бойынша қылмыстық іс бойынша қолдануға жататын заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің конституциялық екендігіне тексеру жүргізген жағдайда, төрағалық етуші бұл туралы қорғаушы тарапты хабардар етеді.»; 10) 367-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «3. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі басқа соттың бастамасы бойынша қылмыстық іс бойынша қолдануға жататын заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің конституциялық екендігіне тексеру жүргізген жағдайда, судья Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі шешім шығарғанға дейін үкімнің қаулысын кейінге қалдырады.»; 11) 391-баптың бесінші бөлігіндегі «дау-шарды» деген сөз «дауды (жанжалды)» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 543-бап мынадай редакцияда жазылсын: «543-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың қарауына жататын iстер 1. Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96 (екінші бөлігінің п) тармағында), 162 (төртінші бөлігінде), 165, 166-1, 167, 171, 233 (төртінші бөлігінде), 235-1 (бесінші бөлігінде), 250 (төртінші бөлігінде), 259 (төртінші бөлігінде), 260 (төртінші бөлігінде), 261 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді, сондай-ақ көрсетілген әрекеттерді есі дұрыс емес күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейін жүйке ауруына ұшыраған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды. 2. Егер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған болса, егер қылмыстардың осындай жиынтығына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96 (екінші бөлігінің п) тармағында), 162 (төртінші бөлігінде), 165, 166-1, 167, 171, 233 (төртінші бөлігінде), 235-1 (бесінші бөлігінде), 250 (төртінші бөлігінде), 259 (төртінші бөлігінде), 260 (төртінші бөлігінде), 261 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісінің сотта алқабилердің қатысуымен қаралуына құқығы бар. 3. Егер iс бойынша бiрнеше адам айыпталса, оны соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы, егер сотталушылардың ең болмағанда бiреуi қылмыстық iстi алқабилердiң қатысуымен қарау туралы өтiнiшхатпен жүгінсе, олардың барлығына қатысты қарау осы бөлiмде көзделген қағидалар бойынша жүргiзiледi.». 5. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139,142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат): 30-баптың 1-тармағындағы «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдың, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж, № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 317-16-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «317-16-бап. Шығарып жіберу туралы сот актісін орындауды тоқтата тұру»; 2) бүкіл мәтін бойынша «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің», «медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім» деген сөздер тиісінше «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 46-баптың екінші бөлігіндегі «және прокурорды» деген сөздер «, сондай-ақ олардың заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша прокурорды» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 170-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) тараптардың кәсіби медиаторлар ұйымдарының медиация рәсімінің тәртібі мен қағидаттарының түсіндірмесін алуын қамтамасыз етеді;»; 5) 250-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Егер тараптар өздерінің сот отырысында болмауының дәлелді себептерін растайтын дәлелдемелер ұсынса, сот осы Кодекстің 249-бабының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша қуынушының немесе жауапкердің өтінішхаты бойынша арызды қараусыз қалдыру туралы өз ұйғарымының күшін жояды. Сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымның күшін жою туралы өтінішхатты ол сотқа келіп түскен кезден бастап он күн ішінде өтінішхатпен жүгінген адамның қатысуымен сот отырысында қарайды.»; 6) мынадай мазмұндағы 317-16-баппен толықтырылсын: «317-16-бап. Шығарып жіберу туралы сот актісін орындауды тоқтата тұру Сот көрсеткен, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс болатын мерзімге дейін шағым немесе наразылық келіп түскен жағдайда, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі шағымды немесе наразылықты қарағанға дейін тоқтатыла тұрады.»; 7) 344-бапта: төртінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) ұйғарымның күшiн толықтай немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселені мәні бойынша шешу;»; бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «5. Істі одан әрі жылжыту мүмкіндігіне кедергі келтіретін ұйғарымдарды қоспағанда, апелляциялық сатының жеке шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және ол шығарылғаннан кейін дереу заңды күшіне енеді.»; 8) 383-3-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Азаматтық істі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры не оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап ете алады. Сот прокурордың істі талап ету туралы сұрау салуын ол сотқа келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей және заңды күшіне енген сот актілерін орындау үшін іс жүргізу әрекеттері орындалғаннан кейін ғана орындайды. Сұрау салулар байланыс арналарын пайдалану арқылы жіберілуі мүмкін.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |