Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы (2020.06.01. берілген өзгерістермен)
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 8-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 5В071500 - Теңіз техникасы және технологиялар (Бакалавриат) мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6М071500 - Теңіз техникасы және технологиялар (Магистратура) мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламалары бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына оның көшірмелерін ресми жариялауға баспа және электронды түрде жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|