<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Английский
Казахский и английский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Қазақстан Республикасындағы тіл туралы 1997 ж. 11 шілдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы (2025.16.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы
(2025.16.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Осы Заңның реттейтiн мәселесi

  • Показать изменения

3-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасы

3-1-бап. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының негізгі мақсаты

3-2-бап. Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері

3-3-бап. Тіл саясатының қағидаттары

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi

5-бап. Орыс тiлiн қолдану

6-бап. Мемлекеттiң тiл жөнiндегi қамқорлығы

7-бап. Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол бермеу

2-тарау. Тiл - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында

8-бап. Тiлдердiң қолданылуы

9-бап. Мемлекеттiк органдар актiлерiнiң тiлi

10-бап. Құжаттама жүргiзу тiлi

11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап тiлi

12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы тiл

13-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi

14-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу тiлi

15-бап. Мәмiлелер тiлi

3-тарау. Тіл - білім беру, ғылым, мәдениет және масс-медиа саласында

16-бап. Тiл - бiлiм беру саласында

17-бап. Тiл - ғылым және мәдениет саласында

18-бап. Масс-медиа тілі

4-тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы есiмдерде, көрнекi ақпаратта

  • Показать изменения

19-бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртiбi

20-бап. Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн жазу

21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi

22-бап. Тіл - байланыс және ақпараттандыру саласында

5-тарау. Тiлдi құқықтық қорғау

23-бап. Тiлдi мемлекеттiк қорғау

24-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

  • Показать изменения

24-1-бап. Алып тасталды

24-2-бап. Ономастика саласындағы уәкілетті органның құзыреті

25-бап. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті

25-1-бап. Ономастика комиссиялары

25-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының құзыретi

25-3-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi

  • Показать изменения

25-4-бап. Алып тасталды

25-5-бап. Ономастика жұмысының критерийлері

  • Показать изменения

25-6-бап. Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу тəртібі

26-бап. Алынып тасталды

6-тарау. Тiлдi шет елдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану

27-бап. Тiл - халықаралық қызметте

 

 

2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1 тарау. Жалпы ережелер

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) диаспора - өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этностық қауымдастық);

2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-1) маңдайша - дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыс-жайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын ақпарат;

2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2) мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы - түпнұсқаның мағынасы мен мазмұнын өзгеріссіз сақтайтын мәтіннің басқа тілге аудармасы;

  • Показать изменения

2) ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;

  • Показать изменения

3) ономастика комиссиясы - Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау бойынша бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi орган;

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

3-1) ономастика саласындағы уәкілетті орган - ономастика саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • Показать изменения

4) орфография - дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн қағидалар жүйесi;

2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) Республикалық терминология комиссиясы - уәкілетті органның жанындағы, экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзірлейтін консультативтік-кеңесші орган;

  • Показать изменения

 6) топонимика - ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуының, өзгеруінің және қолданылуының заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi;

  • Показать изменения

7) 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8) тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган - тілдерді дамыту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Осы Заңның реттейтiн мәселесi

Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн мәселе болып табылады.

Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және дiни бiрлестiктерде тiлдердiң қолданылуын реттемейдi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасы

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

3-1-бап. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының негізгі мақсаты

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының негізгі мақсаты тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін реттеу болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 3-2-баппен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-2-бап. Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері

Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) мемлекеттік тілге және Қазақстан халқының тілдеріне бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ету;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылуын кеңейтуді қамтамасыз ету;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 3-3-баппен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-3-бап. Тіл саясатының қағидаттары

Тіл саясатының қағидаттары мыналар болып табылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының тілдерді дамыту саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) Қазақстан халқының тілдерін еркін пайдалану.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Мемлекеттік тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Үкiмет, өзге де мемлекеттік, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;

Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;

қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Орыс тілін қолдану

Мемлекеттік ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Мемлекеттiң тiл жөніндегі қамқорлығы

Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркiн таңдауына құқығы бар.

Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды.

Ұлттық топтар жинақты тұратын жерлерде iс-шаралар өткiзiлген кезде олардың тiлдерi пайдаланылуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол бермеу

Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi.

Қазақстанда мемлекеттік тiлдiң және басқа да тiлдердiң қолданылуына және оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2 тарау. Тiл - мемлекеттік және мемлекеттік емес

  • Показать изменения

ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында

 

8-бап. Тiлдердiң қолданылуы

Мемлекеттік тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тiл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Мемлекеттік органдар актілерінiң тілі

Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тілінде жүргiзiлуi мүмкiн.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 10-бап толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

10-бап. Құжаттама жүргiзу тілі

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттік тiлде және орыс тілінде қамтамасыз етiледi.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап тілі

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттік тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы тiл

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ әскери және әскерилендiрiлген құрамалардың барлық түрiнде, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқықтық қорғау ұйымдарында және құқық қорғау органдарында мемлекеттік тiлдiң және орыс тілінiң қолданылуы қамтамасыз етiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13-бап. Сот iсiн жүргiзу тілі

Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттік тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тілі немесе басқа тiлдер мемлекеттік тiлмен тең қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу тілі

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер мемлекеттік тiлде, ал қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде жүргiзiледi.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 15-бап толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

15-бап. Мәмiлелер тілі

Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмiлелерi қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жазылады.

  • Показать изменения

Шетелдiк жеке және заңды тұлғалармен жазбаша нысанда жасалатын мәмiлелер мемлекеттік тiлде және тараптар үшiн қолайлы тiлде жазылады.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3-тарау. Тіл - білім беру, ғылым, мәдениет және масс-медиа саласында

 

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

16-бап. Тiл - білім беру саласында

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiлде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың тiлдерiнде жұмыс iстейтiн мектепке дейiнгi балалар ұйымдарын құру қамтамасыз етiледi.

Балалар үйлерiнде және оларға теңестiрiлген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру тілін жергiлiктi атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгiлейдi.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімдi мемлекеттік тiлде, орыс тілінде, ал қажетiне қарай және мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде алуды қамтамасыз етедi. Білім беру ұйымдарында мемлекеттік тiл мен орыс тілі мiндеттi оқу пәнi болып табылады және білім туралы құжатқа енгiзiлетiн пәндер тiзбесiне кiредi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17-бап. Тiл - ғылым және мәдениет саласында

Қазақстан Республикасында ғылым саласында, диссертацияларды ресiмдеу мен қорғауды қоса алғанда, мемлекеттік тiл мен орыс тілінiң қолданылуы қамтамасыз етiледi.

Мәдени шаралар мемлекеттік тiлде және қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жүргiзiледi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді

  • Показать изменения

18-бап. Масс-медиа тілі

  • Показать изменения

 Қазақстан Республикасы масс-медиада мемлекеттік тiлдiң, басқа да тiлдердiң қолданылуын қамтамасыз етедi.

  • Показать изменения

Қажеттi тiлдiк ортаны жасау және мемлекеттiк тiлдiң толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншiк нысанына қарамастан, теле-, радиоарналар арқылы берiлетiн мемлекеттiк тiлдегi теле-, радиобағдарламалардың көлемi уақыт жағынан басқа тiлдердегi теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4 тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы өсiмдерде, көрнекi ақпаратта

 

2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді

  • Показать изменения

19-бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртібі

  • Показать изменения

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектiлердiң дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20-бап. Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн жазу

Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес келуге тиiс.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тілі

2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен бірінші бөлікпен толықтырылды (2022 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

Деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндері орфография нормалары және мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы сақтала отырып жазылады.

Мемлекеттік органдардың мөрлерi мен мөртаңбаларының мәтiнiнде олардың атаулары мемлекеттік тiлде жазылады.

Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерiнiң, мөртаңбаларының мәтiнi мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жазылады.

2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен үшінші - жетінші бөліктермен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

Мемлекеттік ұйымдардың бланкілері мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де жазылады.

Мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де жазылады.

Мемлекеттік ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де орналастырылады.

Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады. Қазақстан Республикасында қорғалатын, мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшаларында пайдаланылатын тауар белгілері өзгермеген түрінде жазылады.

2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен сегізінші - он төртінші бөліктермен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

Маңдайшаны орналастыруға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маңдайшаларды орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.

Хабарлама:

1) маңдайшаны республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналастыру кезінде - республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;

2) маңдайшаны аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде орналастыру кезінде аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жіберіледі.

Хабарлама маңдайша орналастырылатын болжамды күннен кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.

Хабарламаға:

1) маңдайшаны орналастыру орны туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;

2) маңдайшаның эскизі қоса беріледі.

Жергілікті атқарушы органдар ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер беруге құқылы.

Жергілікті атқарушы органдар ескертулер ұсынған жағдайда маңдайша ескертулер жойылған кезде ғана орналастырылуы мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда, өтініш беруші маңдайшаны өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыруға құқылы.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, жол белгілеріндегі жазбалар мемлекеттік тілде жазылады.

2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен үшінші бөлік жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады.

Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидаларын қараңыз

Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттік тiлде және орыс тілінде қажеттi ақпарат болуға тиiс.

Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттік тiлдегi және орыс тiліндегі аудармасымен қамтамасыз етiледi.

2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен алтыншы бөлік өзгертілді (2022 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттік тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде он жағында немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттік тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2008 ж. 21 қарашадағы № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 22-бап жаңа редакцияда 

  • Показать изменения

22-бап. Тіл - байланыс және ақпараттандыру саласында

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының шегінде байланыс саласында мемлекеттік тілдің және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге пошта-телеграф жөнелтілімдері белгіленген халықаралық қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

  • Показать изменения

Ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілерін Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тілде, орыс тілінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде құруға және айналысқа шығаруға міндетті.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді

23-бап. Тiлдi мемлекеттік қорғау

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттік органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды.

  • Показать изменения

Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын және iс қағаздарын жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесінің құжаттарымен қамтамасыз етiледi.

Мемлекеттік тiлдi белгiлi бiр көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес бiлуi қажет кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдардың тiзбесi Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленедi.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен  24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

24-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары не аппараттардың басшылары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

  • Показать изменения

Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, мемлекеттiк тiлдің және басқа да тiлдердің қолданылу салаларында олардың пайдаланылуына кез келген кедергi келтiру, сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

24-1-бап. 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды

24-2-бап. Ономастика саласындағы уәкілетті органның құзыреті

  • Показать изменения

Ономастика саласындағы уәкілетті орган:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) республикалық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) ономастика комиссияларының қызметін үйлестіреді;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1) облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

2-2) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ономастика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді

  • Показать изменения

25-бап. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті

  • Показать изменения

Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган:

2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)


Содержание
1-тарау. Жалпы ережелер2-тарау. Тiл - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында3-тарау. Тіл - білім беру, ғылым, мәдениет және масс-медиа саласында4-тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы есiмдерде, көрнекi ақпаратта5-тарау. Тiлдi құқықтық қорғау6-тарау. Тiлдi шет елдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану