|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Қазақстан Республикасының 1995 ж. 21 желтоқсандағы № 2710 Заңы (2024.05.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді
1-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары 1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi 3-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзi 4-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі қағидаттары 2-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi және олардың қызметiн ұйымдастыру 7-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі 8-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi 8-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары 9-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары 10-бап. Әскери қарсы барлау органдары 10-2-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары 11-бап. Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер 3-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретi 12-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi 13-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құқықтары 13-1-бап. Ресми алдын ала ескерту 15-1-бап. Дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолдану шарттары мен шектері 15-3-бап. Арнайы құралдарды қолдану 15-4-бап. Қару қолдану және жауынгерлік техниканы пайдалану 4-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрлары және олардың құқықтық жағдайы 16-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрлар құрамы 17-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері 18-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы 21-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері 22-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлау 5-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер 23-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтамасыз ету 24-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылау жасау 25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiн прокурорлық қадағалау 27-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi 28-бап. Осы Заңды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жауынгерлiк техниканы», «жауынгерлiк техника», «жауынгерлiк техниканың», «жауынгерлік және басқа да техниканы», «жауынгерлік техникасын» деген сөздер тиісінше «әскери техниканы», «әскери техника», «әскери техниканың», «әскери және өзге де техниканы», «әскери техникасын» деген сөздермен ауыстырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік органдары) - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар, олардың қызметінің мақсаттары мыналар болып табылады: 1) жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Қазақстан Республикасының Парламентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыру және үйлестіру, сондай-ақ мемлекет басшылығының саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салалардағы саясатын іске асыруға жәрдемдесу.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды 1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) астыртын әрекет ету - құпия ақпарат көздерін жедел шифрлау және оларға қолжетімділікті жабу арқылы қарсы барлау, барлау күштерін, құралдарын, іс-қимылдарын, жоспарлары мен ниеттерін жасыру, қадағалаудың ерекше тәртібін белгілеу; 2) 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды 3) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл - мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің техникалық арналар бойынша таралып кетуін, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарды қоса алғанда, оларға техникалық құралдармен әдейі әсер етуді болғызбауға бағытталған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызмет; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 4) ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелеріндегі ресми өкілі, оның көмекшілері - ұлттық қауіпсіздік органдарының штатында тұратын және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген қызметкерлер, әскери қызметшілер.
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1; 21.03.02 ж. № 309-II; 2010.27.05 № 279-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 2-бап өзгертiлдi; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.23.04. № 14-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертiлдi 2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi 1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi: 1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу; 2) «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу; 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру; 4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю; 4-1) Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру; 5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, тыю, ашу және тергеу; 6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету; 7) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру; 8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету; 9) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарына осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзге де мiндеттер жүктелуi мүмкiн.
3-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзi Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары; 2) осы Заң; 3) Қазақстан Республикасының осы Заңға қайшы келмейтiн және онымен реттелмеген бөлiгіндегі басқа да нормативтiк құқықтық актілері; 4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары; 6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ереже құрайды.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі қағидаттары Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, құпиялылық, астыртын әрекет ету, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктер қызметiнен тәуелсіз болу қағидаттарына негізделіп құрылады.
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы 1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн жүзеге асырған кезде мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк бередi. 2. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тiкелей көзделген ерекше жағдайларда және тәртiппен ғана шектелуi мүмкiн. 3. Ұлттық қауiпсiздiк органдары заңмен белгiленген шектерде әрбiр азаматқа оның құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын құжаттармен, шешiмдермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, олардың қызметкерлерінің, әскери қызметшiлерінiң және жұмыскерлерінің әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған ұлттық қауiпсiздiк органдарына, прокуратураға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1; 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 6-бап өзгертілді және толықтырылды 6-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының республиканың мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен өзара iс-қимылы және ынтымақтастығы 1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қолбасшылығы ұлттық қауiпсiздiк органдарына оларға жүктелген мiндеттердi шешуде жәрдем жасауға мiндеттi. 2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және үкiметтiк байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.
2-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi және олардың қызметiн ұйымдастыру
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1 Заңымен 7-бап өзгертiлдi; ҚР 09.12.98 ж. № 307-1 Заңымен 7-бап жаңа редакцияда; ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап жаңа редакцияда 7-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның ведомстволары, ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық және өзге де органдары өздері тұрған жерден тыс жерлерде уәкілетті органда есептік тіркелуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құра алады. Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ұлттық қауіпсіздік органдары функцияларының бір бөлігін орындайды.
16.05.97 ж. № 110-1; 09.12.98 ж. № 307-1; 21.03.02 ж. № 309-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi 1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi: 1) оны Республика Президентi құрады, таратады және қайта құрады және ол Республиканың орталық атқарушы органдарының жүйесiне кiрмейдi; 2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарына басшылықты жүзеге асырады; 2-1) ұлттық қауіпсіздік органдарын мүлікпен қамтамасыз етуді жоспарлауды, оны пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастырады; 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарын тiкелей iске асырады; 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін ұйымдастыру жəне оларға жүктелген міндеттерді іске асыру мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, өзiнiң нышандары мен айырым белгiлерi болады. 2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң мәртебесi мен өкiлеттiктерi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ережемен айқындалады. 2-1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандарын, айырым белгiлерi мен ведомстволық наградаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1 Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 8-1-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-1-бап өзгертілді 8-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары 1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары ұлттық қауiпсiздiк органдарына олардың қызметiнiң жекелеген бағыттары бойынша жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн құрылады. 2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарын: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады; 2) директорлар басқарады, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңды тұлғалар болып табылады, оның нақты және шартты атаулары болады.
09.12.98 ж. № 307-1; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстары, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық органдары мен оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдері, бөлімшелері) тиісті аумақтарда ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру үшін құрылады. 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады, олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлері мен мөртабандары, шоттары, негізгі қорлары, әлеуметтік-мәдени және медициналық мақсаттағы объектілері болады. 3. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары оперативтiк қызметтiк жұмысына жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз болады.
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді 10-бап. Әскери қарсы барлау органдары Әскери қарсы барлау органдары: 1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерiнде және әскери құрамаларында ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi шешу үшiн құрылады; 1-1) әскери құралым болып табылады; 2) олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлерi мен мөртабандары болады; 3) жедел-iздестiру қызметiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерiнде және әскери құрамаларының қолбасшылығынан тәуелсiз болады.
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1 Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 10-1-бап өзгертілді 10-1-бап. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды 10-2-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға арналған.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертiлдi 11-бап. Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер терроризм актілерін және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке аса қауiптi қол сұғушылықты тыю үшiн құрылады. Арнаулы мақсаттағы бөлімшелер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін жедел-жауынгерлік және өзге де іс-шараларға қатысады.
3-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретi
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1; 09.12.98 ж. № 307-1; 21.03.02 ж. № 309-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 2009.28.08. № 192-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2010.27.05 № 279-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді 12-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде: 1) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының Парламентiн, Қазақстан Республикасының Үкіметін елдiң қауiпсiздiгiне төнген қауiп туралы хабардар етуге; 2) «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау қызметін жүзеге асыруға; 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға; 4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, аумақтық тұтастығын, бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм мен өзге де қызметтi анықтауға, алдын алуға және тыюға; 5) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға, тыюға, ашуға; 6) Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендiрiлген құрамалардың, басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ шет ел заңды тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды қаржыландыруына жол бермеуге және тыюда мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге; 7) мемлекеттiк органдарда, әскери құралымдарда, бөлiмдер мен ұйымдарда мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ аталған салада олардың қызметiн бақылауға міндетті. Мемлекеттiк және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргiзуге; 8) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн қорғаныс кешенi, атом энергетикасы, көлiк пен байланыс объектiлерiнiң, аймақтардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнiң және өзге де стратегиялық объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға қатысуға; 9) 2010.27.05. № 279-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9-1) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетелдіктермен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуiне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуiне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режимiне қатысты мәселелердi шешуге қатысуға; 11) шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа құзыреттi органдармен бiрлесе отырып шаралар қолдануға; 12) Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауы бойынша басқа мемлекеттік органдармен бiрлесiп шетел мемлекеттерi, үкiметтерi басшыларының және халықаралық ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасында болған кезеңінде олардың, сондай-ақ елдiң аумағында өткiзiлетiн аса маңызды қоғамдық саяси шаралардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысуға; 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 12-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-1) Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға; 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз етуге; 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-1) тармақшаның қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi3-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзi4-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі қағидаттары5-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы6-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының республиканың мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен өзара iс-қимылы және ынтымақтастығы 2-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi және олардың қызметiн ұйымдастыру7-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі8-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi8-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары9-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары10-бап. Әскери қарсы барлау органдары10-1-бап. Алып тасталды10-2-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары11-бап. Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер 3-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретi12-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi13-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құқықтары13-1-бап. Ресми алдын ала ескерту14-бап. Алып тасталды15-бап. Алып тасталды 3-1-тарау. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолдануы15-1-бап. Дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолдану шарттары мен шектері15-2-бап. Дене күшін қолдану15-3-бап. Арнайы құралдарды қолдану15-4-бап. Қару қолдану және жауынгерлік техниканы пайдалану 4-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрлары және олардың құқықтық жағдайы16-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрлар құрамы17-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері18-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы19-бап. Алып тасталды20-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғау шаралары21-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері22-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлау 5-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер |