|
|
|
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан ҚР 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II Заңына сәйкес осы Заңнын күші жойылды Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң актілері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. 23 наурыздағы № 2147 Жарлығымен күшiне енгiзiлген күнiнен бастап қолданылады және заң күшiне ие актi болып табылады I бөлiм. Жалпы ережелер (1-2 баптар) II бөлiм. Азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi (3-7 баптар) III бөлiм. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын (8-20 баптар) қамтамасыз ету IV бөлiм. Санитарлық-гигиеналық нормалау (21-25 баптар) V бөлiм. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау (26-32 баптар) VI бөлiм. Iндетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу (33-37 баптар) VII бөлiм. Шаруашылық қызметіне қойылатын санитарлық- (38-51 баптар) эпидемиологиялық талаптар VIII бөлiм. Санитарлық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық (52-54 баптар) Осы Заң Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайларын айқындайды. 1-бап. Санитарлық эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы" Заң, осы Заң, айналадағы орта мен халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі өзге де заң құжаттары санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi болып табылады. 2-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң принциптерi Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң принциптерi: Ұйымдық, экономикалық, құқықтық және тәрбиелiк сипаттағы шаралар кешенiн жүргiзумен қамтамасыз етiлетiн азаматтардың денсаулығын, тiршiлiк ортасының қолайлылығы мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қорғау құқын жүзеге асыру; айналадағы орта факторларының халықтың денсаулығына зиянды әсер етуiн болдырмау жөніндегі қызметiнiң ескертпелiгi; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жариялылық болып табылады. II бөлiм. Азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi 3-бап. Азаматтардың тiршiлiк ету ортасы қолайлылығына құқығы Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының, факторлары қазiргi және болашақ ұрпақтың денсаулық жағдайына жарамсыз әсер етпеуге тиiс тiршiлiк ортасы қолайлылығына құқығы бар. 4-бап. Санитарлық эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу құқығы Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы дұрыс ақпарат алуға мемлекеттік басқару органдары, лауазымды адамдар қабылдағыш шешiмдердi, егер бұл шешiмдер санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен халықтың денсаулығына ықпал етумен байланысты болса, әзiрлеуге, талқылауға және бұлардың орындалуын бақылауға қатысуға әрбiр азаматтың құқығы бар. 5-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөніндегі азаматтардың мiндеттерi Қазақстан Республикасының азаматтары қолданылып жүрген санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi сақтауға. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдарының қорытындыларын, қаулылары мен ұйғарымдарын орындауға мiндеттi. 6-бап. Орталық және жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттерi Орталық және жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары, лауазымды, адамдар: халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге; азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдарға санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат беруге; мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен халықтың денсаулығына ықпал етумен байланысты шешiмдерiн әзiрлеуге, талқылау мен орындалуын бақылауға азаматтардың қатысуы үшiн жағдай туғызуға мiндеттi. 7-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мiндеттерiн шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қолдану Осы Заңда көзделген Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мiндеттi Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын, сондай-ақ жол сапары Қазақстан Республикасы арқылы өтетiн шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. III бөлiм. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету 8-бап. Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік басқару органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге байланысты өкiлеттiктерi Орталық мемлекеттік басқару органдарының жүргiзуiне: мемлекеттік басқару органдарының санитарлық заңдарды орындауға байланысты қызметiне басшылық жасау және олардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету; санитарлық -эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, республикалық және аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу; Қазақстан Республикасының Заңдары мен басқа да нормативтiк құжаттарының жобаларын жасау; мемлекеттік шекараны аса қауiптi және басқа да карантиндi жұқпалы аурулардың енiп кетуi мен таралуынан қорғау; Қазақстан Республикасы аумағында жұқпалы аурулар мен адамдар улануының таралуын болдырмауға және жоюға байланысты халықтың тұруы мен шаруашылық қызметтiң айрықша жағдайлары және режимдерiн белгiлеу мен тоқтату; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру жатады. 9-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқару органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкiлеттiктерi Жергiлiктi өкiлдi және атқару органдары олардың санитарлық-эпидемиологиялық қарсы шараларды жүргiзу және санитарлық заңдарды сақтауы жөнiнде заңды ұйымдар мен нақты тұлғаларға басшылықты жүзеге асырады және азаматтардың денсаулығын қорғауға, тiршiлiк ету ортасының қолайлылығына байланысты құқықтарын қорғауды, олардың денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеудi қамтамасыз етедi. 10-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi басқаратын және төменгiлерi жоғары тұрғандарына бағынышты органдар мен мекемелердiң бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi болып табылады. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң басқару тәртібін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi айқындайды. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылауды және кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың лауазымды адамдар мен азаматтардың санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi, санитарлық заңдарды орындауларын қадағалауды жүзеге асырады, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және халықтың денсаулығына әсер ететiн қолайсыз факторлардан сақтандырады, оларды айқындайды және жою шараларын жасайды. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерi мен басқа да әскери құрамаларында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етудi қадағалауды Қарулы күштер мен сол әскери құрамалар қызметтерi жүзеге асырады. Олардың Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен өзара iс-қимылының тәртібі қолданылып жүрген заңдар мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің нормативтiк құжаттарымен айқындалады. 11-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мiндеттерi Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет: Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады; мемлекеттік органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелердi ұсынады; санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттік бағдарламаларды жасауға қатысады; санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi бекiтедi; санитарлық-эпидемиологиялық сақтандыруды (мониторингтi) жүзеге асырады, есеп пен статистика жүргiзедi; гигиеналық оқыту өткiзедi және салауатты өмiр салтын насихаттайды; санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды ұйымдастырады; жобалау нормаларын, мемлекеттік стандарттарды, бақылау әдiстерiн, оқу бағдарламаларын, оқу-еңбек жүктемелерiн, балалардың мектеп жасына дейiнгi балалар және жеткiншектер мекемелерiнде, мектептерде, жоғары және орта оқу орындарында болуы мен оқу режимi жағдайларын келiседi; гигиеналық және эпидемиологиялық бағыттары институттардың ғылыми-зерттеу қызметiн үйлестiредi; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге қатысты басқа да мемлекеттік бақылау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды. ҚР 10.07.98 ж. № 283-1 Заңымен 12-бап өзгертiлдi 12-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметi органдары мен мекемелерiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметi органдары мен мекемелерiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жүзеге асырады. 13-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға: Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi және оның орынбасарлары; аумақтардың Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары; басқармалар бастықтары, бөлiмдердiң, бөлiмшелердiң, лабораториялардың меңгерушiлерi, санитарлық дәрiгерлер мен эпидемиолог-дәрiгер, санитарлық дәрiгерлердiң және эпидемиолог-дәрiгерлердiң көмекшiлерi жатады. 14-бап. Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлердi қызметке тағайындау және қызметiнен босату Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Аумақтардың Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлiк-жоғары тұрған Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгер әкiмдермен келiсуi бойынша тағайындап, босатады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлердiң орынбасарларын тиiстi Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлер қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң басшысы қызметiне арнайы жоғары медициналық білімi бар азаматтар тағайындалады. ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 15-бап өзгердi 15-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың: санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптардың гигиеналық нормативтердiң сақталуын қадағалау мақсатында қызмет куәлiгiн көрсете отырып тәулiктiң кез-келген уақытында кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге тосқауылсыз келуге және тексеру жүргiзуге; министрлiктер мен ведомстволарға, кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптардың, гигиеналық нормативтердiң бұзылуын жою, санитарлық-эпидемиологиялық қарсы шаралар жүргiзу туралы талаптар қоюға; елдi мекендердi жоспарлау мен салу, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердi орналастыру, салу мен қайта құру жобалары бойынша, суды пайдалану мен ақаба суларды бөлiп тастау, токсикалық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттарды iске жарату мен көму жағдайларына байланысты министрлiктерге, ведомстволарға, кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдар мен азаматтарға қорытындылар беруге; шикiзаттардың жаңа түрлерiнiң, технологиялық жабдықтың тамақ өнiмдерi өндiрiсi процестерiнiң, азық-түлiктiк шикiзаттың, өнеркәсiп бұйымдарының, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелену көздерiнiң, химиялық заттар мен өнiмдердiң, биологиялық және дәрi-дәрмектiк құралдардың, ыдыстың, азық-түлiк шикiзатымен, тамақ өнiмдерiмен және iшетiн сумен жанасатын орағыш және полимерлiк материалдардың, парфюмерлiк-косметикалық және халық тұтынатын басқа да тауарлардың, медициналық иммунды биологиялық препараттардың, сайман-жабдықтардың, аспаптар мен жұмыс құралдарының стандарттары мен техникалық шарттарының жобаларын қарауға; мемлекеттік шекараны карантиндi, аса қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларды әкелу мен таратудан қорғау жөніндегі бақылау функцияларын жүзеге асыруға; балалар мен жеткiншектер мекемелеріндегі оқу-еңбек жүктемелерi мен сабақтар режимi жөнiнде қарауға және қорытындылар беруге; ғылыми-зерттеу мекемелерiне, лабораторияларға, жоғары оқу орындарына олардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, басқа да мекемелер мен ұйымдарға қажеттi жағдайларда санитарлық-эпидемиологиялық арнайы зерттеулер жүргiзуге тапсырмалар беруге; Қазақстан Республикасының санитарлық заңдарын, санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi бұзу фактілерін қарау үшiн Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiне лауазымда адамдар мен азаматтарды шақыруға; жұқпалы және паразиттiк аурулардың таратушы көзi болған адамдарды, сондай-ақ санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi орындамайтын адамдарды жұмыстан аластатуға; жекелеген объектiлерде карантин жасауға; жұқпалы және паразиттiк ауруларды таратудың көзi болуы мүмкiн, сондай-ақ жұқпалы ауруы бар науқастармен жанасып жүрген адамдарды медициналық тексеруге жiберуге; жұқпалы және паразиттiк аурулармен сырқаттанғандарды, айналасындағы адамдарға қауiп келтiретiн бактерия таратушыларды мiндеттi түрде ауруханаға жатқызуға жiберуге; үй-жайларда, аумақтар мен жұқпалы және паразиттiк аурулардың ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзудi талап етуге; санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптардың талаптарына жауап бермейтiн тұрғын үйдiң, қоғамдық және өзге объектiлердiң құрылысын жүргiзу мен қайта құрудың жобалау қарсаңындағы және жобалау құжаттамаларына келiсуден бас тартуға; санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптардың, гигиеналық нормативтердiң бұзылуын жөнге келтiргенге дейiн өнеркәсiптiң, көлiктiң, ауыл шаруашылығының, байланыстың жұмыс iстеп тұрған өндiрiстiк объектiлерiн, жұмыс түрлерiн, технологиялық процестердi, құрал-жабдықтарды, аспаптарды, гидротехникалық құрылыстарды, қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарын және өзге ғимараттарды, мектептердi, балалар мен емдеу-профилактикалық мекемелерiн, санаторийлердi, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы үй-жайларды және басқа объектiлердi пайдалануға , жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, тыйым салуға немесе тоқтатуға; санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптар, гигиеналық нормативтер бұзылған жағдайда, жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, объектiлердiң құрылысын жүргiзу мен қайта құруды, қалалық және ауылдық мекендердiң құрылысын жүргiзу жөніндегі жекелеген жұмыс түрлерiн тоқтатуға; адам өмiрi мен денсаулығына қатерлi деп табылған жағдайда шикiзаттың жаңа түрлерiн, технологиялық құрал-жабдықтарды, процестердi, аспаптарды, азық-түлiк шикiзаты мен тағам өнiмдерiн, өнеркәсiп бұйымдарын, құрылыс материалдарын, азық-түлiк шикiзатымен, тағам өнiмдерiмен және ауыз суымен қарым-қатынаста болатын иондандырушы сәулелену көздерiн, биологиялық және дәрi-дәрмек құралдары мен препараттарды, ыдыстарды, орағыштарды, пластикалық, полимерлiк және басқа да материалдарды, олардан жасалған бұйымдарды, халық көп тұтынатын басқа да тауарларды өндiруге, қолдануға және сатуға, жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, тыйым салуға; белгiленген тәртiппен тiркелмеген химиялық заттарды, иондандырушы сәулелену көздерiн, медициналық және биологиялық препараттарды өндiруге, пайдалануға және қолдануға, жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, тыйым салуға; адам денсаулығына зиянды әсер ету қаупi туындаған жағдайда шаруашылық-ауыз суын жабдықтауда, тағам өнiмдерiн өндiру мен өңдеу кезiнде материалдар мен реагенттердi қолдануға, сондай-ақ ауыл шаруашылығында өсiмдiктер мен жануарлардың өсу стимуляторларын, парфюмерлiк-косметикалық өнiмдердi қолдануға, жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, тыйым салуға; қолдануға жарамсыз деп табылған жағдайда суды iшуге және шаруашылықты жабдықтауға, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiне пайдалануға, жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, тыйым салуға; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жолмен ықпал ету шараларын қолдануға қақысы бар. Он алтыншы - жиырма бiрiншi абзацтарда көзделген хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды. 16-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтегi лауазымды адамдардың мiндеттерi Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң лауазымды адамдары: министрлiктер мен ведомстволардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, лауазымды адамдардың, азаматтардың, санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi сақтауына Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады; санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуi, санитарлық заңдардың бұзылуы жайында орталық және жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарына хабардар етiп отыруға; кәсiптiк уланулар мен аурулардың, жұқпалы және паразиттiк аурулардың пайда болу себептерi мен жағдайларын айқындауға және талдауға; жұқпалы және паразиттiк аурулардың ошақтарында санитарлық-эпидемиологиялық қарсы шараларды ұйымдастыруға; халықты ұжымдық иммунитеттеудi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды орындауға бақылау жасауды жүзеге асыру; айналадағы ортаның санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы және оның адам денсаулығына әсерi туралы қолданылып жүрген санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтер туралы халықты хабардар етiп отыруға; халықтың жекелеген топтарын гигиеналық оқуға тартып, кейiннен аттестаттау өткiзiп отыруға; медициналық және гигиеналық білімдердi тарату, салауатты өмiр салтын қалыптастыру iсiне қатысуға мiндеттi. ҚР 29.11.99 ж. № 488-1; 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 17-бап өзгертiлді 17-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдарының құқықты пайдалану мiндеттiлiгi Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдары осы Заңның 15-бабында көрсетiлген құқықты мынандай жағдайда: зиянды заттардың шоғырлануы рұқсат етiлген шектегi нормативтерден, физикалық факторлардың әсер ету деңгейiнен асып кеткенде; объектiлердi пайдалануға беру жаңа технологиялық процестердi, құрал-жабдықтарды, материалдар мен заттарды қолдануға енгізу санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi бұзып, не Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң келісімiнсiз жүргiзiлгенде; кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi бұзғанда қолдануға мiндеттi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өтiнiшi бойынша сот тәртібімен жүргiзiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арыз Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiберiледi. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуына немесе оны тоқтата тұруына карантиндiк, аса қауiптi, жұқпалы, паразиттiк және кәсiби аурулардың таралу қаупi анық туындаған кездегi ерекше жағдайларда жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады. Төртiншi бөлiкте көзделген хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды. 18-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қаулыларының, қорытындылары мен ұйғарымдарының орындалу мiндеттiлiгi Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қаулылары, қорытындылары, ұйғарымдары, министрлiктер мен ведомстволардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi. Осы қаулыларды, қорытындылардың, ұйғарымдардың орындалмауына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi. 19-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қызметiне кепiлдiк Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлер, олардың орынбасарлары, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын басқа да лауазымды адамдар өкiметтiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады. Өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. 20-бап. Халықты санитарлық-эпидемиологиялық салауаттандыруды ақпараттық қамтамасыз ету Халықты санитарлық-эпидемиологиялық салауаттандыруды ақпараттық қамтамасыз етудi мемлекеттік және салалық есептеу және есеп беру нысандары, сондай-ақ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қорғау органдары мен мекемелерiнiң сұрауы бойынша кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер беретiн қосымша ақпарат негiзiнде Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүзеге асырады. IV бөлiм. Санитарлық-гигиеналық нормалау 21-бап. Санитарлық-гигиеналық нормалаудың мiндеттерi Санитарлық-гигиеналық нормалаудың мiндеттерi: тiршiлiк ортасының халық денсаулығына әсер ету факторларын бағалаудың өлшемдерiн жасау; тiршiлiк ортасының адам организмiне химиялық, биологиялық, физикалық және радиациялық әсер етуiнiң кешендi және жекелеген факторларының неғұрлым тиiмдiлiгiн немесе рұқсат етiлген шегiнiң, көлемiн, деңгейiн, шоғырлануын анықтау болып табылады. 22-бап. Санитарлық-гигиеналық ережелер мен мөлшерлi қалыптар, гигиеналық нормативтер. Оларды жасаудың, бекiтудiң және қайта құрудың тәртібі Гигиеналық нормативтер жалпымемлекеттік болып табылады. Санитарлық-гигиеналық ережелер мен мөлшерлi қалыптар республикалық, аймақтық және жергiлiктi болып бөлiнедi. Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi ғылыми зерттеу институттары, санитарлық-эпидемиологиялық станциялар және басқа да мамандандырылған мекемелер жасайды. Республикалық және аймақтық санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi бекiтедi. Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптар, гигиеналық нормативтер және ғылыми және практикалық мәлiметтер пайда болған кезде оқтын-оқтын қайта қаралып отырады. 23-бап. Халықаралық және республикалық санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптардың, гигиеналық нормативтердiң арақатынасы Халықаралық санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi күшiне енгiзедi. 24-бап. Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi жариялау Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптар, гигиеналық нормативтер мiндеттi жариялануға және еркiн таратылуға жатады. Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi бекiткен лауазымды адамдар олардың енгiзiлгенi туралы бiр ай мерзiмде баспасөзде хабарлануға мiндеттi. 25-бап. Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi сақтаудың кепiлдiгi Орталық және жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары, кәсiпорындар, мекемелер және басқа ұйымдар шығаратын актiлер санитарлық заңдарға қайшы келмеуге, олардың орындалуына кедергi жасамауға, сондай-ақ санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптардың, гигиеналық нормативтердiң қолданылуын шектемеуге немесе оларды бұзбауға тиiс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |