Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы (2008.21.05. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 25-тармағына сәйкес және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау және үйлестіруді жүзеге асыру үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі бекітілсін. 2. «Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы № 946 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда № 3282 тіркелген, 2005 жылғы 21 қазанда № 195-196 (929-930) «Заң газетінде» жарияланған,) күші жойылды деп танылсын. 3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министр Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілді Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабы 25) тармақшасына сәйкес және білім беру ұйымдары мен тиісті инфрақұрылымдарда оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру үшін әзірленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|